Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет550/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
332

СӨЗЖАСАМ

“ Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі”  атты еңбекте ол 

жеке  таны лы п,  күрделі  сөздің  бір  түрі  ретінде 

бөлініп,  көрсетілді.  Осы еңбекте күрделі сөз, со- 

ның  ішінде тіркесті  күрделі  сөз  -  сөзж асам ны ң 

нысаны екені анықталған.

Тіркесті  зат  есім  әр  түрлі  ұғы м ,  құбылыс, 

заттардың арасындағы түрлі қарым-қатынастары 

туралы түсінік беретін жанды, ж ансы з заттарды 

б іл д ір е т ін   б а р л ы қ   с ө з д е р д і  б ір   л е к с и к а -  

грамматикалық топқа ж инақтайты н зат есім та- 

бына жатады ж әне тіркесті зат есімнің қолданыс 

аясы да өте  кең.

Сөзтіркесім  -  ж аңа сөз жасаудың  ең  өнімді 

жолы.  Қазақ тілінде зат немесе құбылыстың атын 

тіркестіріп атау жиі ұшырайды.  Бұл сөздер - ата- 

лым (номинация) дәрежесіне жеткен сөздер.  Егер 

сөз тіркесі лексикалы қ тұтастыққа айналып, ата- 

лым  дәреж есіне  ие  б ол ған д а,  сөз  тіркесі  өз 

қызметін тоқтатады.  Мұндағы басты қасиет, заң- 

ды лы қ -  ұғы м ны ң атауы дәрежесіне жетуі.  М ы- 

салы , кэрі ж ілік,  ортан ж ілік,  өгей шеше,  қайын 



жұрт, Ақ орда, кіндік шеше, ауыз омыртқа, азу тіс, 

бел  омыртқа,  ауа райы,  күйеу  бала,  киіз үй т.б. 

тәрізді күрделі зат есімдер соны ң нәтижесі.

Келтірілген тілдік деректер - сөз тіркестерінің 

құрылымын сақтаған,  бірақ бір ұғы м ны ң атауы 

дәрежесіне жеткен лексикалы қ бірліктер.

Л ексем алы қ  тіркесімдердің  басты  белгісі  - 

құрамындағы сыңарлардың орны берік, арасына 

сөз  қойы лм айды ,  екі  сы ңары   да  қалы птасқан 

тұлғасы н  сақтайды .  Екі сы ңары н ы ң   м ағы насы  

өзара логикалық үйлесімді болып келеді. Тіркесті 

зат  е сім д ер   о р т а қ   е к п ін м е н   ай ты л а д ы   да, 

құрамындағы сыңарларды ң тұрақты лы ғы   мыз- 

ғы м а й ты н ,  ө зге р м е й т ін   қ а л п ы н   са қ та й д ы . 

Мұндай сөзтіркесімдер бірбүтін болып, бір ұғым 

ретінде қалыптасады.  М ысалы, ауыз су, қонақ үй, 

ас үй,  ақ орда,  ас түзы,  асық жілік,  бел омыртқа, 

азат жол (абзац), кіндік іиеше,  күрек тіс,  азу тіс, 

қарын бөле (туыс), мүш ел жаст.б.

М ысалы,  ақ  орда  -  сөзінің  м ағы н алы қ  да- 

муы:  1)  киіз  үй;  2) көне,  билік иесі  оты рған  үй;

3) Ақ орда - резиденция. Ақ орда - Тайбурылдың 

үстіне алтыннан тұрман  ер салып, Аз  ғана азық 

жем салып, Ақ орданың аддынан,  Өткізді  Құртқа 

к ө л д е н е ң   (Қ о б ы л а н д ы   б а т ы р ).  А қ  ор д а  - 

“рези д ен ц и я” А қ орданың есігі  айқара ашылды! 

Ата-баба жолымен ақ киіздің  үстінде тұрып ант 

берген  Елбасы  еңкейіп  еліміздің  көк байрағы н 

сүйді  (“Астана ақш ам ы ”). Осы екі мысалдан сөз 

м ағы насы ны ң дамы п,  жетілгені ан ы қ көрінеді. 

Туынды  м ағы наны ң  өзегі  бұры нғы   сөздің  ма-

ғы насы нан  байланы сы н  үзбей,  соның  негізінде 

дамып, кеңейген.  Қазір бұл сөз мемлекеттік жүйеде 

қолданылатын термин дәрежесіне жеткен.уФс орда 

сөзінің  дамуы  -  алты  қанат  ақ  ордадан  бастап, 

хандық  мәнді  білдіретін,  я ғн и   ханның  сарайы , 

хан тұратын мекен, тұрақ мағыналарында жұмсал- 

ған, кейін қолданыс ерекшелігіне қарай  мемлекет 

ұғы м ы нда  қолдаңы лса,  қазір  саяси -әкім ш ілік 

термині.  Сөздің  құрамында,  құры лы сы нда  еш 

өзгеріс ж оқ,  бірақ жаңа сөз, жаңа м ағы на,  себебі 

жаңа  ұғымды  білдіретін  м ағы н аға ие б о л ған .А қ  



орда, А қ ү й е кеуі де резиденция деген  м ағы наны  

біддіреді.  Имамдарды Ақ үйде қабылдап, ауызашар 

өткізетін  б олған  (“ П арасат” ).  Қазір қолданыста 

мемлекеттік басқару аппараты мен билік жүйесін 

сипатгайтын терминдер қатарында жұмсалады.

Осы  си яқты   лексикан ы ң  басым  көпшілігі 

бұрын көнерген сөздер тобында жүрсе, қазір қайта 

жаңару, жандану үстінде.

Тіркесті зат есімнің бірнеше ерекшеліктері бар:

1. Л ексикалық бірлік ретінде сөйлеу үрдісінде 

құрастырылмай, тілдің бұрыннан жасалып, қалып- 

тасқан даяр бірліктері ретінде қолданылады.  Мы- 

салы, күрек тіс,  азу тіс, жеті ата (тек), ара ағай- 

ын,  шыбын жан, асүй т.б.

Жеті атасын білмеген - жетімдіктің салдары, 

эзіл  сөзді  ауырлау  -  шетіндіктің  салдары  (М а- 

кт ).Ж ар болғай, алла, өзіме, Шыбын жаным көрінді 

(Қобыланды) тәрізді сөйлемдерден жеті ата,  шы- 



бын жан сөйлеу кезінде жасалмай, тілде бұрыннан 

ж асалы п,  қалы птасқан  лексикалы қ  қорда  бар 

тілдік бірліктер.

2.  Құрамы  мен  құрылысы  ж ағы нан  тіркесті 

зат есімдердің сыңарларының орны тұрақты. Оны 

құрастырушы сыңарлардың орны өзгермейді, бас- 

қа сөздермен алмастыруға көнбейді. Тіркесті зат 

есім дердің  құ рам ы н д ағы   сы ң арларды ң   орын 

тәртібінің  тұрақты лы ғы м ен  сипатталады.  Тілде 

тұтас күйінде қолданылады.

3.  Тіркесті  зат есімдерге де  тән  қасиет  -  ма- 

ғыналық тұтастық.  Мысалы, тоқ ішек, күшік күйеу, 



кіндік  шеше,  іш  ауру,  ауыз  су  т.б.  осы  тәріздес 

тіркесті  зат  есімдер  қатысым  кезінде  жасалмай, 

тілде әуелден ж асалған даяр лексемалар ретінде 

ж ұм салады .  А талған   тіркесті  зат  есім дердің 

құрамындағы сыңарлар мысалы, ііи аурудетешъп 

іш  ж әне  ауру деген  сыңарлар  бір-бірімен  қаты- 

сым  үрдісінде тіркестірілмей, бұрыннан қалыпта- 

сқан, бір ұғымның атауы ретінде ұғынылады.  Бір 

бүтін сөз ретінде қабылданады.  М ұндай тіркесті 

сөздер қажетінде даяр тұрған тұтас қалпында ба- 

сқа  сөздермен  тіркестіріп  қолданыла  берілді.





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет