Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет720/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
452

МОРФОЛОГИЯ

қалай,  қалайш а  жүзеге  асқаны н,  бір  нәрсенің 

қосы м ш а  үстеу м әнін  көрсетеді.  “Таңбалы   тас” 

әңгім есінің үстіне түскеніне Сәтжан аса қуанды 

(Бегалин).

Ж аты с  сеп тігін д е  қ о л д а н ы л ғ а н   үст інде 

көм екш і  есімі  іс-әрекеттің  бір  н әрсенің  үстіңгі 

жағында өткенін білдіреді.  Үстөлдің  үстінде буда- 

буда қағаздар.

Үстінен көмекші есімі ш ығыс септігінде қол- 

д ан ы л ған   кезде  істің,  қим ы лды ң  бір  нәрсенің 

үстіңгі ж ағы н ан ,  ж оғары  ж ақ бетінен  басталға- 

ны н  білдіреді.  Ө зеннің үстінен салы н ған   көпір. 

М ұнараны ң үстінен дүрбі салды.

К өм ектес  септікте  қолд ан ы лған   кезде  де 

кеңістік мәнін береді.  Мысалы:  Көпірдің үстімен 

жүріп келеміз.

А СТЫ   көм екш і  есімі дербес  м ағы налы   сөз 

ретінде жұмсалған кезде тек грамматикалық сеп- 

тіктерде  ғана айтылады.  Оның  көм екш ілік қы з- 

метте қолданылуы олардың кеңістік мәнді септік- 

терде келуімен шарттас.

Барыс  септіктегі  астына  көм екш і  есімі  іс- 

қим ы лды ң бір нәрсенің астыңғы ж ағы н а қарай- 

ғы бағытта жүзеге асқандығын көрсетеді.  Бұршақ- 

тай  б ораған  о қ  астына қарай  кіріп  келе  жатыр 

(М үсірепов).  Ш аң астына қараса,  айш ы қты  ала 

ту көрді (“Алпамыс”).

Ж а ты с   с е п тік те   қ о л д а н ы л ғ а н   аст ы нда 

көм екш і  есімі  іс-әрекеттің  қай  жерде  болаты н- 

д ы ғы н   білдіреді.  Мысалы:  Асан  мен  Үсен  қыр 



астында ойнап жүріп, ескерілмей жұртта қалады 

(Алтынсарин). Ай астында ақш ыл дала қызусыз, 

ж ары қсы з бір бұлдыр сәуле  береді  (Әуезов).

Ш ы ғы с септікте  қолданылуы: Д өң астынан 

мотор шуылы естілді  (“М айдан”).

Табыс  септігінде  келуі:  Су  астын  тексеріп 

ш ы ққан барлаушылар...  (Мүсірепов).

К өм ектес  септікте  келуі:  Ж ердің  үстімен 

келіп, астымен қайту (М әтел).

Б Е Т І есімі де кеңістік септіктерде қолданыл- 

ған  кезде үсті көмекші есімі секілді іс-әрекеттің, 

қимылдың бір нэрсенің бетінде,  үстіңгі ж ағында 

болғанды ғы н білдіреді.

Барыс септікте айтылған бетіне көмекші есімі 

іс-қим ы лды ң  қандай  нәрсенің  үстіңгі  ж ағы на 

бағытталғанын білдіреді.

Барыс, табыс септікте қолданылуы: Жергілікгі 

халық бұл  өзеннің  бергі бетіне егін  салады екен 

де,  арғы бетін мал жайылымы  етіп  ұстайды екен.

Т Ө Б Е С І  көмекші  есімі де  м ағы насы   ж ағы - 

нан үсті,  бвт/дегендерге жақын.  Барыс септігін- 

де  айты лған  төбесіне  көмекші  есімі  іс-қим ы л-

дың  қай  б ағы тқа  қарай  беттегенін,  беталысын 

көрсетеді.  С ам ат  үйдің  төбесіне  ш ы ғы п  тұрған 

еді (Ж ұмағұлов).

Т Ү БІ  сөзі  көм екш і  есім  қызметінде  жатыс 

септігінде  жиі  қолданы лы п,  іс-қим ы лды ң  бір 

нәрсенің төменгі ж ағы нда, жанында,  м аңайы н- 

да, ең соңында, ақырында болғандығын білдіреді. 

Мысалы:  А рбаны ң  түбінде  Алтынгүл  сиыр  са- 

уып  отыр  (М айлин).  М ұхит  пен  су  түбінде  әр 

түрлі балықтар мен жануарлар өмір сүреді (Құма- 

рова).

Өзге септіктерде қолданылады:  Бұл мәселенің 



түбі ж ақсы лы ққа апармайды.

3. 


Көлем дік  кеңістік  қаты насты  білдіретін 

көмекші есімдер.  Бұған іші, сырты, ортасы, арасы 

дегендер жатады.

ІШ І көмекш і есімі барыс септікте қолданыл- 

ғанда  іс-қи м ы лды ң   бір  нәрсенің  ішкі  ж ағы на 

қарай бағытталғанын білдіреді.  Мысалы:  Кең, әрі 

ж ары қ бөлмелердің ішіне масатыдай  құлпы рған 

кілемдер төселген.

Ш ы ғы с  септікте  қолданылуы:  Әйелдердің 

ішінен ш ешесін  іздеді  (Бақбергенов).

С Ы Р Т Ы   көм екш і  есімі  іс-қи м ы лды ң   бір 

объектінің сы рты нда,  сыртқы  ж ағы нда болған- 

ды ғы н  білдіреді.  М ысалы:  Ол  үй сыртында ұзақ 

тұрып  қалды...  (Бақбергенов).

АРАСЫ .  Бары с  септігінде  қолданы луы на 

мысал:  Текедегі  ұлықтар...  ел арасына бүлік са- 

лып жүр  (Бақбергенов).

О Р Т А С Ы .  Ж аты с  сеп тігін де  келуі.  Көп 

кісінің  ортасында тұрған   әкесінің  түріне...  көзі 

түсті  (Бақбергенов).

Барыс септікте қолданылуы:  Қаланың орта- 



сына қарай бұрылды.

Кейде барыс септікті ортасына көмекші есімі 

мезгіл  м ағы насы нда қолданылады.  Оны түн ор- 

тасында ж ұм ы сқа ш ақы ры п алды.

Ш ы ғы с  септігінде  қолданы лған ортасынан 

көмекші есімінің де мезгіл,  мөлшер м ағы насы н- 

да  қолданылатын  кезі  бар.  Түн  ортасынан  ауа 

бергенде...  Бұл  көмекш і  есім  де  барлық  септік 

ж алғауы нда айты лады.  Баяндауыш   қы зметінде 

3-жақ нөлдіктұлғада қолданылады.

Ж оғарыда айтылғандардан,  келтірілген мы- 

салдардан  көмекш і есімдердің атау формасынан 

бастап барлық септік жалғауларында қолданыла- 

ты нды ғы н  байқаймы з.  С оны ң  ішінде  олардың 

көмекшілік қызметте жұмсалуы, көбінесе,  кеңістік 

мэнді  септіктерде  жұмсалуымен  байланысты. 

Грамматикальіқ септіктерде қодданылған көмекші 

есімдер объектілік қатынаста да,  анықтауыш тық



қатынаста да,  субъектілік-грамматикалық қаты- 

наста  да  қолданы ла  алады.  М ұндай  қатынаста 

қолданылған  көмекш і  есімдер  көмекш ілік қы з- 

меттен  гөрі дербес м ағы налы  сөз ретінде  қолда- 

нылуға бейім.

Зат  есім нің  өзге  л екси кал ы қ  топтары нан 

көмекші есімдердің басты  бір ерекшелігі  - оның 

барш асыны ң тіліміздің байы рғы  сөздері болуы. 

Көмекші есімдердің лексикалық құрамында кірме 

сөз  атаулы  мүлдем  жоқ.  Қ азақ  фразеологизм- 

дерінің,  мақал-мәтелдерінің құрамында көмекші 

есімдерді жиі кездестіретініміз осыны ң айғағы .




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет