-ғіш тет.б.) сөзжасамдық қасиеті немесе лекси-
ка-грам м атикалы қ сипаты бар, етістік түбірінің
ф ам матикалы қ сипатына (2-жақ жекеше бұйрық
рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктелмеуі,
сол тұлғасында қолданыла алмауы) сай келеді,
үшіншіден, негізгі етістік пен модаль сөздің комекші
мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза фаммати-
калы қ категория емес, лексика-грамматикалық
құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс. Өйткені соң-
ғы үлгінің таза морфологиялық сипатынан гөрі
семантикалық-мағыналық, синтаксистік-қатынас-
ты қ, қызметтік мәні басым болып отырады және
ол модаль сөздердің көпшілігі осы мәнде - қыз-
метте есім сөздермен тіркесіп келіп те сөйлемді
аяқтап, предикат қызметін атқарып, ойдың мо-
дальды ғын да білдіріп тұрады. Сондықтан кейде
модальдылықты екі түрге бөліп, рай арқылы мо-
дальдылықтың берілуі объективті модальдылық
деп, арнаулы жеке сөздер арқылы берілуі субъек-
тивті модальдылық деп те көрсетіліп жүр.
Негізінен алғанда, рай категориясының ашық
рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты
төрт түрі көрсетіліп жүр.
Ашық рай - қимыл, іс-әрекет үш ш ақтың
(осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін
рай түрі. Демек, аш ық райдың басты семантика-
ЕТІСТІК
513
лы қ ерекшелігі - қимыл, іс-әрекеттің объективті
ш ы нды ққа қатысты болу-болмауының сөйлеп
тұрған сәтпен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін,
отіп жатқаны н, әлі өтпегенін, бірақ өтетін сипа-
тын білдіру, сөйтіп, аш ы қ рай, бір ж ағы нан,
етістіктің рай категориясы ны ң бір түрі болса,
екінші жағынан, бір өзі етістіктің ш ақ категория-
сын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа
түрлерінен айы рм аш ы лы ғы тікелей аш ы қ рай
ж асайтын арнайы қосымш алары ж оқ болып ке-
леді. Д ем ек, ш ақ категориясы дегеніміз, екінші
ж ағы нан, аш ы қ рай екен де, енді оны ң (аш ы қ
райдың) сипаты шақ категориясы мен оның түрлері
шеңберінде қарастырылады.
Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе
тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қара-
тылып, бұйрық, сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа)
байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет
мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқы-
лы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық
райдың басты мәні - бұйрықтық мағына. Бұйрық-
тық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланыс-
ты болып отырады: Тыңда, дала, Жамбылды (Жам-
был). Ғылым таппай мақтанба (Абай). Енді сен
Поделитесь с Вашими друзьями: |