Барыс септік. Барыс септігінің зат есімге
жалғ:анатын жалғаулары -ға, -ге, -ка, -ке, -а, -е, -на,
-не. М ұны ң -а, -е, -на, -не түрі тәуелденген зат
есімге, қалғандары тәуелдеусіз зат есімге ж алға-
нады. Бары с септіктегі сөз, н егізін ен , істің,
қимылдың кімге, неменеге, қай ж аққа бағыт-
талғанды ғы н білдіреді. Б ағы т-бағдарды білдіру
- оны ң ең негізгі м ағы насы . Ал қалған мағы на-
лары оның негізгі мағынасының әр түрлі көрінісі
есепті. Әлбетте, септік жалғаулы сөздің белгілі
бір грамматикалық м ағы наны аңғартуы - оны
өзіне тәуелді етіп, бағындырып тұрған сөздің лек-
сикалы қ-грам м атикалы қ мәніне де белгілі дэре-
жеде қатысты болады. Мәселен, ол үш күнге кетті,
ол ауы лға кетті дегендегі барыс септікті сөздің
бірде мезгілді (үш күнге), бірде бағытты (ауыл-
ға) білдіруінің бір ұшы септеліп оты рған сөздің
семантикалық мэнінде жатыр.
Барыс жалғаулы зат есімнің басты-басты ма-
ғы налары іс-қим ы лды ң бағы ты н (үйге кетті),
мақсаты н (білуге кетті, көруге кетті), мөлшерін
(екі ай ға созылды), немесе арналған ы н (үрерге
иті ж оқ) - білдіру.
Барыс жалғаулы сөз көбіне етістіктің жете-
гінде айтылады. Дегенмен ол шылау мен есім
создердің де жетегінде айтылмайды емес. Есім
сөздердің ішінде ол сын есіммен ж иірек қолда-
нылады. Мысалы: сөзге сараң, м а л ға бай. Білген-
ге маржан, Білмеске арзан (Абай). Аларманға ал-
тау аз, берерменге бесеу көп (М ақал).
Барыс септігінің де ж асырын түрі болады.
Мәселен, Алматыға кетті, Тәшкенге барды деудің
орны на Алматы кетті, Тәшкен барды деп қолда-
на беретін де кезіміз бар.
Поделитесь с Вашими друзьями: |