1 .4 .2 .2 . Ү н д е с ім дауы сты ларды ң
ф онетикалы қ (ж а с а л ы м ) сипаты
Үндесім дауыстылардың фонологиялық (аб-
стракт) белгілерінің негізінде сөйлеу мүшелерінің
белгілі бір жасалым (нақты) қалпы жатады. Сон-
дықтан оны көрнекі суретпен тиянақтап ш ығу-
ға болады.
Ф онологиялық талдаудың нәтижелері абст-
рактылы болып келеді. Сондықтан фонология-
лы қ сипаттаманы оймен тоқу керек. Ал фонети-
калы қ талдаудың нәтижелері нақты (оларды
есітіп-көруге болады), ендеше фонетикалық си-
паттаманы көрнекі етіп жасауға болады.
Фонологиялық талдау мен фонетикалық тал-
дау бірін-бірі толықтырып отырады. Ендеше
үндесім дыбыстардың абстракт ф онологиялы қ
белгілерін көзге елестету үшін олардың корнекі
фонетикалы қ жасалым үлгілерін пайдалану ке-
рек. Екі үндесім дыбыстың жасалым модельдерін
бірінің үстіне бірін қаттаса, олардың айырым
және ортақ белгілері бірден көзге түседі.
Ы -І үндесім дауы сты лары ны ң жасалы м
қиылысында (12-сурет) тілдің тік қалпы (7-нүкте)
мен ерін қатысы (1-3-нүкте) бірдей. Тіл ж оға-
ры, ерін бейтарап жатыр. Тілдің колденең қал-
пы екі түрлі (Ы - 8 нүкте, I - 6 нүкте) орналас-
қан. Ж уан-ж іңіш ке үндесім белгілерінің жаса-
лым тиянағы (көрінісі) тілдің ілгерінді-кейінді
қалпында жатыр.
Поделитесь с Вашими друзьями: |