Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет745/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   741   742   743   744   745   746   747   748   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
МОРФОЛОГИЯ

(Есенж анов). Жақсыдан ш арапат, ж аманнан ке- 

сапат  (М ақал).  Осы  сегіз  үй  ішіндегі  ең  бүтіні 

және  үлкендеуі  -  ортада  тұрған   ж алпақтау  бес 

қанат үй  (Әуезов).  Бұл  мысалдардағы затганған 

сын есімдердің қасына анықталушы сөздерді қой- 

ған ж ағдайда,  қайтадан  сы нды қ сипатқа  ие  бо- 

лы п,  аны қтауы ш ты қ  қы змет атқара алады.  М ы- 

салдардағы тымақтылар, қараның, жақсыдан, жа- 

маннан, бүтіні, үлкендеуі секідді сын есімдер тұрған 

ор н ы н а,  м а ғы н а л ы қ   ерекш ел ігін е  қарай  зат 

есімнің орнына қолданылып, зат есімге жалғана- 

тын  көптік,  септік  ж алғаулары н  қабылдап  тұр: 



тымақты адамдар, қара халықтың, жақсы адам- 

нан,  жаман адамнан, бүтін үйі,  үлкендеу үйі.

Ол  сы н  есімдердің заттану процесі біркелкі 

емес, кейбір сын есімдер бүтіндей заттанып біржо- 

ла субстантивтеніп кетеді.  Олар: жас,  бала,  ауру, 



жүдеу,  бай, кедей т.б.

Бұлар заттық мағынада қолданылуымен бірге 

кейбір тіркестердің құрамында ғана сапалық, сын- 

ды қ  м ағы нада кездеседі.  Көп іш інен салпы  ерін 



бала жігіт ш ы қты   (М үсірепов).  Талдан таяқ жас 

бала таянбайды , Бала бүркіт түлкіден аянбайды 

(Х алы қәні).  Қартайдық,  қайғы  ойладық,  ұлғай- 

ды  арман,  Ш ош им ы н  кейінгі  жас  балалардан 

(Абай).  Қ азақ  ауыз  әдебиетінің  бір  бай  жері  - 

Көкшетау (М ұқанов). Жас ұландар әңгіме баста- 

ды  (Жароков).

Ж оғарыда аталған сын есімдердің әрі затгық, 

әрі  сы нды қ  м ағы на  білдіруінің  негізгі  себебі  о 

бастағы  зат  есімнің  атрибутивті  қолданылумен 

байланысты.  Мұндай қолданылыс тілде анықтау- 

ыш деп аталатын синтаксистік қызметгегі сөйлем 

мүшесін қалыптастырған, ал бұл синтаксистік қаты- 

настың тұрақтануы тілдің морфологиялық құры- 

лымында сын есімнің дербес грамматикалық топ 

ретінде қалыптасуына негіз қалады.  Қазіргі қазақ 

тіліндегі  жас,  бала,  кедей,  бай,  ауру,  жүдеу т.б. 

сөздерінің атрибутивтік мәнде орнығуы - осы син- 

таксистік қолданыстың нәтижесі.

Бұлар көбіне заттық мағынада қолданылады. 

Сонымен, сын есімдердің заттану процесі бірдей 

емес.  О сы ған  байланысты  сын  есімдердің  көбі 

уақытша,  кейбіреулері толық субстантивтенеді.

4.6.  А Д Ъ ЕК ТИ В ТЕН У   АМАЛЫ

Адъективтену  -  басқа  сөз  таптары ны ң  сын 

есімге ауысуын білдіретін конверсиялық процесс.

Қ азақ тілінде сын  есімнің өз алдына дербес 

ф ам м атикалы қ топ болып  қалыптасуына адъек- 

тивтену  процесінің  атқарған  рөлі  зор.  Себебі,

негізгі сын  есімдердің барлығы о баста басқа сөз 

таптары нан  ауысып атрибутивтік мәнде  қалы п- 

тасқан  сөздер  болып  табылады.  Қ азақ  тіліндегі 

сын есімдер тобындағы ауру, жамау, жүдеу, кебу, 

ақсақ, сасық,  жасық,  қайнар (бұлак),ж анар (тау), 

қашаған, сүзеген, қабаған, тебеген, өңкиген, дүңки- 

ген,  өзге,  басқа,  ұш қалақ, ұшқыр т.б.  сөздер есім 

мен  етістік  тобы ндағы  сөздерден  ауысып,  сын 

есімдерге айналған.

Қазіргі  қазақ тілінде ақ,  қара, көк,  бай,  кедей, 



жас, жарық, тең сын есімдері атрибутивтік мәнде 

орнығуы - осы синтаксистік қолданыс нәтижесі. 

Бұлар  әрі  сы нды қ,  әрі  заттық  м ағы нада  қолда- 

нылады.


Қызыл, жасыл,  сары, ұзын, жүдеу,  үлкен, кіші 

т.б.  сын есімге етістіктен ауысқан.  Анықтауыш - 

ты қ қызметте жиі жұмсалып, ол қолданыс эбден 

тұрақталып адъективтенген.  Бұл  -  сын есімдерді 

жасаудың өзге тәсілдеріне қараған да онш а бел- 

сенді емес.

Сы н есімдердің м ағы насы   мен грамматика- 

лы қ ерекшелігіне қарай түпкілікті және уақытша 

адъективтенген болып бөлінеді.

Алаңғасар,  шалажансар,  біртоға,  жалаңаш, 

жарымжан, кішіпейіл, көнетоз, көнтерлі, төртпақ, 

қашаған, ауру, тас бауыр, ұр да жық т.б. сын есім- 

дері  деф орм аланған  (әуелгі  ф орм асы н  ж оғалт- 

қан ),  идиом аланған.  Бұлар ш ырай формалары - 

мен де өзгере алады: ашық ауыздау, көнетоздау.

Қ ұрам ы на  қарай ж алаң  және күрделі адъек- 

тивтер болып бөлінеді.

Бір  сөзден  тұратын  лексемалар  жалаң  деп 

аталады.  М ысалы, қашаған,  сүзеген,  ақсақ,  қызу, 



бітеу (жара).

Екі компонент немесе одан да көп  сыңардан 

тұратын сын есімдеркүрделі адъективтер деп ата- 

лады.  М ысалы, ұр да жық, әпербақан,  безбүйрек, 



желаяқ,  жатыпішер т.б.

О сы мен  байланы сты  күрделі  адъективтер 

тұлға ж ағы н ан   біріккен,  күрделі,  ф разеология- 

л ы қ тіркес болып келеді.

Ш ы ғу  тегіне  қарай  есім   негізді,  етістік 


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   741   742   743   744   745   746   747   748   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет