442
МОРФОЛОГИЯ
3.
3 А Т
Е С I М
3.1.
ЗАТ Е С ІМ Н ІҢ Ж А Л П Ы С И П А ТЫ
( З а т есімнің л ек си к ал ы қ -гр ам м а ти к ал ы к топтары)
Айналамызды қо р ш аған дүниедегі зат пен
жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға
- болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін
сөздердің бәрі - зат есімдер. Л ексикалы қ тұрғы -
дан алғанда зат есімдер оз алды на м ағы налы қ
дербестігі бар, затты қ ұғымды білдіретін сөздер.
Табиғат пен қоғамды қ тіршіліктің қыр-сыры қан-
ш алық алуан түрлі болса, оларды ң бас-басы на
дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер
де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім
арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрсе-
лерден (су, жылқы, тсіғам, жел, дауыл, жейде, тал,
терек, у-іиу, айқай, қойын, қоныіи) бастап, адамның
тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нэтижесінде ғана
түсінілетін түрлі абстракт ұғы м дарды ң (наным,
шама-іиарық, ынсап, нарық, мінез-қүлық, кэде-жора,
ырым, пікір, тентектік, үялшақтық, ырыс) аттарын
да білдіре алады.
Л ексикалы қ-сем антикалы қ өрісі аса кең сөз
таптары ны ң бірі осы зат есімдер. М ұны аңғару
үшін осы орайда оның құрамына енетін сөздердің
мына секілді топтары н іш інара санамалап атап
өтудің өзі-ақ жеткілікті. Олар: күнделікті тұрмы-
сымызда жиі айты лы п, жиі қолданылатын түрлі
бұйымдар мен нәрселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-
кешек, қасық, табақ, қалам, қағаз, жүген, асық, ке-
реге), тағамдардың аттары (сорпа, қазы-қарта, жент,
түз, қант-шай, өрік-мейіз, нан, сүт, ет, шүжық),
жан-жануарлар атаулары (жылқы, түйе, ақбөкен,
киік, түлкі, мысық, ит), өсімдік атаулары (қайың,
баялыіи, тобылғы, бидайық, өлең,раң), табиғатде-
нелері мен құбы лы старды ң аттары (ай, жүлдыз,
жауын-шашын, боран, аяз, аптап), адамның кәсібін,
тегін, м ам анды ғы н, қабілетін, қон ы с-тұрағы н ,
білдіретін сөздер (мүғалім, тілші, диқан, қаламгер,
мүсініиі, саудагер, алыпсатар, қызметкер, саятшы,
керей, найман, қазақ, орыс), тұрмыс-салтқа, әдет
ғұры пқа байланысты айтылатын сөздер (айтыс,
көкпар, шілдехана, жар-жар, қыз қуу). Мұндай біз
зат есім арқылы көрінетін сөздердің лексикалы қ
тобын тек шетпұшақтап қана атап өтгік. Сөздердің
мұндай тобының бәрін ине-жіпке тізіп санап шығу
тіпті де мүмкін емес. Олар өте көп.
Сырт пішімі, тұлғасы ж ағы нан алғанда зат
есімдердің біразы түбір тұлғалы сөздер болып
келетін болса (бас, із, ым, су, жол), бірқатары әр
түрлі сөз тОбынан ж ұрнақтар арқылы ж асалған
туынды сөздер (тебінгі, маліиы, бағбан, егін, ойық).
Сол сияқты зат есімнің екі сөздің бірігуі арқылы
жасалған түрлері (бірқазан, кәріқыз, өнеркәсіп, қара-
қат, Ақсеңгір, Қаратау) мен қос сөз тұлғалы
түрлері де (қүрт-қүмырсқа, шөп-иіалам, сай-сала,
келін-кетиік, ер-түрман, бала-шаға) бар. Екі сөздің
тіркесі нақтылы бір заттың атауышы ретінде қол-
данылғанда да ондай лексикаланған тіркестер (ақ
іиағыр, сары іиағыр, ақ тікен, темір-тікен, көкқүтан,
аққүтан), зат есім қатарында танылады.
Дербес заттар мен заттардың белгілі тобы-
ның атын білдіру ы ңғайы на қарай зат есімдер
жалқы есім ( Үсен, Гүлнар, Ачматы, Үлытау, Сыр-
дария, Ай, Темірқазык), жалпы есім (адам, қыз, қала,
дала, өзен, көл) болып бөлінеді.
Б ір-біріне ұқсас, б іры ңғай нәрселер мен
ұғы м дарды ң атауышы болып келетін есімдер
жиынтық мәнді зат есімдердің (тері-терсек, тау-
тас, жігіт-желең, қыз-келіншек, той-томалақ, кір-
қоң, дэм-түз) тобын құрайды.
Зат есімдердің тағы бір тобын ғаламзат есім-
дері мен адамзат есімдері деп атауға болады.
А дамға қатысты есімдерге кісінің аты -ж өнінен
бастап оны ң барлық әлеуметтік, қоғам ды қ жай-
күйін, хал-ахуалын білдіретін (ағайын, жекжат,
қарындас, қүдаша, дэрігер, қойшы-қолаң, жарлы-жа-
қыбай) атаулар жатады да, ал адамнан өзге өлі
және тірі табиғат біткеннің бәріне қатысты атау-
лар (жартас, төбе, іиыбын-шіркей, үміт, тілек, кой-
ешкі, қалам , кітап) ғалам зат есімдері делінедід
Зат есімдердің бұл екі тобының бір-бірінен түбе-
гейлі айырмаш ылығы - адамзатқа қатысты есім-
дер әлбетте к ім ? деген сұрақты ң, ал ғалам затқа
қаты сты есім деряе?деген сұрақты ң жауабы ре-
тінде айтылады. Өзге сөздермен сойлем ішінде
грамм атикалы қ қаты насқа, байланы сқа түсуіне
орай зат есімге тәуелдік, септік, жіктік жалғаула-
ры ж алғанады , сондай-ақ олар сойлемде не же-
кеше, не көпше тұлғада айтылады. Осыған сәйкес
оның түрлену жүйесін зат есімнің тәуелденуі, сеп-
телуі, жіктелуі, жекеш е, копш е түрде қолданы -
луы деп аталатын ірі-ірі грамматикалық катего-
рияларға бөліп корсетуге болады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |