қандай? сөздері - сын есім сияқты , қалай? қай-
да? қайдан? қашан? сөздері - үстеулер сияқты ,
қанша? неше? нешінші? қаншасы сөздері сан есім-
дер сияқты морфологиялық түрлену формаларын
қабылдап, синтаксистік қызметтері де сол сөз тап-
тарымен бірдей болып келеді.
М ысалы: - Жоқ, білгем жоқ. К ім деген екен?
- Қасен деген жігіт дейді (Аймауытов).
- Иә, ол қандай аурудан қайтыс болдъР.
- Көкірек ауруынан (Исабеков).
- Жастардан қанша кісі барасыздар?
- Отыз-қырық болар (Аймауытов).
- Жамал қайда кет кені - деп шүбэланып
сұрай бастады. Ш олпан да һеш нәрсе білмегенсіп:
- Ж амалж ан тысқа шыққан шығар. (Дула-
тов).
Демек, сұрау есімдіктерінің өзге есімдік сөздер
тобы нан бөліп алатындай іштей грамматикалық
бірлігі болмайды. Белгілі бір формалар не қы з-
меттер арқылы бастары бірікпейтін сөздер болып
саналады. Яғни, сұрау есімдіктерінің басын қосып
біріктіріп тұратын негізгі белгі - олардың сұрау-
л ы қ мәнде қолданылуы.
С өйлемнің жалпы м ағы налы қ ерекшелігіне
ж әне қолданылу өзгеш елігіне қарай сұрау есім-
діктері кейде өзінің негізгі сұраулық мағынасын
бермейді. Я ғни заттар мен құбылыстар амал, ме-
кен, мезгіл т.б. ұғымдар дәрежесінде қолданыла-
ды. Ондайда бұл есімдіктерге жауап болатын
сөзд ер қаж ет етіл м ей д і де, ол жауап сұрау
есімдігінің өз бойынан жалпылама түрде сезілетін
заттық және белгілік, мекендік не мезгілдік, экс-
прессивтік т.б. м ағы налары арқылы беріледі.
Кім көрінгені би болып, малымызды талап
ала берді (Аймауытов). Не дерімді білмедім (Сон-
да). Қазақтың дін істері қай жөнді, қай тэртіпті
болу ж ағынан толық м а ғлұ м а т берерге барады
(Байтұрсы нов). Тұратын үйлері қандай! (Аймау-
ытов).
Е сім д ік тердің м ұндай түр л ер і құр м алас
сөйлемдер жүйесінде, әсіресе, шартты бағының-
қы лы құрмалас сөйлемдердің жасалу жүйесінде
жиі кездеседі. Қай жерде тазалық аз болса, сол
жерде ауру құрты көп болмақ (Байтұрсынов).
Жалпы адамзат өсіп-өну тарихында не істесе, бір
адам да өсіп-өну тарихында соны істейді (Ж ұма-
баев).
Сұрау есімдіктерінің түрлену жүйесі мына-
дай болады.
Тәуелдік жалғаулары сұрау есімдіктерінің
бәріне бірдей жалғанбайды. М әселен,қай? қашан?
Поделитесь с Вашими друзьями: |