5 .7 . Б Ө Л Ш Е К Т ІК С А Н Д А Р С Ө З Ж А С А М Ы
Бөлш ектік санды қ ұғым тілде бар, ол мате-
матика ғы лы м ы н ы ң дамуына да қатысты. Бірақ
соған қарамастан, тілде бөлшектік санның арнау-
лы қосымш асы жоқ. Ол ұғым есептік сандардың
белгілі синтаксистік қатысқа түсуіне байланысты
беріледі. М ысалы: оннан үш, төрттің бірі, үштің
екісі, бестен бір т.б.
Бөлш ектік сандар құрамына қарай күрделі
болып келеді, өйткені оның құрамына бөлім және
алым сан кіреді. М іне, осы екі сан тілде үш түрлі
формада тұрып, бірімен-бірі тіркеседі:
1. Бөлш ектік сан есімдердің құрам ы ндағы
бірінші сы ңар ілік с е п т ік т е , е к ін ш і с ы ң а р т ә -
уелдік ж алғауды ң 3 жағында тұрып, бірімен-бірі
тіркеседі: бестің екісі, онның бірі, жүздің оны, т.б.
2. Б өлш ектік сан есімдердің құрам ы ндағы
бірінші сыңар ш ығыс септікге, бөлшекгік сан ұғы-
мын білдіреді: төрттен бір, жиырмадан төрт,
жүзден екі, мыңнан алпыс т.б. Мұнда көбіне бөлігі
деген сөз тіркесе қолданылады: Кітаптың екіден
бір бөлігін оқыдым.
3. Бөлш ектік санны ң құрам ы ндағы бірінш і
сыңар ш ы ғы с септік ж алғауында, екінш і сыңар
тәуелдік ж алғауы нда тұрып тіркесіп, бөлш ектік
сан ұғымын білдіреді: екіден бірі, оннан үші, жүзден
бірі т.б.
4. Б өлш ектік сандар жарым, жарты, ширек
сөздерінің есептік сандармен тіркесуі арқылы жа-
салады: мың жарым, жарты мың, үш ширек т.б.
6. Е Т ІС Т ІК Т Е Р СӨ ЗЖ А САМ Ы
Поделитесь с Вашими друзьями: |