Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет701/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   697   698   699   700   701   702   703   704   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
438

МОРФОЛОГИЯ

тәндік сипаты  арқылы топталып сөз таптары ай- 

қындалады.  Ондайда сөз таптары на бөлуге  негіз 

болатын  грамматикалық қасиеттер  мен белгілер 

жүйесі барлық атаушы сөздерде бар-ж оқты ғы на, 

ы ңғайлас,  мәндестігіне  немесе  қай ш ы л ы ғы н а 

қарай   б ір тек тес  п р и н ц и п тер м е н   а н ы қтал ад ы . 

Ал,  тортіншіден,  көмекші сөздер ф ам м атикалы қ 

сипаттары ж ағы нан өздері ш ыққан негізгі сөздер- 

ден  айы рм аш ы лы ғы   болмай,  я  онш а  алш ақтап 

кетпесе,  сөз таптары  грамм атикалы қ сипаттағы  

сөздер  тобы  болғанды қтан да,  сол  өздері  ш ы қ- 

қан  негізгі  соз  таптары  ш еңберінде  қаралады. 

М ысалы,  көмекші есімдер зат есімдерден шығып 

лексикалы қ мағы налары  солғы н даған  болса да, 

ф ам м атикалы қ сипаттары, атап айтқанда, түрле- 

ну жүйесі  (тәуелдену,  септелу,  көптелу),  тіркесуі 

мен синтаксистік қызметі т.б. зат есімнен алшақ- 

тап  кетпегендіктен,  зат есім  ш еңберінде  қарала- 

ды. С ондай-ақ көмекші етістіктер де етістіктердің 

ф ам м атикалы қ сипатын (жіктелуі, ш ақ, рай, етіс, 

модальдылық т.б.) өз бойында сақтап отыратын- 

дықтан да, етістік шеңберінде қаралады. Бесіншіден, 

қалған  көмекш і  сөздер  (шылаулар),  одағайлар, 

модаль создерді таптастырудың осы айтылғандай, 

ф амматикалы қ сипаттары, яғни түрлену мен син- 

таксистік қызметтері негізінде емес, ерекш е қол- 

даныстық-семантикалық қасиеттері негізінде жеке- 

жеке сөз таптары болып қаралады.

Сөйтіп,  создерді  соз  таптары на  жіктеудің 

белгілі-белгілі  принциптері  бар,  бірақ  олар  не- 

гізінен атаушы создерге ғана қатысты болып  ке- 

леді.

2.2.  С Ө З Д Е Р Д І  ТА П ТА С ТЫ РУ   П Р И Н Ц И П Т Е Р І 



Ж Ә Н Е   С Ө З  ТАП ТАРЫ

Соз таптары создердің белгілі жүйе  негізінде 

қалы птасқан  ф ам м атикалы қ топтары болып та- 

былады, сондықган соз таптары мен создерді олар- 

дың түрлеріне белуге ол создердің фамматикалы қ 

сипаттары  мен  белгілері  негіз  болады.  Создерді 

сөз таптарына бәліп қарау әр сөзге байланысты әр 

түрлі белгілер арқылы айқындалмай, сөз таптары- 

на  қатысты  тұрақты  белгілерінің  негізінде  жан- 

жақты  жіктеу  үшін  жүйелі  принциптер  негізге 

алынуы  керек.  Ол принциптер сөздердің ф ам м а- 

тикалық сипаттарына негізделуі тиіс.

Әрбір атаушы  сөздің лексикалы қ м ағы насы  

болатыны белгілі,  сол лексикалы қ м ағы насы  ар- 

қылы әрбір сөз бір-бірінен  ерекш еленеді, жеке-

жеке единица ретінде түсініледі. Тіпті  мағынала- 

ры  бір-біріне ж ақы н  синоним   сөздердің  өзі  си- 

нонимдік қатар құрғанмен, озіндік ерекшеліктері 

бар  бөлек-бөлек  лексем а  ретінде  өмір  сүреді. 

М ы салы ,уй,  бала,  ағаиі,  көше,  білім,  сондай-ақ 



үзын, үлкен,  көк, жақсы т.б. сөздер лексикалық ма- 

ғынасы ж ағы нан бір-біріне алш ақ сөздер.  Олар- 

ға “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” берген анық- 

тамаларға назар аударып  көрейік:ум - адам тұра- 

тын, мекендейтін баспана; бала - ата-ананың пер- 

зенті,  ұрпақ, тұқым,  яғн и   белгілі  (кіші) жастағы 

адам;  ағаш   -  бұтақтан  биік  өсетін  көп  жылдық 

өсімдіктердің ортақ аты, дарақ; көше -  қатарласа 

тізілген үйлердің т.б. арасындағы жүріп-тұратын 

жол,  кеңістік; білім - оқу, үйренумен санаға қона- 

тын ақиқат жайлы түсінік; ақыл-парасат, ой-оріс; 

үзын  -  қы сқа  емес,  ш ұбаты лған,  биік;  үлкен  - 

көлемі  ж ағы нан  аумақты,  зор,  дәу;  көк  -  аш ы қ 

аспан тәрізді түс; жаксы - көңілге ұнайтын оңды, 

тәуір. Л ексикалы қ м ағы налары  ж ағы нан,  көріп 

отырғанымыздай,  бұл  сөздердің арасында ешбір 

жақындық жоқ. Сонымен бірге берілген сөздердің 

алғаш қы   тобы  -  белгілі  бір  деректі  я  дерексіз 

заттың  атауы,  екінш і  тобы  -  заттың  сы нды қ 

белгісі. Атап айтқанда, лексикалы қ мағыналары- 

ның  жалпы лануы ,  абстракциялануы  негізінде 

әрбір сөзде жалпы ф ам м атикалы қ мағына пайда 

болады.  А йталы қ,  үйдің  лексикалы қ  м ағы насы  

баспана, я ғн и   белгілі заттың нақты атауы болса, 

оны ң  жалпылануы,  абстракциялануы  негізінде 

жалпы  зат  атауы  деген  жалпы  грамматикалық 

м ағы на  пайда  болып  отыр.  С ондай-ақ  баланың 

перзент,  ағаштың  осімдік  түрі,  көше  тізілген 

үйлердің арасындағы жол, білімнің түсінік,  пара- 

сат,  ақы л-ой деген  нақты  атаулардан жалпы зат 

атауы  деген  жалпы  грамматикалық  м ағы н аға 

ауысуы  -  ф ам м ати калы қ  процесс,  демек,  грам- 

матикалық сипаты.  Осындай сөздердің лексика- 

лы қ м ағы насы ны ң  (ол жалқы, дара болып табы- 

лады) жалпылануы арқылы  пайда болатын жал- 

пы  грамматикалық м ағы насы  жалқы  емес, жал- 

пы болады да,  сол топтағы, яғн и , жалпы зат ата- 

уын білдіретін создердің бәріне ортақ болып  ке- 

леді.  Міне,уй, бала, ағаш, кәіие, білім сияқгы создер 

лексикалы қ  м ағы налары н ы ң  жалпылануы  не- 

гізінде  пайда болған жалпы  грамматикалық ма- 

ғыналары арқылы  (тікелей лексикалы қ м ағы на- 

сы арқылы емес) ортақ фамматикалық топ құрай- 

ды:  бұл  жерде ол  - жалпы зат атауы.  Екінші топ- 

тағы  сөздер де оздерінің лексикалы қ м ағы нала- 

ры дара-дара сездер. Ал сол лексикалық мағына- 

ларының жалпылануы арқылы пайда болған жал-





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   697   698   699   700   701   702   703   704   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет