Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


 .3 .  С Ө З Д І Ң   Л Е К С И К А Л Ы Қ   Ж Ә Н Е



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет673/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
1 .3 .  С Ө З Д І Ң   Л Е К С И К А Л Ы Қ   Ж Ә Н Е  

Г Р А М М А Т И К А Л Ы Қ   М А Ғ Ы Н А С Ы

Сойтіп,  айналадағы  заттар мен  құбылыстар- 

дың біздің санамызда бейнелеуінің  нэтижесінде 

пайда болатын  ұғымы создің білдіретін  ішкі  маз- 

мұны,  я ғн и   м ағы насы   болып табылады.  Создің 

осындай  әуелдегі  (о  бастағы)  негізгі  тура  м ағы - 

н асы лексикалық мағына деп аталады. Создің лек- 

сикалы қ  м ағы насы   ол  создің  жеке  тұрғандағы  

қалпы нан  да,  яғн и   сойлем  ішінде  емес,  болек 

тұрғаны нда да корініп отырады.  Өйткені  создің 

бұл  (лексикалық)  мағы насы талай рет қолданы- 

лудың  нәтижесінде  санамызда эбден  қалыптас- 

қан,  ол сол тілдің создің  құрам ы на еніп,  семан- 

тикалы қ шеңбері аны қталған,  ешбір контекссіз- 

ақ ол (соз) создіктерде (мысалы, түсіндірме создік, 

екі  тілді  создік  т.б.)  реестр  соз  ретінде  жеке 

беріліп,  м ағы насы   корсетіледі.  С онды қтан  да 

тілдегі  кейбір  создердің  м ағы налары   кейде  бір- 

бірімен жақын болуы  мүмкін, бірақ толық бірдей 

бола алмайды, тілдегі әрбір создің озінше болек- 

болек  лекси калы қ  м ағы насы   болады.  Әрине, 

создің лекси калы қ  м ағы насы   сол соз  білдіретін 

зат,  құбылыстың белгілі  бір қасиетіне я  қасиет- 

теріне негізделіп, ол соз аталғанда, санамызда сол 

қаси еттер  м ағы н а н ы ң   басты  кор сеткіш тері, 

мэндері  ретінде  керінеді.

Создің лексикалық мағынасына, ең аддымен, 

оны ң  нақты ,  тура  м ағы насы   жатады.  Айталық, 



көл, қүс, тау, үй, көк, биік, үш, бес, келу, жүру сияқты 

создердің лексикалық яғни  нақты  мағынасы: та- 

биғи су қоймасы,  үстін  қауырсын жапқан,  ұшып 

жүретін жануар (мақұлы қ),  жердің әр түрлі тас- 

тар  арқылы  биік  болыгі  қалыптасуы,  адамның 

тұратын баспанасы,  бір заттың  нақты түсі  (кок), 

бір заттың ж оғары ға қарай  сындық сипаты,  зат- 

тардың нақты сандары  (үш, бес), сойлеушіге қарай 

беттеу  қимылы,  нақты  қозғалу  қимылы  немесе



414

М ОРФОЛОГИЯ

бір ж аққа аттану қимылы.  Сонымен бірге бір сөз 

осы ндай  нақты   тура  м ағы нам ен  бірге  басқа  да 

мағы наларды  білдіріп, ауыс,  келтірінді  м ағы на- 

ларда жұмсала береді.  М ысалы, айыру етістігі,  ең 

алды мен, дыр еткізіп жырту ж әне  қақ жару,  екі- 

ге  бөлу м ағы налары н  білдіреді.  Бұл  -  етістіктің 

тура м ағы налары .  С оны мен  бірге  айыру етістігі 

бөліп  ш ы ғу (қайм ақтан  майды  айыру),  ажырату 

(ешкімді  айы ры п  болмайды),  жер  жырту,  тілу 

(жерді тайы з айырады),  арашалау,  құтқару (бей- 

шара шалды  ұрылардан айырып алды), бөлектеу, 

алалау,  бірдей  көрмеу (оларды  бізден  неге  айы- 

расыз?),  таны п,  білу,  аны қтау  (түнде  айы ра  ал- 

мадым)  т.б.  сияқты   мағы наларды   білдіреді.  Бір 

сөздің басында,  міне, қаншама мағына бар?!  Енді 

шЬ/ду етістігінің тағы  бір ауыс  м ағы насы   -  үнем 

қылу,  күн  көру.  Осы  заттардың  майы  м ен  үн, 

шайын айырсын (Әуезов).  С ондай-ақ айып сөзінің 

м ағы н асы н а  көз жіберейік:  ескі  әдет-ғұры п  за- 

ңын  бұзғаны   үшін тағылатын  кінә,  жаза, жауап- 

керш ілік,  ш траф,  ал оны ң ауыс м ағы насы   -  мін, 

кемшілік:  Ж алғы з-ақ  тал  бойыңда  бір  айыбың: 

Даусың  жоқ,  не  себепті  сыбырлайсың  (Ахметбе- 

ков) т.б.  (ҚТТС).  “Абай жолы” романынан алын- 

ған  м ы на  бір  үзіндіге  де  назар  аударайық.  “Ол 

Абайды көре отырып,  Құнанбайдың озге жас бала- 

ларын  да  еске  алды.

-  Осы,  ана  Ы сқақ  бір  жошын.  Бір  түрлі пы- 

сық та сергек неме,  -  деді.

-  Ол элгі Күңкенің қолындағы м а ?  - деп сүрап 

алып,  Бөжей:

-  Рас,  қүлдырап түр! - деді.

-  Я, рас-ау,  соның  оты  бар! -  деп,  Байсал  да 

қостады.  Мүның бэрі - қиялап  айтқан Қүнанбай- 

дың қошаметі.  Үндемей түйіліп, сүп-сүр боп отыр- 

ған  Қүнанбай  ол  сөздерге  көп  шіміркенген  жоқ. 

Қайта теріс көргендей мойын бүрып, Абайға қарап:

-  Одан  да не күтсеңдер де,  осы ж аман қара- 

дан күтсеңдеріиі,  -  дед/”(Әуезов).

О сы ндағы   жаман  сөзі  тіпті  де  жаман  емес. 

Ж ам ан  қара  деп  оты рғаны   -  Абай.  О ған  іштей 

риза болып, Абайдың келешегінен зор үміт күтіп, 

солай деп  отыр.  Тіпті аспанға атып,  ересен  м ақ- 

тап  та жібергісі  келіп  оты рған ж оқ.  Бұл  -  сөздің 

контекстік келтірінді мағы насы , өйткені бұл  ма- 

ғы на  тек  осы  контексте,  осы  қолданыста  ғана 

осылай түсініледі.

Сойтіп,  сөз бір я  бірнеше лексикалы қ мағы - 

наны білдіреді екен. Және сол лексикалы қ мағы- 

наның  негізінде белгілі стильдік мәндегі әр түрлі

алады.  Бірақ  соз  сәйлемде  қолданы лғанда,  ол 

қанш ама полисемиялы  (көп  мағыналы) болған- 

мен,  оны ң бір  ғана  мәнінде жұмсалып,  бір  ғана 

мағы насы н білдіріп тұрады.  Сондықтан да сөзде 

бір  ғана лексикалы қ м ағы на болады дейміз. Д е- 

мек, сөз жалпы бірнеше мағынаны,  көп м ағы на- 

ны  білдіре алғаны м ен,  сөйлемде соның бір  ғана 

мағынасында қолданылады, басқа мағыналары ол 

жерде  ескерілмейді.  Бұған  керісінш е  сездің  бір 

ғана қолданысының өзінде бірнеше грамматика- 

лы қ м ағы на болуы мүмкін.

Сөздің  лекси калы қ  м ағы насы   оны ң  ұғы м - 

ды қ  мәні  болсын  (белгілі  бір  заттың,  құбылыс- 

тың,  іс-әркеттің, әр түрлі амалдың т.б.  аты,  ұғы- 

мы), келтірінді, ауыспалы, метафоралы т.б. мәндер 

болсын сәйлемде  бір  қы ры нан  ғана корініп,  бір 

мәнінде тұрады.  Ол соз сойлеу процесіне түскен- 

діктен (сойлемде қолданылғандықтан), таза лек- 

сикалы қ м ағы наны   білдіріп  қана тұрмайды,  сол 

лексикалық мағынасының жалпылануы арқасында 

және сойлемдегі басқа создермен әрқалай қаты- 

насқа, грамматикалық байланысқа түсу нәтижесін- 

де және  кейде  сол  сөзге әр түрлі  грамматикалық 

тұлғалар үстелу арқылы неше түрлі  грамматика- 

лық мағыналар беріледі. Создердің осындай қаси- 

етгерін жинап,  ұйымдастырып тұратын  - сойлем. 

Сол  сойлем  арқылы  сөздің  нақты  я  келтірінді 

лексикалы қ м ағы насы  да, лексикалы қ м ағы на- 

ның жалпылануы  негізінде  пайда болатын  грам- 

матикалық м ағы на түрлері де,  үстеме  граммати- 

калық мағыналары да сойлемдегі бір создің шең- 

берінен диалектикалық байланыста корініп жата- 

ды.  Бір қарағанда создегі осындай м ағы на үйме- 

жүймелілігі  қат-қабаттасы п,  араласып  жатқан 

сияқты  корінгенм ен,  олардың  тәртіпті,  озіндік 

қатпарлы жүйелері бар екендігін  кореміз де, сол 

арқылы олардың  бір-бірімен  шатастырмай  айы- 

рып  ала  білеміз.  Әңгіме  соның  мәніне  түсініп, 

жүйе  іздерін бір-бірімен  щатастырып алмауда.

Сөйтіп, лексикалық мағына создің оз басын- 

дағы   ұғым дық,  әуелгі  м ағы насы болса,  грамма- 

тикалы қ м ағы на екінші  қатардағы, лексикалы қ 

мағынаның жалпылануы, создің тұлғалануы, бір- 

бірімен  қары м -қаты н асқа  түсуі  арқылы  сойлеу 

процесінде жасалатын,  пайда болатын мағынасы.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет