Көмектес септік. Септіктің бұл түрі қазақтан
өзге түркі тілдерінде септік жалғауы деп таныл-
майды, оның қосымш асын жалғаулық шылау деп
біледі, сөйтіп оны бөлек жазады. Қазақ тіліндегі
көмектес септігінің жалғаулары -мен, -бен, -пен,
-менен, -бенен, -пенен. Оның тілімізде жуан фоне-
тикалы қ нұсқасы ж оқ, сондықтан жуан түбірге
де, жіңіш ке түбірге де бір-ақ нұсқада жалғанады.
Сырт пішімі ж ағы нан жалғаудың түрін бір буын-
ды (-м ен, -бен, -пен), екі буынды (-менен, -бенен,
-пенен) деп екі топқа бөлуге болады. Олардың екеуі
де тілімізде бірінің орны на бірі еркін қолданыла
береді. М әселен, атпен келдім деп те, атпенен
келдім деп те айта береміз. Бірақ бұл септіктің екі
буынды нұсқасы ны ң айтылуы тілімізде сирек,
көбіне-көп ол ауызекі тілімізде қолданылып жүр.
Көмектес септікті сөздердің негізгі м ағы на-
лары:
Іс-қим ы лд ы ң қандай құралмен атқары лға-
нын білдіреді. М ысалы: пышакпен кесті, балта-
мен шапты, поезбен келді.
Іс-қи м ы л ға ортақ субъектіні білдіреді. М ы-
салы: Аскармен сөйлесті, жаумен алысты.
Кейде іс-қим ы лды ң амалын білдіреді. М ы-
салы: сөзбен жеңді, ынтамен істеді, ісімен көрінді.
Септіктің бұл түрінің істің мақсатын көрсететін
кезі де бар. Мысалы: Ол мұнда бір оймен келді
Іс-қим ы лды ң қай жерде жүзеге асқан ды ғы
да кейде осы септіктің мағынасынан көрініп тұра-
ды. Мысалы: жолмен жүріп келеді, арыктың жие-
гімен жүріп келеді.
Көмектес септігінің жалғауы мезгіл мағына-
лы сөздерге ж алған ған кезде ол сөздер үстеулік
мәнге ие болады. Мысалы: күнімен, түнімен.
Есім сөздерден тыс етістіктің есімше тұлға-
сына жалғанып, қарсы лы қ мәнін білдіреді. М ы-
салы: Ол сені көргенмен, м ені көрген жок.
Септіктің бұл түрінің де ф разеологиялы қ
тіркестердің құрамында жиі ұш ырайтыны бар.
Мысалы: алтынмен аптап, күміспен күптеп;
көзбен көріп, колмен үстау; таспен үрғанды аспен
үр (Мақал).
Поделитесь с Вашими друзьями: |