Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет669/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   665   666   667   668   669   670   671   672   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ш ь ц і д ы қ

 

туралы адамның санасын ұйымда- 

стырып қалыптастырады, олардың арасындағы әр 

түрлі байланыстар мен қатынастарды, олардың сан 

салалы  бөлшектері  мен  тұтастықтарын,  ондағы 

жүйелер мен  заңдылықтарды адам санасына ұя- 

латып, қалыптастыруға, одан әрі есте сақтауға негіз 

болады.  Осы  ж ағы нан  келгенде де  тіл  бірдеңені 

үйренудің, білудің,  шындықты бейнелеудің, тіпті 

абстракты  түрде  ойлаудың  құралы да  болып  та- 

былады.  К.Маркстің “Тіл де сана сияқты өте көне 

құбылыс” , - деуі осыдан болса керек.  Міне, осын- 

дай  қасиеттердің барлығы тілдің қоғам ды қ  қыз- 

меттері -  коммуникативтік, эстетикалық-экспрес- 

сивтік қызметтері  - арқылы  жүзеге асады.

Ойды  білдірудің ең  кіші тілдік единицасы  - 

сөйлем.  С өйлемнен  кіші тілдік единицалар  (сөз

тіркесі,  сөз  т.б.)  ойды  білдіре  алмайды.  Сонда 

ойлаудың  бір бұтағы  -  ой білдіру  - тілде  сөйлем 

арқы лы   корініп,  іске  асады.  Ал  сөйлем  сөздер- 

ден,  создер жиынтығынан немесе создер тіркесі- 

нен тұратыны белгілі.  Сойлемнен кіші тілдік еди- 

ницалар,  мысалы,  сөз  де,  сөз  тіркесі  де,  ойды 

білдірмейді,  ойды  құрайты н  жекелеген  немесе 

күрделі ұғымды  ғана білдіреді.  Сол ұғымдар бір- 

бірімен жүйеленіп, тұтасып  барып сөздердің бір- 

б ірім ен   гр а м м а т и к а л ы қ   б а й л а н ы с қ а   тү с к е н і 

сияқты   ой  білдіріп, сөйлем  құрайды.

Бұл жерде сөйлем мен сөздің тікелей  қатына- 

сы  ойды  білдірудің ең кіші тілдік единицасы ның 

(сөйлем нің)  ең  кіші  м ағы налы   (мәнді)  тілдік 

бөлшектерден тұратынымен  байланысты.  Ондай 

ең  кіші  мағыналы  тілдік бөлш ек  -  соз болып та- 

былады. Дыбыстарды былай  қойғанда,  морфема- 

лардың озі жеке тұрып  м ағы на білдіре бермейді, 

ал  сөз тіркесі  - сөзден элдеқайда  үлкен  единица. 

Бұл  -  бір.  Екіншіден,  осы  қасиеті  арқасында сөз 

тіл білімінің барлық саласына да  (фонетика, лек- 

сика, сөзжасам,  морфология,  синтаксис) эртүрлі 

дэрежеде қатысты болып келеді: бірде тіл білімінің 

бір саласының негізгі объектісі,  енді бірде келесі 

бір  саланы ң  тікелей  объектісін  айқы ндайты н 

жүйелік фоны,  контексі болып отырады.

Сөйтіп, тілдік единицалардың ішінен,  мыса- 

лы ,  дыбыс  немесе  фонема,  морфема  немесе  эр 

түрлі тұлғалар,  сөз тіркесі,  сәйлем  сияқты тілдік 

элементгерден сөздің ерекше қасиеттері бар құбы- 

лыс екенін аңғаруға болады. Сөз белгілі бір ұғым- 

ның  атауы  болғанды қтан  да,  соған   сәйкес  ол 

белгілі  бір  нақты  лексикалы қ  м ағы на  білдіреді. 

Сонды қтан да осы  қасиетінің арқасы нда сөз са- 

намызда жеке тұрып  өмір сүре алады. (Бұл  - сөз 

©мірінің екінші сатысы).  Әр түрлі сөздіктерде сәз 

жеке реестр  (лексема) ретінде беріледі.  Сөнымен 

бірге сол лексикалы қ мағы насы на сэйкес  ұғым- 

ның жалпы  атаулық қасиетіне орай жалпы  грам- 

матикалық мағына пайда болып, ол енді жекеле- 

ген сөздерді емес, белгілі бір фамматикалық топта- 

ғы  сөздердің ортақ жалпы  мәні  сипатына айна-



410

М ОРФОЛОГИЯ

лы п, тек сондай жаппы  грамматикалық м ағы на- 

ға сәйкес  мән  білдіре  алатын  әр түрлі  қосы м ш а 

тұлғалар арқылы түрленеді, басқа сөздермен бай- 

ланы сқа түседі,  сөйлем құрайды.

