Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет762/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   758   759   760   761   762   763   764   765   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
480

МОРФОЛОГИЯ

5.6.  А Р И Ф М Е Т И К А Л Ы Қ   А М АЛДАРДЫ Ң   Т ІР К Е С У  

Ж О Л Д А Р Ы

Қазіргі  қазақ тілінде  ариф м етикалы қ  амал- 

дарды жүргізу үшін белгілі бір формаларда тұру- 

ды  қажет  ететін  тіркестерді  қолдану  қалы птас- 

қан.  М атематикада амалдың торт түрі қолданы- 

лады.  Олар:  қосу,  алу,  көбейту,  бөлу.

1.  Қосу ам ал ы .  Бұл табыс септігі  мен жатыс 

септігінің  ж алғаулары  арқы лы   жасалады.  Екі 



жүзді екі жүзге косу; Жүзге екі жүзді косу керек.

2.  Алу  ам ал ы .  Ш ы ғы с  септігі  мен  табыс 

септігі арқылы жасалады (орындары ауысып  қол- 

даны ла  береді)  Бес жүзден  екі жүз  елуді алу не- 



месе екі жүз елуді бес жүзден  алу.

3.  Көбейту  ам ал ы .  Бұл  қосу  амалы ндағы  

формалар арқылы жасалады. Бесті беске көбейту 

немесе беске бесті көбейту.

4.  Болу ам алы .  Бұл табыс септігі  мен  барыс 

септігі  арқы лы   жасалады.  Жиырманы  онға  бөлу 

(орындары ауыспайды).

6.  Е  С  I  М   Д   I  К

6.1.  Е С ІМ Д ІК Т Е Р   ТУРА ЛЫ   Ж А Л П Ы   СИПАТТАМ А

Сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп 

қалы птасқан  негізгі  үш  принціпіне  сай,  қазақ 

тіліндегі  есімдіктер  де  лексика-сем ан ти калы қ 

сипаты,  морфологиялық ерекшелікгері және син- 

таксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес 

сөз табы болып болінеді.

6.1.1. Л ексика-семантикалық сипаты

Есімдіктерді дербес  сөз табы деп тануда  не- 

гізінен лексика-сем антикалы қ принцип  басш ы- 

лы ққ а алынады.  Өйткені есімдіктердің м ағы н а- 

лары  өзге  соз таптары ны ң  м ағы налары н а қара- 

ғанда коптеген озіндік ерекшеліктерімен оқш ау- 

ланып,  айры қш а козге түсіп тұратын  мағы налар 

болып  келеді.  Б ірақ  есімдіктерді  жеке  соз  табы 

деп танудың  негізгі  принципі олардың лексика- 

сем ан ти к ал ы қ   белгісі  дегенде,  есім діктердің 

өзіндік кейбір грамматикалық ерекшелікгерін сырт 

қалдыруға болмайды.

Есімдіктер  -  м ағы насы   тым  жалпы  создер. 

Есімдік создер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрған- 

да немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен озіне 

қатысты  басқа  создер және  оқиғалардан  белек 

алы нғанда,  мағы налары   қаш ан д а д ә л   нақтылы 

болып  келмей,  өте жалпылама қалыпта  кездесіп

отырады.  М әселен: м ен,  сен,  сол,  кім ?,  не?,  озі, 

бәрі,  біреу,  ештеңе сияқты  есімдік сөздердің ма- 

ғы насы на көңіл  бөлейік.  Бұл  сөздерде дәл осы- 

лай жеке-дара тұрғанда  ешбір мағыналық дәлдік, 

м ағы н алы қ  нақты лы қ  жоқ.  М ен  деген  есімдік 

түптеп  келгенде  - “ 1  ж ақ  -  сойлеуші” ,  сендеген 

есімдік  “2  ж ақ  -  тыңдауш ы” ,  к ім ?,  біреу  -  де- 

гендер әйтеуір  “адам ” ,ештеңе  - әйтеуір бір “зат” 

т.б. сияқты жалпылама берілетін ұғымдарды  ғана 

корсете алады. Бұлардыңтүп негізінде  “сойлеуші” , 

“ты ңдауш ы ” ,  “адам ” ,  “ зат”  т.б.  сияқты   заттық 

ұғымдар аң ғары лған ы м ен ,  олар  нақтылы түрде 

ай қы н ,  ан ы қ болып  берілмейді,  өте жалпылама 

қалыпта  ұғы ны латы н  м ағы налар есебінде  бері- 

леді.


М ен  өлсем  де  -  өлемін  жөнімменен

Тәннен басқа немді алар өлім менен (Байтұр- 

сынов).


Біз қазақ тіліндегі сөздің бэрін білгеніміз қазақ 

тілін  қолдана  білу  болып  табылмайды (Байтұр- 

сы нов). М ен үшін сондай достың бірісенсің (Иса- 

беков).  Ол  тірі пендеге зәбірі жоқ  “қүдай ” деген 

қоңыр адам (Аймауытов) деген сойлемдердегі ес- 

імдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақ- 

ты емес.

Есімдіктердің м ұнш алы қ тым жалпы м ағы - 

нада  қолданылуын,  әрине,  олардың  реальдық 

нақты лы қтан  қан ш алы қ  алш ақтап,  қанш алы қ 

абстракциялану дәрежесіне жету шегінің көрінісі 

деп  ұғы нған жон.

А бстракцияланудың  тым  ж оғары   дәрежеде 

болуымен  ты ғы з  байланысты  бұл  мағы налы қ 

жалпылық барлық есімдіктерге бірдей тән  қасиет 

болып  саналады.  Есімдіктердің  жалпылама  ма- 

ғыналары белгілі бір сойлемдерде, контексте қол- 

дану ретіне қарай және сез  тіркестері мен сойлем- 

дерде  берілген  ойды ң  жүйесіне  қарай  әр  қилы 

нақтылы мағы наларға ие болып отырады.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   758   759   760   761   762   763   764   765   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет