5 .5 . Т О П Т Ы Қ С А Н Д А Р С Ө З Ж А С А М Ы
Топтық сан есімдерде көне замандардан келе
ж атқан -ер ж ұрнағы бар. Бұл ж ұрнақ арқылы
қазақ тілінде бірер деген ж алғы з сөз ғана жаса-
лады. Бірақ бұл ж ұрн ақ басқа түркі тілдерінде
қазақ тіліндегіден әлдеқайда өнімді қызмет атқа-
ратыны байқалады. Осы ж ұрнақты ң бірсыпыра
түркі тіддерінде -ар, -әрды бы сты қ варианттары-
мен қатар - сар, - сер, -шәр варианттары да бар.
Олардан татар, баш құрт, түрік, қарақалпақ, гага-
уз, қарачай-балқар тіддерін атауға болады. Ал осы
қосы м ш аны ң бұл тілдерде қолданылу ж айы на
келсек, қазақ тілінде топты қ сан есімнің -ер
қосы м ш асы арқы лы жасалуына ж алғы з бір сан
есімі ғана негіз болса, басқа түркі тілдерінде топ-
ты қ санға негіз болатын есептік сандар біздің
тіліміздегідей санаулы емес, ол тілдерде бұл ма-
ғыналық топ біздің тілімізден өнімді. Кейбір түркі
тілдерінде осы қосымш алар арқылы онға дейінгі
есептік саннан, ал кейбіреулерінде оннан кейінгі
күрделі сан ға да ж алған ы п , олардан топты қ сан
есім жасайды. Түркі тілдерінің басым көпшілігіне
тән бұл қосы м ш ан ы ң қазақ тілінде бір ғана ды -
быстық варианты ж әне бір сөзде ғана сақталып,
ол көнерген өнімсіз аффикске айналған және оның
ешқандай топтау мағы насы сақталмаған.
Қазіргі қазақ тілінде топты қ сан есім жаса-
латын негізгі көрсеткіш ш ы ғы с септікж алғауы .
Ол есептік сан ға қосы лғанда, синтаксистік қы з-
мет атқарм айды , есептік санды сөйлемде басқа
сөзбен байланы сты ру қы зметінде емес, есептік
санға топтау мәнін қосады. Мысалы: Күніне үштен,
төрттен бордақы сем із қойларды сойғызып,
үйіткізеді (Әуезов). Сикорский жігіттерді жиыр-
мадан топтап бөле бастады (М үсірепов).
Қайталама қос сөзден тұратын болжалдық сан
есімдерден ш ы ғы с септік жалғауы арқылы топ-
ты қ сан жасалады. Мысалы: Әлти жалшыны екі-
ден-үштен емес, елуден-алпы ст ан жалдайды.
(М ұқанов). Ж үз-ж үзден шоғырланып аттанған
жігіттер...
Топтау саны, топтау ұғымы сан есімнен кейін
тіркескен өлшем мағынасындағы га, кг;метр, пүт,
литрт.б. сөздерде ш ығы с септік жалғауы қосылу
арқылы да жасалады. М ысалы: Алдағы жылда
гектарына 200 центнерден астық аламын (Мұста-
ф ин). Гектарынан жүз жиырма бес центнерден
алғанда, тары басын көтере алм ай күлап калған
(Мұстафин).
Морфологиялық құрамы жағынан топтық сан
есімдер де дара және күрделі болады. Бұл топтық
сан есімдердің ж асалуына негіз болған есептік
санның дара және күрделі болуына байланысты.
М ысалы: он + нан, жүз +ден, жиырма бес+тен,
жүз елу+ден, алпыс үш+тен, екі жүз елу алты +
дан, бес-бес+тен, он-оннант.б.
Поделитесь с Вашими друзьями: |