Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет751/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   747   748   749   750   751   752   753   754   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
Мыңды алған,  бірді беріп Ақтабанды  (Махамбет). 

Секідді тұрпаттары сайы пқы ран,  С арқы лы п  өз- 

ара ш ы ққан жүзден, мыңнан (Омаров).

Күрделі  етістік  құрам ы нда  келіп  немесе 

сөйлем аяғы нда келіп жіктеліп,  баяндауыш  қыз- 

метін  атқарады.  Бір  көруге  ғаш ы ғы н дай ,  Сені 

түнде  жоқтады-ай!  (М әуленов).  Қ ұнанбайды ң 

қара  жал  бурыл  аты  дәмелі  бәйге  аттың  бірі еді 

(Әуезов).  Олар жүз сексен,  біз жүз жиырмамыз 

(Макаренко). Бір жасап, екі жасап Әзім өсті, Онан 

соң медресеге барып түсті  (Торайғыров).

Сан есім жатыс септікте тұрып, сөйлем аяғын- 

да баяндауыш  болады. Жасым  биыл жиырма ал- 

тыда (М омыш ұлы).  М ұраттың жасы  биыл отыз 

екіде (Ахтанов).

Осылармен бірге есептік сан есімдері төмен- 

дегідей тұрақты тіркестер құрамында  кездеседі:

Б ІР  саны:  бір жасап  қалу,  бір  киер,  бір қай- 

науы  ішінде,  бірқыдыру жер,  бір сабақ жіп  бер- 

меу, бір сөзді, бір сырлы, сегіз қырлы, бір шөкім, 

бір  қайнаты м уақыт т.б.

ЕКІ саны: екі асығыс, бір қарбалас, екі дүние- 

де,  екі  жарты  бір  бүтін,  екі  жеп  биге  ш ығу,  екі 

жүзді,  екі  арада шыбын  өлу,  екі  иы ғы н а екі  кісі 

мінгендей,  екі  иы ғы нан дем  алу,  екі  кеме басын 

ұстау,  екі  көзі  бұлаудай,  екі  көзі тертеу болу,  екі 

қолға бір күрек, екі ойлы, екі ұшты,  екі еткізбеу, 

екі  ш оқы п  бір  қарау т.б.

ҮШ   саны:  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмау, 

үш  ұйықтаса  түсіне  кірмеу  т.б.  С ы зды қ  Қоқан 

хандығын қорғап  шығатыны оның тіптіүш үйык- 

таса түсіне кірмейтін (Есенберлин).

ТӨРТ  саны:  төрт  арыстың  баласы,  төрт  аяғы 

тең жорға, төрт түлік мал, төрт құбыласы сай, төрт 

көзі түгел,  төрт тағандау т.б.  Төбе  би  болмасаң да, 



торт арыстың төбе биін сен сайлап бердің (Әуезов).

БЕС   саны:  бесаспап  адам,  бес  бересі,  алты 

аласы жоқ,  бессайыс,  бесенеден белгілі, бес сау-

сақтай білу т.б. Тілеуберген - ш ынындада,  өнерді 

меңгерген бесаспап жігіт (Сәрсенбаев).

АЛТЫ  саны:  алты  қырдың асты,  алтыбақан 

т.б.  Алты  кырдың  астынан  ән  ш ырқасам,  Дау- 

сым отарбадан кейін емес (Біржан сал).

Ж Е Т І  саны:  жеті  қабат  жер  асты,  жеті  ата, 

жеті күн, жеті түн, жетісін беру, жерден жеті қоян 

тапқандай т.б.  Б ұларжеті түнде үркіп, қиқулап, 

ұшқан қаздардай болып, өзекке қарай құлай шап- 

ты  (Әуезов).

тоғыз 


саны: тоғы з жолдың торабы,  тоғы з 

қабат торқа,  бір тоғы з, тоғы з құмалақ т.б.  Тоғыз 



жолдың торабы Ташкентке  кімдер келіп,  кімдер 

кетпеген  (“ Қ аз.әйелд.” журн.).

отыз 

саны: отыз күн ойын,  қы рық күн той- 



ын  қылу,  отыз  тістен  ш ы ққан  сөз  отыз  рулы 

елге тарар т.б.  Отыз күн ойын,  кырык күн тойын 

қылып,  қы зы қ думанға кенеліпті (“Әлем халық- 

тарының ертегілері”).

Қ Ы Р Ы Қ  саны:  Қырықтың бірі қызыр, қысқа 

күнде  қы ры қ  шабу,  қы рқы н  беру,  қы ры қ  күн 

т.б.  Мысалы:  Егер  Кене шын  қазақ елінің қамын 

ойласа,  маңайындағы  қазақ руларынкырык күнде 



кырык рет  шауып  неге  маза  бермейді?  (М ұқа- 

нов).


Есептік сан есім  әзге сөз таптарынан жасал- 

майды. Тілдің тарихи даму процесінде есептік сан 

есімдер арқы лы   сөзж асам ны ң әр түрлі тэсілдері 

арқылы жаңа сөздер жасалған.

Есептік сан есімдердің ішінде лексика-семан- 

тикалық  және  грамматикалық  жағынан  бір  сан 

есімінің қолданылу, стильдік ерекшелігі сан алуан.

Бір сан  есімі,  ең  алдымен,  есептік  сан  есімі 

ретінде заттың санын, мөлшерін білдіреді. Жарас 

деген  м олданы ңбір  ұл, бір қызы  бар екен  (Дула- 

тов).  И гілік  еш кімді  бір  адым  ж ақы н датқан  да, 

алыстатқан  да  ж оқ  (М үсірепов).  Нені  сүйдім, 

дүниеде неден  күйдім,  Қазысы оның  -  арым  мен 

бір-ақ құдай!  (Абай).  -  М іне,  саған сы йлы қ деп,

-  бір әдемі  бәкі, бір  қаламсап және бір  кітап берді 

(Алтынсарин) деген сейлемдердегі бір сөзі үл, кыз, 



адым,  күдай,  каламсап,  кітап деген зат есімдерді 

сан ж ағы нан  анықтайды.

Осы  тура  м ағы насы   негізінде  бір  сан  есімі 

тілде қолданылу ерекшеліктеріне  қарай басқа да 

ауыспалы  лексикалы қ мағыналарды білдіре ала- 

ды  және  әр  түрлі  қосымш алардың  ж алғану,  бір 

сан есімнің қосарлануы, сөздермен бірігіп қолда- 

нылуы арқылы жаңа создер жасай алады. Бір сан 

есімінің  сан  түрлі  м ағы насы  контекст  арқылы 

ажыратылады.

Бір сан есімінің басты ерекшеліктері:




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   747   748   749   750   751   752   753   754   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет