Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет607/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   603   604   605   606   607   608   609   610   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
372

СӨЗЖ АСАМ

Бірлік пен  онды қ аралас күрделі  сандардың 

бәрінде  тірек  сы ңарды ң  м ағы насы   сақталы п, 

олардың мағыналастығын туғызып отырады.  Мы- 

салға  отыз  бір,  отыз  екі,  отыз үш,  отыз  төрт, 

отыз бес, отыз алты,  отыз жеті,  отыз сегіз, отыз 

т оғы здеген  бір тірек арқылы ж асалған  күрделі 

сандарда  отыз  сан ы н ы ң   м ағы н асы   оларды ң 

бәрінің м ағы на ортақты ғы н,  байланыстылығын 

туғы зы п тұр.

Тілде тірек сыңар болатын сандар көп  емес, 

олар:  ондықтар, жүздіктер,  мыңдықтар.  М ысал- 

ға жүздіктердің тірек сыңар болуын  келтірейік. 

Алдымен жүз сөзі жүздіктердің жасалуына тірек 

сыңар болады.  Мысалы: бір жүз,  екі жүз, үш жүз, 

торт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, 

тоғыз жүз. Ж үз саны тоғы з бірлікпен тіркесіп, 

тоғы з  түрлі  ж үздіктің  атын  ж асаған,  я ғн и   бұл 

үлгіде жүздіктердің  аты ж асалған.  Осы  күрделі 

сан  атауларының жасалуына жүз саны  негіз бо- 

лып,  бұл  күрделі сандардың жасалуына ұйытқы, 

тірек сыңар болып тұр.

Ж үздіктер 

атауында  тірек  сы ңар  екінш і 

орында,  ауыспалы  сы ңар бірінш і  орында тұра- 

ды. Ж үздіктердің мағынасы бірлік пен жүздіктің 

көбейтіндісінен ш ығады. Ж асалған осы  күрделі 

сандардың бәрінде жүз санының м ағы насы бар, 

ол осы жүздіктердің  м ағы на байланы стылығы н 

туғы зы п,  ж аңа  м ағы н аға  өзек  болып  тұр.  Осы 

ж асалған әр ж үздік бірліктермен де,  онды қтар- 

мен  де,  онды қ  пен  бірлікті  бірден  қосы п  алып 

та,  күрделі сан жасап,  оның бәрінде тірек сыңар 

болады.  Мысалы: екі жүз бір,  үш жүз он,  бес жүз 



он  алты т.б.

С өйтіп,  ж ү зсаны жүздіктің түрлерін  жаса- 

ғанда да, жүздіктер мен ондық, бірліктер аралас- 

қан  күрделі  сандарды ң  жасалуына да  тірек сы- 

ңар ретінде  қатысады. Ж узсаны ,  ол арқылы жа- 

салған  жүздіктер тірек сыңар ретінде  қаты сы п, 

тілімізде  900  күрделі  сан  атауын ж асаған.  М ил- 

л и он ға  дейінгі  күрделі  сандардың  жасалуында 

тірек сы ңар  қы зметінде  қолданылатын  сандар- 

дың  ең  өнімдісі  -  мыңдықтар,  мыңдықтарды ң 

түрлері де мол. Олардың әрқайсысы талай  күрделі 

сандардың  ж асалуына  негіз  болады,  ан ы ғы р ақ 

айтсақ,  онды қ  пен  жүздіктер арқылы ж асалған 

күрделі  сандарды  ш ы ғарғанда,  қалған  күрделі 

сандардың бәрі мыңдық арқылы жасалады.  Мы- 

с а л ға ,л ш «  саны тоғы з бірлікпен тіркесіп, тоғы з 

мыңдықтың атын  жасайды: бір мын,  екі мың,  үіи 

мың,  төртмың, сегізмың, тоғыз мың.  М ыңдық- 

тар  бірлікпен  ғана  жасалып  қоймайды ,  ол  он- 

ды қпен де,  жүздікпен де,  жүздік аралас  күрделі

сандармен де тіркесіп жасала береді.  Мысалы: он 



мың,  жүз мың,  жүз  елу мың,  тоғыз жүз токсан 

тоғыз мың т.б.  Бұлардың барлы ғында тірек сы- 

ңар  - мың саны.  Ол соңғы  орында тұрады, ауыс- 

палы  сыңарлар тірек сыңардың алдында тұрады. 

Тірек  сыңардың  м ағы насы   бұл  күрделі  сандар- 

дың  бәріне  ортақ,  бәрінің  м ағы на  байланы сты- 

лы ғы н  туғызады.

Осы  ж асалған  мыңдықтар  өзіне  түрлі  сан- 

дарды  қосып алып, тірек сыңар ретіғще миллион- 

ға дейінгі басқа да түрлі  күрделі сандарды жасай- 

ды:  жүз  елу  алты  мың  алты  жүз  жетпіс  сегіз, 



жүз  елу  алты  мың  сегіз  жүз  тоқсан  тоғыз  т.б. 

Бұларда тірек сыңар болып тұрған сан  — жүз елу 



алты мың.  Осы сияқты   мыңдықтар күрделі сан- 

дардың жасалуына негіз болады.  Мыңдықтардың 

атында мың саны тірек сыңар болғанда,  күрделі 

санны ң  соңғы   сыңары  болады,  ал  мыңдықтар- 

дың үстіне қосылған миллионға апаратын күрделі 

сандарға тірек сыңар болған  мыңдықтар бірінші 

орында тұрып,  ауыспалы сыңар соңында тұрады.

Сөйтіп,  күрделі  сан  есімде  тірек  сыңардың 

орны  екі түрлі,  ол  күрделі  санны ң алғаш қы   сы- 

ңары да, соңғы  сыңары да бола береді.  М ысалға, 

онды қ  пен  бірлік  аралас  күрделі  сандарда  тірек 

сыңар  бірінші  орында,  ауыспалы  сыңар  екінші 

орында тұрады.  М ысалы: он бір,  отыз екі,  кырык 

бес т.б.  Ал  жүздіктер  мен  мыңдықтарда екі түрлі 

заңдылық бар:  1) Ж үздіктің,  мыңдықтардың  ат- 

тары жасалғанда, жүз, мың сандары тірек сыңар 

қызметінде  күрделі санны ң соңғы   сыңары  бола- 

ды.  Мысалы:  тоғыз+жүз,  сегіз+жүз,  алты+мың, 

ж үз+мың,  екі  жүз  алпыс  екі+мың  т.б.  2)  Ал 

жүздіктерден  мыңға,  мыңдықтардан  миллионға 

дейінгі жүздіктердің,  мыңдықтардың үстіне қосы- 

латын  сандардың  бәрі  ауыспалы  сыңар  болып, 

күрделі сандардың соңындатұрады.  Мұндай күрделі 

сандарда жүздіктер,  мындықтар тірек сыңар қыз- 

метінде күрделі санның алдында тұрады.  Мысалы: 

алты Эісүз+елу бес, сегіз жүз+жетпіс үш т.б.  Бұдан 

жүздіктер мен мығщықтардың тірек сыңар қызмет- 

інде  күрделі  сандарды  бірінші  орында да,  екінші 

орында да тұра беретіні анықталды, олардың күрделі 

санда қай орында тұруы қандай сандарды жасауы- 

набайланысты.  Біз миллионға дейінгі күрделі сан- 

дармен шектелгендіктен, одан жоғарғы сандардың 

тірек сыңары мұнда сөз етілмейді.

Күрделі сандардың жасалуына ұйытқы бола- 

тын  тірек  сыңарлар  туралы  келесі  бір  мәселе  — 

олардың  құрамы туралы.  Күрделі  сандарға тірек 

сыңар  болатын  сандар  дара  да,  күрделі  де  бола 

береді.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   603   604   605   606   607   608   609   610   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет