3.1.7. Зат есімнің құрылымы
М орфологиялық құрылымы ж ағы нан қазақ
тіліндегі зат есімдерді түбір сөзден, туынды
сөзден, біріккен сөзден, қос сөзден, қы сқарған
сөзден, сондай-ақ күрделі құрылымнан тұратын
зат есімдер деп бөлуге болады.
Түбір деп сөздің м орф ологиялы қ тұрғы дан
әрмен қарай бөлшектеуге келмейтін бөлігін айта-
ды. М эселен, естияр, есті, есуас, есалаң деген
сөздердің әрм ен қарай бөлшектеуге келмейтін
бөлігі - ес, демек, түбірі - ес. Бұл жерде ескеретін
бір жағдай: сөздің м орф ологиялы қ тұрғы дан
әрмен қарай бөлшектеуге келмейтін бөлігі дегенді
тек ш артты түрде ға н а ұ ғы н у керек. Олай
дейтініміз, сөздің түбірі деп біз оқулықтарда ай-
тылып ж үргеніндей, көбіне, сөздің лексикалы қ
мағыналы бөлшегін ғана түсінеміз. Ал шынтуайтқа
келсек, сөздің түбірін жалаң осы түсініктің шең-
берімен шектеу - дұры сты ққа келе бермейді.
Ө йткені создің түп төркіні оны ң м ағы на бере
алатын бөлігінен де әріде жатуы мүмкін. Айта-
л ы қ, көзілдірік, көзгелдек (көз ауруының бір түрі)
деген зат есімдердің тіліміздің қазіргі даму дең-
гейінеҢалғанда, әрмен қарай бөлшектеуді көтер-
мейтін бөлігі - көз екені бірден байқалады .
Өйткені бұдан әрі бөлшектей берсек, “көз” деген
мағынадан айырылып қаламыз. Ал әңгіменің аны-
ғына келсек: көз - туынды сөз, мұның түбірі -
кө, сөз соңындағы з деген элемент түркі тілдерінің
ежелгі бір дәуірлерінде пар нәрселерді білдіретін
көптік (екілік) жалғауының көне бір нұсқасы деп
танылады. Қазір тілімізде жиі қолданылатын
мүйіз, егіз секілді пар ұғымдарды білдіретін есім-
дерде з элем ен тін ің сақталуы осы ған дәлел.
М ұндағы кө сияқты лексикалы қ м ағы насы ж оқ
түбірлер қазақ тілінде аз емес. Ондай түбірлерді
қазақ тілі оқулы қтары нда басқа түбірлерден
ажырата көрсетіп, олі түбірлер деп атайтыны бар.
Соны мен, сөздің әрмен қарай бөлшектеуге кел-
мейтін бөлігі дегенді, көбінесе, мектеп тәж іри-
бесі үшін айтылатын практикалы қ, әдістемелік
мақсатта қалыптасқан түсінік деп білу керек. Сон-
ды қтан да ол ерекшеліктерді көрсету үш ін өлі
түбір, тірі түбір деген де ұғым бар.
Қ азақ тілінде түбір күйінде келетін дербес
мағыналы сөздер жеткілікті. Мәселен, бас, кол, тас,
от, өт деген түбірлер - дербес мағыналы зат есім-
дер.
Зат есімдердің дені - құры лы м ы ж ағы нан
дербес мағы налы сөздер. Туынды сөз дегеніміз -
жұрнақтардың түбірге ж алғануы арқылы кейін-
нен пайда болған сөздер. М ысалы, бастык, бас-
шы, бастаңғы, баскарма деген сияқты лар бас де-
ген түбірге түрлі жұрнақтардың жалғануы нәти-
ж есінде ж асалған туынды зат есімдер. Түркі
тілдерінің ж алғамалы (агглю тинациялы) тіл бо-
луы себепті жұрнақтар түбірге бірі жалғанып қой-
май, кейде бірінің үстіне бірі ж алған ы п та бір
туынды сөзден екінш і бір туынды сөз жасалып
жатады. Ж оғарыдағы мысалдағы баскарма деген
зат есім туынды сөздің осындай түріне жатады.
Сөздердің бірігуі секілді амал-тәсілдің көме-
гімен ж асалған зат есімдер де тілімізде барш ы-
лы қ. Сөз табы ішінде біріккен сөздердің ең мо-
л ы р а қ ұш ы рай ты н саласы да осы зат есім.
Біріккен сөз тұлғалы зат есімдердің лексикалы қ
аясы мейілінше кең. Үй тұрм ы сы ндағы бұйым-
дарға, жан-жануарлар дүниесіне, есімдікгер дүние-
сіне, жер-су атына, кісі атына т.б. салаларға қатыс-
ты біріккен сөз тұлғалы зат есімдер тілімізде аса
көп. Мысалы: жолбарыс, алабұға, үшқат, алабо-
та, Қаратау, Сарысу, Ербол, Ж анұзақ.
Осы үлгімен жасалып, тілімізде кейінгі кез-
де қолданыс тапқан біріккен сөздер де көп. Мы-
салы: кэсіподак, өнеркэсіп, үжымшар.
Біріккен сөздердің арасында көнеленіп, бұл
күнде түбір жігі ажырағысыз болып қалғандары да
бар. Мысалы: белбеу (бел бау), ағайын (аға іні).
Қ азақ тілі м орф ологиялы қ құры лы сы ны ң
тілдердің өзге жүйесімен салы стыра алғандағы
аса бір назар аударарлық тағы бір құбылыс -
сөздердің қосарланы п айтылу жайы ма дейміз.
Бұл да бір ты ңнан сөз жасаудың тілімізде ежел-
ден ірге теуіп, қалы птасқан кәнігі тәсіл. Ана
тіліміз қөс сөз атаулыға аса бай. Қос сөз тұлғалы
зат есімдер де тілімізде жиі ұшырасады. М ыса-
лы: сай-сала, шыбын-шіркей, катын-калаш, кыз-
кыркын.
Қысқарған сөздерді де сөз құрылымының бір
нұсқасы деп қарайтын дәстүр бар. Сөзді қысқар-
ту - тым ж асанды нәрсе. Олар көбінесе күрделі
'атаулардың бас әріптерінен алынып барып жаса-
лады. Бұл тәсіл тілдегі үнемдеу принципінің та-
лабын қанағаттандыруды көздейді. Оның тілдегі
сөз қоры н байытудың бір жолы деп таныла қоюы
неғайбы л. Б ірақ оны ң тілімізде, әсіресе жазба
тілімізде, ресми стильде жиі қолданылып жүргені
де бекер емес. Қ ы сқарған созбен келетін зат есім
қатары нда А Қ Ш (Америка Құрама Ш таттары),
ҚазП И (Қазақ педагогтік институты), ТМ Д (Тәу-
елсіз мемлекеттер достығы) сияқтыларды атауы-
м ы зға болады.
Күрделі зат есімдердің ж оғары да аталған
құры лы м ды қ топтардан ерекшелігі - тұтас бір
ұғымды білдіретін атау мұнда ең кем дегенде екі
сөзден тұрады, сырт белгілері ж ағы нан мұндай
күрделі есім сөздердің тіркесіне ұқсайды. М ы-
салға, темір жол, шүрегей үйрек секілді атаулар-
ды алатын болсақ, олардың қабыса байланысқан
сөз тіркесінен орбіген құры лы м екені талассыз.
Бұлар, дұрысында, сөз тіркесінің лексикаланған
нұсқасы. Бір ұғы м ны ң атауышы болып келетін-
діктен ғана олар дербес сөз ретінде танылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |