5.2.2. Күрделі сандардың тірек сыңары
Сөзжасам ісіне қатысатын бірліктердің бәрінің
қызметі бірдей деуге келмейді. Соз синтетика-
лық тәсіл арқылы жасалғанда, қосымша яғни соз-
тудырушы ж ұрнақты ң қызметі оте күшті, ол ар-
қылы белгілі м ағы налы туынды соз жасалады
және ол талай туынды создің жасалуына ұйытқы
болады. Сол сияқты күрделі создің жасалуына
ұйытқы болатын создер болады.
Күрделі сандардың жасалуында да тірек сы-
ңар негізгі қы змет атқарады. Күрделі сандардың
тірек сыңары бірнеше күрделі санның жасалуына
негіз болып, олардың бәрінің құрамынан бір орын
алып, бәрінде бір м ағы на береді. Ондай күрделі
создердің басқа сыңары ауысып, тірек сы ңарға
түрлі м ағы на қосы п отырады. О нды қ пен бірлік
аралас күрделі санда жаңа м ағы на онды қ пен
бірліктің қосындысынан шығады. Мысалы: он бір,
он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он
сегіз, он тоғыз. М ұнда он саны тоғы з бірлікпен
тіркесіп, тоғы з күрделі сан жасаған. Әр ондық та
осылайш а 9 бірлікпен тіркесіп, тоғы з-тоғы здан
күрделі сан жасайды. Ондықтардың тірек сыңар
болуы арқы лы барлы ғы тілде 81 күрделі сан жа-
салған. Бұлардың бэрінде тірек сыңар болатын
ондықтар үнемі бірінші орында, ауыспалы сы-
ңарлар екінші орында тұрады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |