Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет815/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   811   812   813   814   815   816   817   818   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
500

МОРФОЛОГИЯ

сыз етістік,  сабақты және салт етістіктер,  етістер) 

және грамматикалық категориялар (рай, шақ) деп 

екі топқа боледі.  И.М аманов етістік атаулыны  ең 

алдымен негізгі етістік және функциялық етістік 

деп  екіге  бөліп,  одан  кейін негізгі етістіктің өзін 



түбір етістіктер ж әне модификациялы етістік- 

т ердрп бөліп,  “түбір етістіктерге сөздің лексика- 

л ы қ м ағы насы н білдіретін бөлігі жатса,  модифи- 

кациялы  етістіктерге белгілі қосымш алар немесе 

көм екш і  етістіктер  арқылы  үстеме  грамматика- 

л ы қ м ағы на білдіретін  етістік ф ормалары н” жат- 

қызады, яғн и  модификациялы етістікке етістіктің 

салт және сабақты етіс, күшейтпелі етістік, күрделі 

етістік, сыпат,  болымсыздық етістік категорияла- 

ры  енеді  де,  олар  мынадай  тәртіппен  сатылап 

бөлінеді:  “ Бірінші орында түбір етістіктер, екінші 

орында модификациялы етістіктер, үшінші орында 

функциялық етістіктер тұлғалары, тортінші орын- 

да рай,  ш ақ категориялары” .

Автор функциялық етістік тұлғаларына жіктік 

және тәуелдік жалғаулары арқылы ж аққа бөлініп 

жіктелетін тұйы қ етістік,  көсемше, есімше, шарт- 

ты рай түрлерін жатқызады.  Бірақ автордың “Осы 

ф ун кциялы қ етістіктердің жіктелуі арқы лы  етіс- 

тіктердің рай,  ш ақ формалары  пайда болады ” ,  - 

деген пікірлерімен келісуге болмайды, ойткені рай, 

ш ақ  м ағы н ал ар ы   етістіктің  ж іктелу  тұлғасы  

(жіктік  ж алғаулары )  емес,  одан  бөлек  арнайы 

грамматикалық формалары, яғн и  олардың грам- 

матикалық мәні есімше,  көсемше формалары ар- 

қылы беріледі, ал жіктелу - ж ақ категориясының 

көрсеткіш і.  Етістік  түбірге  бірінш і  болып  етіс 

тұлғалары және  күрделі етістіктер, екінші орын- 

да  қим ы лды ң  өту сипатын  білдіретін  категория 

тұлғасы,  үшінші орында модаль категориясының 

корсеткіш тері,  төртінш і  орында  рай  тұлғалары 

тұрады, жіктікжалғаулары, көсемше, есімше және 

тұйы қ етістік корсеткіштері - етістікті аяқтайтын 

формалар.  Бұдан етістікгің грамматикалық тұлға- 

лары өздері білдіретін мағы налы қ ерекшеліктері 

ж ағы н ан   да,  сөзге  ж алғану  тәртібі  ж ағы н ан   да 

бірдей  емес  екенін,  оларды  бір  қатарға  қойы п 

қарауға болмайтынын байқаймыз.  Бұл - бір.  Екін- 

шіден, осымен байланысты, жалпы  грамматика- 

л ы қ  категория  деген  ұғымды  және  етістік  сөз 

табы на  байланы сты  оны ң  шегін  айқы ндап  алу 

қажет.  Ө йткені  әр  зерттеуші  бұл  ұғымдарды 

өзінше түсінеді.  Грамматикалық категорияның сөз 

таптары дегеннен бастап  (сөз таптары  категория- 

сы, есімдер категориясы,  етістік категориясы,  зат 

есім  категориясы, сын есім  категориясы, сан есім 

категориясы, жалғау, жұрнақ категориялары т.б.)

жалғаулар  мен  сөз тудыратын  және  сөз түрлен- 

діретін  категорияға дейін бөлініп жіктелуі  - осы- 

ның  көрінісі.  Бұдан  грамматикалық  категория 

деген  ұғы м ны ң мәні  мен озіндік сипаты айқы н- 

далмай,  оны ң  ш екарасы  бөлінбей,  басқа  ұғы м - 

дармен араласып  кетіп отыр. Тіпті  кейде бір ғана 

тұлға  бірнеш е  грам м ати калы қ  категорияны ң 

көрсеткіші болып, әр түрлі грамматикалық кате- 

гория деп аталу қаупі байқалады.  Мысалы:  есім- 

шенің -ған,  -ген,  -қан,  -кен тұлғасы, бұл тұрғы - 

дан  келгенде,  бірінш іден,  есімш е  категориясы, 

екіншіден, қосымшалар категориясы, үшіншіден, 

ж ұрнақ категориясы, төртіншіден,  соз түрленді- 

ретін  категория,  бесінш іден,  ш ақ  немесе  өткен 

ш ақ категориясы т.б.  сияқты  танылуға тиіс.

Тіл білімінің қол жеткен соңғы  жетістіктері- 

не сүйенсек,  грамматикалық категорияның  мәні 

мынадай  сипаттары  арқы лы   айқындалады.  Ол 

әрине,  бірден грамматикалық мағына ұғымымен 

тікелей байланысты.  Бірақ грамматикалық кате- 

гория деп тану үш ін,  ең алдымен,  бір ғана грам- 

м атикалық м ағы н ан ы ң  болуы жеткіліксіз. Я ғн и  

бірнеше (кем дегенде екі)  грамматикалық м ағы - 

на  болуы  керек.  Екінш іден,  ол  грамматикалық 

м ағы налар бір деңгейдегі  мәндес,  ы ңғайлас си- 

патта болуы керек. Айталық, откен ш ақтық және 

айтушы  (бірінші) ж ақты қ немесе қимылдың бо- 

лымсыздық мәнін білдіретін  мағыналар бір дең- 

гейдегі ыңғайлас сипагга емес.  Олардың бір грам- 

м атикалы қ  категория  құрауы  жайында  әңгіме 

болуы  мүмкін де  емес.  Я ғн и  олар бір граммати- 

к а л ы қ   к а т е г о р и я   ш е ң б е р ін е   ене  ал м ай д ы . 

Ү ш інш іден,  ол  грам м атикалы қ  м ағы налар  өз 

ішінен  бір-бірінен  ажыратыла  алатын  қайш ы  

мәнді сипатта болуы  қажет. Төртіншіден,  солар- 

дың  бәріне л ай ы қ тұлғалы қ  немесе  парадигма- 

лық берілу ерекшеліктері,  грамматикалық көрсет- 

кіштері болуға тиіс.  Бесіншіден, сол грамматика- 

лы қ м ағы наны ң әрқайсы сы  белгілі грамматика- 

лы қ амал-тәсілдер, тұлғалар арқылы беріліп оты- 

руы керек. Алтыншыдан, осындай қасиетгер белііяі 

бір топтағы сөздердің фамматикалық немесе лек- 

сика-фамматикалық (семантикалық-фамматика- 

лы қ)  сипаты н  айқы ндай  алатын  м ағы налы қ, 

тұлғалық белгісі болуға тиіс.  Міне, осындай ф ам - 

матикалық м ағы налар ж иы нты ғы   мен  олардың 

грамматикалық  амал-тәсілдері  я  парадигмалық 

тұлғалар  (формалар)  арқылы  беріліп,  бірлікте 

тұруын  ф ам м атикалы қ категория деп тануға бо- 

лады.  Сондықтан осындай фамматикалық сипат- 

тары бір фамматикалық, лексика-фамматикалық 

категориялар  мен  белгілі  сөз  табының  ерекше




ЕТІСТІК

501

м ағы налы қ-тұлғалы қ,  құрам ды қ  түрлері  және 

мағыналық топтары деген ұғымдарды бір-бірімен 

шатастыруға болмайды.

М ысалы,  сын  есім нің сапалы қ және  қаты с- 

ты қ  болып  бөлінуі  -сы н   есімнің  м ағы н алы қ  - 

құрам ды қ  түрлері  деп  таны лады .  Есімдіктің 

жіктеу,  сілтеу,  сұрау, топтау,  белгісіздік,  болым- 

сыздық, өздік есімдіктер болып бөлінуі есімдіктің 

мағы налы қ топтары деп аталады.  Бұндай топтар 

түрленбейтін,  грамматикалық ж ағы нан өзгеріске 

түспейтін  сөз табы  -үстеуде де  бар.  Бірақ  бұлар 

грамматикалық  категория  болып  табылмайды. 

Демек,  м орф ологиялы қ  тұлғадан  сөз  табыны ң 

грам м атикалы қ  категориясы   оны ң  оз  іш інде 

белгілі топ құрай алатын  грамматикалық м ағы - 

налар ж иы н ты ғы на ж әне  соған  сәйкес  түрлену 

жүйесімен, парадигмалық сипатымен тікелей бай- 

ланысты.  Бірақ түбір  білдіретін  жалпы  грамма- 

тикалы қ м ағы наға тигізер әсері ж ағы нан,  пара- 

дигмалық түрлену тұлғалары арқылы берілуі жа- 

ғынан грамматикалық категориялар біркелкі емес. 

Бірде грамматикалық мағыналар жүйесі түбірдің 

ж алпы  грам м ати калы қ  сем антикасы   арқы лы  

корініп,  жүзеге  асып  отырады.  Әрине,  ол  грам- 

матикалық семантиканы (мағынаны) лексикалық 

м ағы надан  ажырата  білу  керек.  М ысалы,  зат 

есімнің жалпы  грамматикалық мағынасы ж ағы - 

нан  ж алқы  ж әне  жалпы  болып  бөлінуі  немесе 

адамға  байланы сты  (кімдік)  зат  және  адамнан 

басқаға  байланы сты  (нелік)  зат  болып  бөлінуі 

сөздердің тек лексика-грамматикалық семантика- 

сына байланысты, ондай мағы на грамматикалық 

тұлғалар,  түрлену  жүйесі  арқылы  берілмейді. 

Осындай  ерекш еліктер  ж оғары да  көрсетілген 

етістіктің салтты лы қ-сабақты лы қ  қасиетінен де 

аны қ көрінеді.

-г 


Етісиктің ф ам матикалы қ категорияларының 

жіктелуінде (топталуында)  мынадай елеулі ерек- 

шеліктер бар.  Бірінш іден,  ол  -  етістік түбірінің, 

бір ж ағынан,  ф ам м атикалы қ сипатын өзгертпей, 

екінші жағынан, түбірдің семантикасына (мағы- 

насына) аз да болса өзгеріс енгізіп, басқаша ф ам - 

матикалық  м ағы на  немесе  жаңа  мән  үстейтін 

тұлғалар.  Олар,  әдетте,  етістіктің басқа тұлғала- 

рынан түбірге бұрын жалғанады.  И.М амановтың 

оларды модификациялы етістік деп ерекше бөлуі 

тегін  емес.  Бірақ оны таза ф ам м атикалы қ мағы - 

намен  сыбайластыру,  сөйтіп,  “етіс,  күшейтпелі 

етістік,  күрделі етістік негіздері түбір етістіктер- 

ге,  таза  грамматикалық  м ағы на  үстейтін  моди- 

ф икациялы   ф ормалар  болып  табылады” ,  -  деп 

түбір  м ағы насы на  тигізетін  кейбір  өзгерістерді

ескермеу олардың сипатын аш уға көмектесе ал- 

майды.  С онды қтан  етістік  тұлғалары ны ң  бұл 

түріне лексика-семантикалық та,  ф ам матикалы қ 

сипат  та  тән.  О ларға  салтты лы қ-сабақты лы қ 

етістік категориясы, етіс категориясы, күшейтпелі 

етістік категориясы, болымсыз етістік категория- 

сы жатады.

Бұл  категорияның бір түрінде тұрған етістік 

тұлғасы ны ң түбір етістіктен  ф ам м ати калы қ си- 

паты ж ағы нан  өзгешелігі,  айы рм аш ы лы ғы  бол- 

майды:  1)  бұйры қ райдың  2-ж ақ  анайы түрімен 

сәйкес,  ұқсас келеді, яғн и  омоформалық сипатта 

болады; 2) сол күйінде қолданылмайды, яғн и  тіке- 

лей басқа сөздермен синтаксистік қары м -қаты - 

насқа түсе алмайды;  3) тікелей жіктелмейді; тек 

рай,  ш ақ  (есімше,  көсемш е)  тұлғалары н  үстеп 

барып  қана жіктеле алады.  Қалып  етістіктерінің 


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   811   812   813   814   815   816   817   818   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет