5 .3 . Р Е Т Т ІК С А Н Д А Р С Ө З Ж А С А М Ь І
Сан есімнің синтетикалық созжасам жүйесі-
не жататын қосы м ш аға -ыншы, -ітиі, -тиы, -ніиі
ж ұрнағы жатады. Бұл ж ұрнақ есептік сан есім-
нен реттік сан есім жасайды, дара күрделі есептік
сан есімдердің қайсы сы нан да реттік сан есім
осы жұрнақ арқылы жасалады. Коне түркі жазба
ескерткіштер тілінде ретгік сан есім 3 түрлі қосым-
ша арқылы ж асалған: 1) -нч (тоқузунч), 2) -нті
(екінті, екінші), 3) -кі (ілкі, бірінші). Қазақ тілінде
осы а ф ф и кстер д ің біреуі (-нш ы, -нш і, -ыншы,
- інші) ғана сақталған. Реттік сан есімнің бұл
ж ұрнағы басқа түркі тілдерінде сақталған және
ете белсенді, онімді. Соңғы екі ж ұрнақ тілімізде
реттік сан есімнің қосымш асы ретінде қы змет
атқармайды.
Реттік сан есімдер заттың нақты лы санды қ
молш ерін емес, заттың реттік саны н, тәртібін
білдіреді.
Реттік сан есімдердің заттың рет санын, қатар
санын білдіруі оны ң әр уақытта зат есімнің ал-
ды нан келіп тіркесуін керек етеді. Осы қолда-
ныс оны аздап сын есімге ұқсатады, ойткені
мұнда тек тіркесуі ғана емес, оның затгың белгісін
білдіруі де бар. Осы белгінің кейбір тілде басым
корінуі де бар. М эселен, орыс тілінде реттік сан
есімдер деген сан есімнің мағы налы қ тобы жоқ.
Орыс тілінде реттік сан есім туынды сын есімге
жатқызылады.
Контекске қарай біздің тілімізде де реттік
сандардың сы нды қ мәні басым келетін жерлері
бар. Мысалы: Райхан институттағы бірінші сту-
дент десек, ол “ең жақсы студент, алдыңғы сту-
дент, үлгілі студент” деген сияқты ұғым бе-
ретінін кореміз. Бірақ бұндай м ағы нада қолда-
нылуы реттік санның негізгі мағы насы емес, ол
белгілі контексте ғана сондай ұғым бере алады.
Бұл ерекшелікті қазақ тілінің зерттеушілері де
көрсетіп жүр.
Ал реттік сандардың негізгі м ағы насы зат-
тың нақтылы рет, қатар санымен байланысты. Со-
нымен бірге реттік санның озіндік м ағы на ерек-
шелігі де бар. Реттік сан есімнің тілдің созжасам
жүйесіне жатқызылуының тағы бір себебі мұнда
қосылатын үстеме мағынаның озіндік бір ерекше-
лігінде. Мысалы: он кітап дегенде шындық омірде
белгілі бір кезең мен кеңістіктегі нақтылы он кітап
соз болған, ол - бар кітаптың нақтылы саны. Ал
оныншы үйде тұрады дегенде әңгіме бір ғана үй
туралы. Бірақ ол үйдің қатар, рет саны - оныншы.
Міне, бұл жағдай реттік санда сандық ұғы м ға да
белгілі м ағы налы қ озгеріс енетінін дәлелдейді.
Сондықтан, реттік сандардың созжасам жүйесіне
жатуы оте орынды екені анықталады.
Реттік сандардың қолданылуына қарай тағы
бір ерекшелігі бар. Ол - реттік сандардың затта-
нуы. Заттанған реттік сан есім зат есімдерше
түрленіп, зат есімдер атқаратын синтаксистік қыз-
метте қолданылады. Мысалы: Бірің тапсырғанда,
екініиің терезе алдында түрыңдар (М ұқанов). Ек-
іншісіне кім ді үсынасыз? (И манж анов) Бүл - он
бесінші (М ұқанов). Мен біріншіде бес алты күлак
шыккан кезде, екіншісінде тары бас жара баста-
ғ а н д а , ү ш ін ш іс ін д е с ү т т е н е б а с т а ғ а н д а ,
төртітиісінде пісіп келе ж атканда, суардым
(Мұстафин).
Ретгік сан есімдер затгың ғана рет санын емес,
жыл, ай, күн сияқты мезгілдің де ретін білдіреді.
Мысалы: Өнеркәсіптің жалпы өнімін 1965 жылы
1958 жылғыдан шамамен 80%, оның ішінде “А ”
тобы бойынша 85-88 процент, “Б ” тобы бойынша
62-65 процент арттыру белгіленді (“ С Қ ”).
Поделитесь с Вашими друзьями: |