М іне,  осыдан  келіп  сөздің  екі  түрлі  сипаты 

айқындалады: біріншіден, сөздің ұғымдық сипа- 

ты, яғни белгілі бір лексикалық мағынаны (әңгіме 

лексикалы қ мағы налы создер жайында) білдіруі, 

сол  арқы лы   оны ң  ж алқы лы қ,  жекелік  сипаты 

ж әне  тілдің  создік  құрам ы ны ң  бір  единицасы  

ретінде лексикалы қ корсеткіш болуы, екіншіден, 

сөздің  л екси кал ы қ  м ағы насы ны ң   жалпылануы 

негізінде және басқа сөздермен әр түрлі тәсілдер- 

мен байланысқа түсіп грамматикалық сипат алып, 

сөйлемнің  (ойды  білдірудің) құрылыс материал- 

дары ретінде  қолданылуы,  сөйтіп, бұл екі сипат- 

ты ң  диалектикалы қ  бірлікте  омір  сүруі  тілдің 

қо ғам ды қ  қаты нас  құралы  қызметін  атқаруға 

негіз болады.  Сондықтан да сөйлемдегі сөздердің 

бір-бірімен болып тұрған  грамматикалық байла- 

ныстарын үзсек, грамматикалық тұлғаларын апып 

тастасақ,  сөйлем  ойды  білдірмей  қалар  еді,  тек 

жекелеген  ұғымдардың байланыссыз жиы нтығы 

ған а болып  ш ы ғар еді.  М іне,  осыдан  келіп лек- 

сикология мен  грамматиканың өзара ерекшелік- 

тері  мен бір-бірімен  байланысы, диалектикалы қ 

байланы сы   айқындалады .  Бұл  арада  әңгіме  тек 

лексикология мен грамматика жайында ғана емес, 

жалпы тіл  білімінің  барлы қ салалары  мен тілдік 

деңгейлердің ара қатынастары туралы.

Тіл білімінің қай саласын алсақ та, оның зерт- 

теу объектісі я тікелей, я жанама түрде сөзге келіп 

тіреледі.  Өйткені сөзде фонетикалық қасиет (ды- 

быстық комплекс) те, лексика-семантикалық қаси- 

ет (ішкі м ағы на) те,  созжасам  қасиеті  (жаңа сөз, 

я жаңа мағына, яғни деривациялық мән) де, грам- 

м атикалы қ  қасиет  (морф ологиялы қ  құрам  мен 

құры лы сы ,  создердің түрленуі,  сол  аркылы  бір- 

бірімен байланы сқа түсіп,  алуан түрлі граммати- 

калық мағыналар білдіріп, сейлем құрауы) те бір- 

бірімен қабысып,  қабаттасып  келіп отырады.

Сөз ж оқ, сөз - ең алдымен лексикологияның 

тікелей  ж әне  басты  объектісі.  Ойткені  тілдегі 

создік құрам,  оны ң баюы, дамуы,  соз мағы нала- 

ры ны ң  түрлері  мен  озгеруі,  дамуы  т.б.  сияқты  

сөздің тікелей басындағы  қасиеттері лексиколо- 

гия  саласы нда  қаралып,  шешімін  табады.  С он- 

дай -ақ,  сөз  -  созжасам  саласыны ң  да  тікелей 

объектісі.  Тіліміздегі  создердің  барлы ғы  да  бір 

кездері белгілі тәсілдермен жасалған.  С ондай-ақ 

әр түрлі тәсілдер арқылы жаңа соз жасау пробле-

масы, соз мағы насы ның озгеруі арқылы да жаңа 

сездің  пайда  болуы,  сойтіп,  тілдің  создік  құра- 

мын  байыту  процесі  де  созге  тікелей  қатысты 

қасиеттер болып табылады.

^  Ал,  граммат ика  гректің  ё г а т т а іік е   -  оқи 

алу,  әріп  жаза  білу деген  созінен  қалыптасқан 

болса,  ол создердің түрлену жүйесі  мен  грамма- 

тикалық мағыналарын, олардың арасындағы бай- 

ланыс пен қарым-қатынастарды, сойтіп, создердің 

тұлғалану ерекшеліктерін,  создердің бір-бірімен 

тіркеске түсіп, сойлем  құрау сияқты  қасиеттерін 

қарастырадьк  Грамматиканың бір саласы морфо- 


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   665   666   667   668   669   670   671   672   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет