Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет593/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
362

СӨЗЖАСАМ

М ысалы:  Жігіт  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  бол- 



сын (М ұқанов).  Бұл күрделі сындардың  мағы на- 

сы сыңарларының мағынасының қосындысынан 

жасалады.

Екі  құрамды  күрделі сынның тағы  бір үлгісі 



етістік  +  катыстык  сын:  ұлы ған  торсықтай, 

кақкдн кдзыктай, күйген терідей, аршыған жұмырп- 

кадай,  түксиген  кабақты, ашыған айрандай т.б.

Өнімсіз  үлгі  ретінде  етістік  +  сапа  сыны 

үлгісінде  де  күрделі  сындар  кездеседі:  кат қан 

қара,  шыжыған ыстық, уылжыған жас, борпиған 

сары,  ілмиген арық, лыпылдаған ж ылпосі.Ь.

Беті күйген терідей бырысып-тырысып қа л- 

ған неме екен (М ұқанов).

Бұл күрделі сындардың мағынасы сыңарлар- 

ды ң  м ағы насы ны ң жинақталуы арқылы ж асал- 

ғанымен, одан алыстап, дерексізденген.

Тілімізде үш құрамды күрделі сындар да бар, 

бірақ күрделі сы нны ң бұл түрі өте аз,  екі құрам- 

ды  күрделі сындармен саны ж ағы нан  салысты- 

руға келмейді: Алайда аз болса да,  аш қасқырдай 



қомағай, сары алтындай салмақты (қыз),  таңғы 

шықтай таза (сезім), ал қара көк,  бес биенің са- 

басындай,  ақ сұр жүзді (қыз), түйе жүн шекпенді, 

кызыл  қүрең жүзді (жігіт).

Үш  құрамды  күрделі  сындар  негізінен  екі 

жолмен жасалады:  1) дара сын  +  күрделі сын,  2) 

күрделі сын  + дара сын.



Дара  сын  +  күрделі сын  үлгісімен  ж асалған 

күрделі сындар төмендегідей: күмістей таза сулы, 



нәзік қоңыр сәулесі т.б.

Күрделі сын  +  дара  сын  үлгісімен  ж асалған 

үш  құрамды  күрделі сы ндарға мысал  мынадай: 



сары  алтындай салмақты,  аш  қасқырдай қом а- 

ғай,  ақ сұр жүзді,  қызыл күрең жүзді,  түйе жүн 

шекпендіт.б.

Үш  құрамды тіркесті күрделі сындардың ма- 

ғынасы да - жалпы  күрделі сындардың м ағы на- 

сы  сияқты   құрамындағы сыңарлардың мағы на- 

сы  негізіндегі жалпы туынды  м ағы на.

М ысалы,  аш  қасқырдай  қом ағай  деген  үш 

құрамды тіркесті күрделі сынды алсақ, ол күрделі 

сын  мен дара сынның қосындысынан жасалған. 

М ұндағы аш қасқырдай деген күрделі сын қома- 

ғай деген дара сынның мағынасын толықтырып, 

күш ейтіп  тұр,  соны ң  нәтижесінде  тек  қом ағай  

деген белгінің күшейтілген мағынасы қалыптас- 

қан.


А л қара көк деген  күрделі  сын дара сын мен 

күрделі сы нны ң тіркесінен ж асалған.  М ұндағы 



қара көк күрделі  сыны  көктің  қараға жақындау 

реңкін  білдіреді.  О ған  қосы лған  ал  қара  көк

реңктің  сәл  аш ы қ  реңкін  білдіреді.  Сөйтіп  үш 

құрамды  күрделі сындардың  мағы насы да оның 

құрамындағы сыңарлардың мағынасына негізде- 

ле жасалады.

Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлар- 

дың мағыналарының кеңуі, жалпылануы, нақты- 

лануы,  қосылуы,  кірігуі сияқты  түрлі өзгерістер- 

ге ұшырауы арқасында күрделі сын біртұтас лек- 

сикалық м ағы наға көшеді.

Күрделі  сындарды ң  м ағы насы   оны ң  құра- 

мындағы сыңарларды ң  м ағы налары ны ң кірігуі, 

жымдасуы,  не сы ңарлары ны ң бірігуінің,  не еке- 

уінің де  негізгі м ағы н асы н  ж оғалты п,  басқа ма- 

ғы н аға көшуі, я ғ н и  идиомалануы арқылы жаса- 

лады.

Осы  күрделі сындарды жасауда ерекше  қыз- 



метті сапа сындары  мен  қаты сты қ сындар атқа- 

рады.  Күрделі сы нны ң жасалуында ұйымдасты- 

рушы қызметін тірек сыңар атқарса, күрделі сында 

тірек  сыңар  қы зметін  түр-түс  және  сапа  сыны 

мен қатыстық сындар атқарады.  Басқа сөз тапта- 

рынан тірек сыңар қызметінде текж екелеген зат 

есімдер кездеседі, олардың идиомалануы арқылы 

күрделі сын жасалуы кездеседі, бірақ олар санау- 

лы  ғана.

Күрделі сындар алуан түрлі мағынада қолда- 

нылады,  сондықтан оларды түрлі мағыналық топ- 

тарға топтастыруға болады,  бірақ бұл туралы ар- 

найы   зерттеу  ж асал м аған .  С онды қтан  мұнда 

күрделі сындардың кейбір ірі  м ағы налы қ тобын 

түгел қамти алмайды.

Күрделі сындардың төмендегідей мағыналық 

топтары бар:  1) түр-түс күрделі сындары,  2) сапа 

мәнді күрделі сындары, 3) адамға қатысты күрделі 

сындар, 4)  киімге қатысты  күрделі сындар,  5) та- 

биғатқа қатысты  күрделі сындар,  6) жануарларға 

қатысты күрделі сындар,  7) үй мүліктеріне қатыс- 

ты күрделі сындар,  8)  құрал-ж абды ққа  қатысты 

күрделі сындар.

Т ү р -тү с  м ән ін д егі  күрделі  сы н дар  түсті 

білдіретін  негізгі  сындардан жасалады.  Өмірдегі 

зат атаулының түрлі түсін,  реңкін білдіреді.  Олар 

іштей  аш ы қ  түсті  білдіретін  күрделі  сындар  (ақ 

боз, ал қызыл,  ақ сұр), қою түсті білдіретін күрделі 

сындар (қара қошқыл,  қара көк, қара торы), сол- 

ғы н түсті  білдіретін  күрделі  сындар (күлгін  көк, 

солғын қоңыр), түрлі түсті білдіретін күрделі сындар 

(көк ала, теңбіл көк,  шұбар ала) болып бөлінеді.

Сапа мәнді күрделі сындар мағынасы ж ағы - 

нан түрлі-түрлі.  Олардың кейбірін  ғана атауға бо- 

лады:  аумақ-көлем   мәнді  күрделі  сындар  (еңге- 



зердей үлкен, қағаздай жұқа, түпсіз терең, қылдай



жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет