472
МОРФОЛОГИЯ
күрделі анықтауыш, т к ү н , жылы сөздері сан есім-
дерге тіркесіп қаш ані сұрағына жауап беріп, пы-
сықтауыш қызметін атқара алады. Алыстан алты
жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал келіп сәлем
берер (М ақал). Он алты жасар Б ақты ғұл он ж а-
сар осы Тектіғұлды біресе жетектеп, біресе арқа-
лап, н ағаш ы деген ел болмы сқа зорға жетіп еді
(Әуезов). Е кірет ас құйылмаса... (Әуезов). Осы-
дан 2-3 жыл бұры н есірік інісі Ерібай оттың ба-
сын сипап қалды (Сәрсенбаев). Хан сөзіне сен-
генім, он күн мұрсат бергенім (Махамбет).
Сан есім сағат сөзімен тіркесе келіп, екі
ж ақты қы зм ет атқарады. Бірінш іден, сан есім
сағат сөзінің алдында келіп, оны аны қтап, қан-
ша? деген сұраққа жауап береді де, күрделі аны қ-
тауы ш болады . А й н а л д ы р ға н 23 сағат т ы ң
ішінде... (М омышұлы). Екіншіден, сағат сөзінен
кейін қолданы лы п, қаш ані деген сұраққа жауап
беріп, уақыт, мезгіл м ағы насы н білдіреді. Ертең
таңертең сағат сегізде барлы қтары ңы з сақадай
сай тұрыңыздар (Ж ұмаділов) деген сөйлемде са-
ғат сегізде тіркесі - мезгіл пысы қтауыш қы з-
метін атқарып тұр.
5.3. САН Е С ІМ Н ІҢ М А ҒЫ Н А Л Ы Қ Т О П Т А РЫ
Сан есімдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай
бір тобы зат есіммен тіркесіп, оны анықтап, есебін,
ретін, м өлш ерін білдірсе, біразы ж и н ақты лы қ
ұғымды, бөлш ектік үлесті, шамалық, болжалдық
мағыналарды білдіреді. Осындай мағыналық ерек-
шеліктеріне қарай сан есім алты топқа бөлінеді.
Олар: есептік сан есім, реттік сан есім, ж инақ-
тық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан
есім және бөлшектік сан есім.
Поделитесь с Вашими друзьями: |