неден немесе одан не істелетінін білдіреді.
үзінділерден мысалы сондай ой туады.
346
СӨЗЖАСАМ
Үлы тыныштықты бұзып тұрған дыбыс -
т аст ақ ж олмен қеле жатқан аттылардың ты-
қыры ғана (Әуезов).
Қасына бес-алты салт атты
жүрдек жігіттер ерткен (Сонда). С оңғы мы-
салдағы ж әне тілімізде ж алпы жиі айтылатын
жүрдек ат, жүрдек поез тікестеріндегі
жүрдек сын
атауының білдіретін ұғымы, біздің байқауымыз-
ша, “жүргіш, жүрісті, ж үрісқой” дегенге көбірек
келіңкірейді. Ал, алдыңғы сөйлемдегітастақд&-
риватының “мағыналық аумағы” /7?ясть/сын ата-
уының семантикасын түгел “жаба алмайды”. Бұл
екеуінің (тасты ж әне тастақ туылымдарының)
ұғы м ды қ арақаты насы н шөпті және шөптесін
сын атаулары ны ң ұғы м ды қ арақаты насы м ен
түсіндіруге болады.
Ж оғары дағы туынды сын атаулары сөзжа-
самды қ -д а қ/-т а қ ф орманты арқы лы зат және
қимыл атауларынан қалыптасқан. Мұндай құры-
лымды туынды сы н атаулары ны ң негіздеуіш
бөлігі тілімізде сон д ай -ақ түбір сын атауы бо-
лы п та келеді, мысалы: Екі қыз барғамыз. Ажар
екеуіміз. Ж еңілт ек қыз еді (Аймауытов).
Қала-
ның көл жақ шетінде т апалт ақақ шіркеу көрінеді
(Сонда). Одан соңғыдүрдек ерін, ж алпақ мұрын
Д о ға деген жігіт еді (Сонда).
Сөзжасамдық -дақ/-дек/-т ақ/-т ек форман-
ты біраз ретте дыбыс-еліктеуіш терден жасалған
туынды есімдерге жалғаны п та жаңа сын атауын
түзе алады. Қарсы қабырғада, бұрышта жалты-
раған солқъиідақ кроватв (Аймауытов). Б ы лқы л-
дақ барқыт орындық ... Балташ бы лқылдақ ор-
нына келіп отырды (Сонда). Үйытқып соққаң,
ызылдақ ж ел (Сонда). М олдашқа даңғы лдақ
Жығылбайдың қызын айттырмаса... (Мүсірепов).
Бұл м ы салдардағы туынды сын атаулары-
ның м орф ологиялы қ құры лы мы н былай мүше-
леп көрсетуге болады: солқ (дыбыс еліктеуіш) +
-ы л (жұрнақ) >
солқыл (дериват есім) +
-дақ
(сөзж асамдық ф орм ант) > солқылдақ (туынды
сын атауы).
Былқылдақ, ызылдақ, даңғылдақ - бұлар да
тілімізде осындай құрылымда қалыптасқан.
Тілімізде сөзж асам ды қ осы -дақ форманты
арқылы пайда болған есім негізді сын атаулары
қатарына сондай-ақ шаңдақ, шардақ, құмдақ ту-
ылымдарын да ж атқы зуға болады.
Поделитесь с Вашими друзьями: