-ғ ы //-г і//-қ ы //- к і. Сөзж асамдық бұл ф ор-
мант түркі тілдерінде кейде -ғь//< тұлғасымен тек-
тестіріледі, яғн и : -ғы > -ғы қ. Ол түркі тілдерінің
көбінде зат атауын да, сын атауын да жасайды.
Бұл ф ормант олардың кейбірінде зат атауын жа-
сауға кобірек қатысса, басқа біреулерінде одан сын
атаулары ж иірек пайда болады. Ол озінің осы
әртарап сөзжасамдық қызметінде есім негізге де,
етістік негізге де жалғанады.
- ғ ы //- г і қазақ тілінде де солай: етістік не-
гізден зат атауын, ал есім негізден сын атауын
жасайды. Бірақ мұнда оның соңғы топ жасалым-
дардан горі зат атауын жасайтын тұстары басым-
ырақ. Солай бола тұрғанмен де тілімізде ол арқ-
ылы пайда болған сын атаулары да біраз бар.
Кейбірі олардың мына іспетті. Таңғы самал жа-
татын сүйіп м ені (М ақатаев). Бесінге ауып бара-
ды түскі аспаным (Сонда). Жарқырайды түнгі
ауылдың оттары (Сонда).
Қ азақ тілінде бұл -ғы форманты, Ахмет Бай-
тұрсы нұлы ның терминімен айтқанда, сөзжасам-
ды қ қаты насқа мұндай “атауыш сездерден” гөрі
“ шылау сөздерм ен” , я ғн и қазір көмекш і есім,
үстеу, септеулік статусында сипатталатын сөздер-
мен ж иірек түседі. М ысалы, мына бір тіл дерек-
теріне қарап сөлай ойлауға болады. Шеткі қыс-
таудың арт жағында... (Аймауытов). Ж оғарғы
ауылдан қыз-келіншектердің әні естіледі (Сонда).
Қартқожаның қыстайғы газеттен коргені расқа
шықты (Сонда). Жап-жасыл боп көктеді, Соғыс-
тың соңғы кокт емі (М ақатаев).
Тіліміздегі мұндай құрылымды туынды сын
атаулары мүш еленімдік ж ағы нан үнемі біркелкі
болып келе бермейді. Олардың (сан жонінен тым
коп болм ағаны м ен) белгілі бір болігі н егізж ән е
жұрнақ тұрғысынан жоғарыда талданған туынды
сын атаулары тәрізді мүшеленбейді. Бұлардағы
негіздеуші болік пен ж ұрнақ күнделікті тілдік
тәжірибеде бір-бірінен ажырамай, тұтас күйінде
қолданы лады . Бірақ негіздеуші элем енті мен
созж асам дық элементі бір-бірінен аж ы рағы сы з
мұндай құры лы мдар, ілгеріде айтқанымыздай,,
тілімізде онш а коп емес. Кейбірі, мысалы мына-
лар. Қараңғы ойлар Қартқожаның басын кернеді
(Аймауытов). Жылайды да тұрады жылаңқы бүлт
(Мақатаев). Кәдімгікөпшіліктің ерлі-байлы тірлігі
келді (Әуезов). Бізді оқытуғатаңқы мүрт, жыл-
тыр қара қожаны ұстап... (Аймауытов). Қайқы
тос келіншектің жасыл койлегі... (Сонда).
СЫ Н ЕСІМДЕР СӨЗЖАСАМЫ
351
Бұл жүргізілген талдауға байланысты тағы
мына бір тіл деректері көңіл аударады. Ж оғары-
дағы кәдімгі туылымының кэдім болігін кейбір
көне әдебиет үлгілерінен кездесетін қадім оқуы,
кадім заман тіркестерінің қадім (кадим) сыңары-
мен салыстыруға болады. Сы нды қ мағынадағы
сондай-ақ кайқы жасалымымен тіліміздегі тайқы
маңдай тіркесінінтайқы сыңары да құрылымдас.
Ж оғарыдағы қараңғытуынды сын атауын қараң-
дайды етістігімен тектестіруге, яғн и бұл екі фор-
маның екеуін де тілімізде қараң деген бір негізден
қалыптасқан туылым деп қарауға болады.
Тағы бір көңіл аударатын нәрсе: қазақ тілінде
сөзжасамдық бұл ф орм ант туынды сын атауын
үнемі бұлай тек есім негізден жасамайды. Ол
сындық ұғымды сонымен қоса кейде етістік не-
гізге жалғанып та жасай алады. Ойнақы көзіжалт
Поделитесь с Вашими друзьями: |