Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет588/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
КҮРДЕЛІ СЫН  ЕСІМДЕР

357

өйткені күрделі сынның сыңарлары дербес сөздік 

мәнінен  айрылып,  бір сөздің  ішкі  мүшесіне ай- 

налған. Сондықтан күрделі сындар біртұтас тілдік 

бірлік ретінде сөз тіркесінің бір мүшесі  ғана бола 

алады, сөз тіркесінің бір мүшесінің қызметін ат- 

қарады, оның құрамындағы сыңарлардың әрқай- 

сысы  соз  тіркесінің  мүше  қызметін  атқара  ал- 

майды.  М ысалы:  Әлібай да  құла төбел  кұнаны- 

мен тұра шапты (Бегалин).  Осы сөйлемдегі кұла 

төбел  кұнан  бір  сөз  тіркесін  жасайды.  Осы  сөз 

тіркесінің бір мүшесі - кұла төбел, екінші  мүшесі

-  кұнан.  Ал  м ұндағы   кұла да,  төбел де  сөйлем- 

дегі басқа ешбір сөзбен сөз тіркесін жасамайды.

Күрделі сындардың құрамының тұтастығын 

олардың сыңарларының арасына басқа сөздердің 

кіре алмауы да білдіреді.  Күрделі сындар біртұтас 

сөз болғанды қтан,  оның сыңарларының арасын 

басқа  сөзбен  бөлуге  болмайды.  Бұл  -  сөз  атау- 

л ы ға   тән  жалпы  заңдылық.  Негізгі  түбір  бол- 

сы н,  туынды  түбір  болсын  олар  -  біртұтас  сөз, 

сондықтан  олардың тұтастығын бұзып,  арасына 

басқа сөз  кіре алмайты ны белгілі. Дәл  осындай 

күрделі сөздер де біртұтас сөз болғандықтан, оның 

қолданыста тұтастығы сақталады.

Күрделі сындар айтылу жағынан да бір ұдай, 

бір  ы р ғақ  арқы лы   ерекшеленеді.  Күрделі  сы н- 

дардың құрам ы ндағы   сыңарлардың әрқайсы сы  

жеке айтылып, сыңарлары  пауза арқылы бөлініп 

тұрмайды.

Күрделі сындардың сыңарларының ара жігі 

бөлінбей, біртұтас ырғақпен айтылып, бір сөздегі 

бір екпінмен айтылады.

М ысалы:  Ұзын  бойлы,  кара сұр,  ашык жүзді 

Күңке ерінің жылы шырайын пайдаланып,  -  Мен 

бүгін теңдерді шешкізіп,  ертең  үйлерді тіккізбек 

£дім,  - деп,  М айбасарға қарады.  Зор денелі,  бурыл 

сакалды Құнанбайдың жалғыз  көзі бұларда емес 

(Әуезов).  Осылардың еш қайсында күрделі сын- 

ның сыңарларының арасында пауза,  іркіліс жоқ, 

айтылуда күрделі сындар біртұтас сөз ретінде бір 

екпінмен ғана айтылады.  Кідіріс тек күрделі сын- 

дардан  болған  біры ңғай  мүшелердің  арасы нда 

ғана бар.

Түркі  тілдері,  оны ң  ішінде  қазақ  тілінде 

күрделі сындар сөздің бір белгісі саналатын емле 

белгісіне бағынбайды ,  бірақ сөзді тануға қойы - 

латын басқа белгілердің бәріне ол толық сәйкес. 

Ал  емле  белгісі  күрделі  сөздер  деп  біріккен 

сөздерді танитын тілдердің озінде де тұрақты белгі 

бола алмай жүргені  ғылымда көрсетіліп жүр. Сон- 

дықтан түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде

емле  күрделі  сөзді  тануға  белгі,  тірек  болып  са- 

налмайды.

Күрделі  сын  сөзж асам н ы ң   аналитикалы қ 

тәсілінің 3 түрі арқылы жасалады.  Олар: біріктіру, 

қосарлау, тіркестіру тәсілдері.  Осымен байланыс- 

ты  күрделі  сы нны ң  3  түрі  бар:  біріккен  күрделі 

сындар,  қос сөзді күрделі сындар, тіркесті күрделі 

сындар.

Біріккен  күрделі сын есімдер онш а көп емес. 

Кейбіріне  мысал  келтірейік:  көнетоз,  көнтері, 

тілалғыш, есерсок, біртоға, аланғасар, аласабыр, кер- 

тартпа, конакжай, жарымжан, балажан, карапай- 

ым,  кеудемсок,  ішкұста  (аш у), етжеңді,  кірпияз, 

можантопай,  етекбасты (мінез),  бұратана,  кем- 

тарт.6.  Мысалы:  Мынау нағыз можантопай мау- 

бас  түйенің  өзі  екен  ғой   (Досжанов).  Үлбике  - 

етжеңді,  дөңгелек бетті,  киғаш  кара касты  то- 

лыкша кыз (Омаров). Көнетоз сүрғылт тысы бар 

жүндес кара елтірі тымактың бет тұсы сірескен 

карлы м ұз (Әуезов).  Одан әрі төрге алаша төсел- 

ген,  іргеде алабажалак кұрак көрпеше жаюлы жа- 

тыр  (С ерғалиев). А л  Э ли болса  шалык ауруы  бар 

кемтар жігіт (Омаров).

Қос  сөзді  күрделі  сын  есім  сөздер  тілде  өте 

көп: ұзынды-кыскалы,  жаманды-жаксылы,  акты- 

каралы,  кызылды-жасылды,  ерке-бұлаң,  көл-көсір, 

ала-кұла,  ағал-ж ағал,  сыбай-салтаң,  кан-сөлсіз, 

кедір-бұдыр,  телегей-теңіз,  ұзыннан-ұзак,  өркеш- 

өркеш, үйме-жүйме, аумалы-төкпелі, кырғи-кабак, 

элем-жәлем, сұлу-сыпайы, кайғы-касіретсіз, үлкен- 

үлкен, ұсак-түйек, биік-биік т.б.

Тіркесті күрделі сындар тілден кең орын ала- 

ды.  Олар сөзді танудың емле белгісіне бағынбай- 

ды. Тіркесті күрделі сындар неше сыңардан құрал- 

са  да,  оны ң  сы ңарлары  бөлек-бөлек  жазылады. 

Мысалы, ақ сары, күрең қызыл, қара қошқыл, теңбіл 



көк, удай ащы,  коңыр салқын, майда қоңыр,  қызыл 

шүнақ (аяз), түлкі бұлаң, көк долы, көк жасық, то- 

м аға тұйық, кер шолақ, арыстандай айбынды, түлкі 

тымакты,  қасқыр  ішікті т.б.  Осы  тіркесті  сын- 

дардың  қайсысы  болсын  біртұтас м ағы на береді. 

Күрделі сынны ң барлы қ белгісіне сай  келеді.

Ерекше ескерілетін  мәселе осы  күрделі сын- 

дардың құрамындағы оны ң сыңарларының қан- 

дай тілдік бірліктен болатынына арнайы көңіл бөлу 

керек.  Ғалымдар бір ауыздан күрделі сөздің құрамы 

дербес лексикалы қ бірліктен,  я ғн и  толы қ м ағы - 

налы  ең  кемі  екі  сөзден  жасалады деп  санайды, 

кейде оларды байланыстыратын,  не сыңарлардың 

құрамында  көмекш і  сөзі  де  болуы  мүмкін  деп 

санайды.  Бірақ ондай  көмекшілер күрделі сөз жа- 

саушы сыңар деп саналмайды.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет