Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет685/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   681   682   683   684   685   686   687   688   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
үй  әкелгенде,  бәрінен  Итбайдың  үйі  үнамды  боп 

шыққан (М ұқанов).  Бұл  сөйлемдердегі былғары, 

киіз сөздері  затты қ  м ағы нада емес  етіктің,  бай- 

пақтың,  қазы қты ң,  үйдің қаты сты қ-сы нды қ си- 

паты  мәнінде,  я ғн и   осы  соңғы   заттардың неден 

ж асалғаны н  білдіру  мәнінде  қолданы лған.  Зат 

атауын  білдіретін  создердің бұндай әдеттен  тыс 

ерекше ф ам матикалы қ мағыналары ол создердің 

заттық мағынаны білдіретін екінші сөзбен тікелей 

тіркесінен  пайда болған.  Сол сияқты қол сағат, 



қалта сағат,  алтын сағат, жібек орамал, тас үй, 

тас ж ол,киіз үй,кірпіш үй,оқушы бала т.б. тәрізді 

тіркестердің  бірінш і  зат  есім  сыңары  зат  есімге 

тән емес  қаты сты қ-сы нды қ мәнді білдіріп,  қан- 

дай?  деген  сұраққа  жауап  береді.  Сөз  ж оқ,  бұл 

жерде создердің орын тәртібі де белгілі дәрежеде 

роль атқарып тұрғаны н естен ш ығаруға болмай- 

ды.  Негізгі  (толық  м ағы налы )  сөз  бен  көмекш і 

сөздің тіркесуі арқылы да грамматикалық мағы- 

наны ң  берілуі  қазақ тілінен  үлкен  орын  алады. 

Н егізгі  сөздерге  септеулік  ш ылаулар  тіркесу 

арқылы  мақсат, себеп, арнау, мекендік,  мезгілдік, 

саралау,  ұқсату, жәрдемдік,  кәмектік,  мөлшерлік 

сияқты  мағыналар  үстеледі.  Мысалы:  Мен жаз- 

баймын  олеңді  ермек  үшін,  Жоқ-барды,  ертегіні 

термек  үшін  (Абай)  деген  сөйлемдегі  үшін  шы- 

лауы өзі тіркескен ермек, термек сөздеріне мақсат 

мэнін үстеген. Ал демеулік шылаулар өзі тіркескен 

сөзге я түгел сөйлемге әр түрлі  күшейткіш,  сұрау,




422

М О Р Ф О Л О Г И Я

болжам, ш ектіліктәрізді мән  үстейді. Лшаршылык 

жок  па?  Сауыны  тэуір  ер  бар м а ?   Осының  бәрін 

кадағалап  сұрайды (Әуезов).  - Ш ұғаның белгісін 

сіз  білмейтін  шығарсыз-ау!  -  дейді.  (М айлин). 

С ондай-ақ көмекші етістіктердің өздері қатысты 

негізгі сөздерге (етістікке не есім сөздерге) үстейтін 

грамматикалық мағыналары сан алуан.  Мысалы, 

тек  қана  окып  сөзіне  тіркескен  м ы на  көмекш і 

етістіктердің үстейтін грамматикалық мағыналары 

қанш ама: окып отырды,  оқып жүрді,  оқып тұрды, 

оқып болды,  оқып шықты,  оқып қалды,  оқып көрді 

т.б.  немесе  сапалы қ  сын  есімдерге  күш ейткіш  

үстеулердің препозитивтік тұрғыда тіркесіп қол- 

данылуы да жаңа грамматикалық мағына үстеудің 

бір жолы.  Сөздердің қосарлануы арқылы жалпы- 

лық, көптік, сөздердің қайталануы арқылы көптік, 

дүркінділік, сындық мәндегі сөздерге үстеме буын 

а р қ ы л ы   к ү ш е й т к іш   м а ғ ы н а л а р   ү с т е у   де 

грам м атикалы қ  м ағы н а  білдірудің  белгілі  бір 

жолдары болып табылады.  М ысалы, аяқ-табақ, 



үлкен-кіш і,  кәрі-ж ас дегендер  ж аңа туынды  сөз 

б о л у м е н   қ а т а р   ж а л п ы л ы қ   м ә н   с и я қ т ы  

грам м атикалы қ м ағы на да білдіріп тұр,  ал қора- 

қора қой, тау-тау астық,  көре-көре,  сөйлей-сөйлей 

дегендегі қайталама қос сөздер көптік, д үркінділік 

ұғымды білдіреді, қып-қызыл, жап-жасыл, үп-үлкен 

д е г е н д е г і  ү стем е  б у ы н д а р   (қ ы п ,  ж а п ,  үп) 

күш ейткіш  мәнді білдіреді.

Сөйлемдегі сөздердің  орын  тәртібі  әр тілде 

әр  түрлі  қы зм ет  атқарады .  Қ азақ  тілінде  ол 

(сөздердің орын тәртібі)  -  грамматикалық м ағы - 

на  білдірудің  негізгі  бір  жолы  болып  табылады. 

С о н д ы қ т а н   да  сө й л ем д е  сө зд ер д ің   (сөй лем  

мүш елерінің)  белгілі  тұрақты   орын  тәртібі  бар. 

Ол  оры н   тә р т іб ін ің   өзгеруі  белгілі  бір  мән 

үстелуімен  байланы сты  болады.  М ысалы:  Тарт 


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   681   682   683   684   685   686   687   688   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет