Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет727/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   723   724   725   726   727   728   729   730   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
Жатыс  септік.  Зат есімнің  жатыс септігінде 

септелуі оған -да,  -де,  -та,  -те қосымшаларының 

жалғануы арқылы болады. Тектәуелдікж алғауы- 

ның  үшінші  ж ағы ндағы   сөзбен  келгенде  жатыс 

жалғауы  өзінің алдына  -«ды бы сы н  қөсып  -нда, 

-нде  болып  ж алғанады .  Септіктің  бұл  түрінің 

негізгі  м ағы насы   іс-қимылдың  орнын,  мекенін 

білдіру. Мұңдайдажатыс септіктегі сөз қайда ? неде ? 

деген  сұраққа жауап береді.  Мысалы:  Түздемыр- 



заң,  үйде сырдаң (Абай).  Тауда болар торғыл тас, 

Тарықса  шығар  козден  жас  (Халық  жырынан). 

Кейде жатыс жалғаулы  сөздің мезгілді білдіретін 

де  кезі бар.  Бұл жайда ол қашані деген сұрақтың 

жауабы  ретінде  қолданылады.  Мысалы: Жаңбыр 



көктемде көп жауды.  Ол екі айда оралды.  Ж атыс 

септікті  сөз  кім деі  деген  сұраққа  жауап  беретін 

бөлса, кісілердің арасындағы байланысты білдіреді. 

Мысалы:  Омарда жүмысым бар.



Шығыс септік.  Ш ығы с септігінің жалғаула- 

ры -дан,  -ден,  -тан,  -тен,  -нан,  -нен.  Септіктің бұл 

түрі  іс-әрекеттің,  қимылдың  қай  жерден,  неден 

басталғандығын білдіреді.  Екінші сөзбен айтқан- 

да,  іс-қимылдың бір өбъектіден қаш ықтап,  ұзап, 

алыстап бара ж атқаны н  көрсету.  М ысалы: ауыл- 



дан келе жатыр,  көзден үзату, коктен түскендей.

Оның жоғарыда аталған мағынасынан да басқа 

мағыналық реңктері бар. Олардың бастылары:

Іс-қим ы лды ң  қандай  объектінің  маңында, 

төңірегінде  болғанды ғы н  білдіру.  М әселен, бас- 

тан  салып  жіберді,  маңдайынан  сипады,  бетінен 

сүйді.

Кейде  іс-қим ы лды ң  себебін  білдіреді.  М ы- 

салы: суықтан денесі қалтырайды,  айбарынан сес- 

кенді,  қарадан үрікті.

Сын есімге меңгеріле байланысқан кезде, са- 

лыстыру мәнінде  қөлданылады:  Мысалы: балдан 

тәтті;  Бетегеден биік,  жусаннан аласа (мәтел).

Белгілі  бір  үлесі,  бөлшегі  алынатын  затты 

білдіреді. Мысалы: астан ауыз тиді; Қүланнан атты 

қодықты, көлден тартты борықты (фольклор).



458

М ОРФОЛОГИЯ

Заттың  не нәрседен істелгенін,  кісі,нің тегін 

білдіретін кездері де бар.  Мысалы: Атадан алтау, 



анадан төртеу (Абай); барқыттан істелген.

Сан есіммен меңгеріле байланысқан мөлшер, 

өлшем мағынасында қолданылады.  Мысалъү.жеті 

айдан асты,  үш күннен істеді, эрбіреуі мың теңге- 

ден  алды.

С ептіктің  бұл  түрі  көбіне  етістік  сөздердің 

жетегінде келіп,  олармен объектілік,  пысықтау- 

ыш тық қаты наста айтылады да,  сөйлемде жана- 

ма  толы қтауыш   яки   м екен,  мезгіл,  мөлшер  пы- 

сықтауыш қызметінде жұмсалады.

К өп  ж ағдайда  ш ы ғы с  септікті  сөздің  есім 

сөздердің,  әсіресе  сы н  есімдердің жетегінде  ай- 

тылатын  кезі  бар.  О ны ң  бұл  м ағы насы   көбіне 

тұрақты тіркестердің құрамында келуімен байла- 

нысты.  Мысалы:  койдан  жуас,  сыныктан  өзге 

жүғады (мақал), көзден таса,  акылдан нұска.

Ш ығы с жалғауының да кейде айтылмай түсіп 

қалатын  кездері болады. Мысалы: тесік тау өтіп 

кеткір (қар ғы с сөз); бел асу.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   723   724   725   726   727   728   729   730   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет