арасында шанышпасы да болды (Әуезов); Соның
бір үлкен бұрмасына түсті де жүре берді (С он-
да); Пэрмендеп салып жібергенде, имесі суырылып
шыкты (И м анбаев); Біздің әкей м ен Қаңтарбай
біреудің итермесі м ен айтағына да ере коймай-
тын адамдар(\к\лш & ъ).
Тілімізде термин сипатындағы туынды түбір
зат атаулары негізінен кеңес дәуірінде пайда бол-
ды, мысалы: жапсырма (вкладыш ), м элімдеме
(заявление), көиіірме, баскарма (накладка),/со/?ь//иш
(сплав), тұндырма (отсадка), жалғастырма (пере-
мычка), жүктеме (нагрузка), аныктама (дефини-
ция), түйіспе (стык), жалдама (наем), жолдама
(направление),&7С/иалш (почин), кескіндеме, тап-
сырма, желдірме (музыка жанрының аты) т.б. Ер-
азамат орыс ішіне пайдаға, ж алдамаға кетті (Әу-
езов); Қондырмалы кескіндеме саласындағы еңбек-
терімен корінеді (“ Парасат”); М ұғалім жүкте-
месінің кәптігін айтты (“ Қ аз.м ұғ.”); Иса бірден
оз желдірмесінің желісіне түсіп кетті (Ж арма-
ғамбетов); Жоғарғы ұлыктарға апаратын мэлімде-
месі (Әуезов); Ол география, тарих жэне тіл білімі
түйіспесінде дамып келеді (Әбдірахманов).
Қ азақ тілінде етістік негіз бен -м а //-м е , п а //
-пе, -бсі//-бе ж ұрнағы ны ң сөзжасамдық қаты на-
сынан пайда болған туынды түбір зат атаулары-
ның ендігі үлкен саласы байырғы халықтық ұғым-
мен, халы қты ң озіндік тұрмыс ж ағдайы м ен эт-
номәдени ерекшелігімен байланысты болып ке-
леді. М ұндай қазақ ескіліктеріне қатысты туын-
ды түбір зат атаулары тілімізде бірталай. Кейбірі,
мысалы, мыналар: сүйретпе, ыктырма, тоңкайма,
жаппа, саптама, каптырма, кездеме, откізбе, откер-
ме, толғама, байымдамаі.Ь. Н ом инациялы қтия-
нақтылығы жағынан бұларды да жалпы терминдік
тіл құбылыстары қатарында, атаулар ретінде алып
қарауға болады. Қарапайым жұрт откізбесін ар-
занға түсіріп алам деп жүр (Абай); Кей коныста
ұраңкай, абылайша, жагта, итарка, аласа күркелер
тігіледі (Әуезов); Тоңкаймалар - үіи канат, торт
канат үйлер ж алп-ж алп етеді (Аймауытов);
А яғы на жаңа кара сапт ама киіпт і (Әуезов);
Қымызшылар суретпелерді толтырып... (Сонда);
Һеш уруш толғамасыз болмас (Радлов). “ Тулгама
как способ ведения боя... ” (Кчяшторный, Султа-
нов). Әліптеме, байымдама шығарма ішінде ара-
лас келіп отырады (Байтұрсы нов). Ал өткерме
туынды зат есімі ж алпыхалықтық қолданымда
кездеспейді. Оны локальды қ сипаттағы термин
ретінде ғана алып қарауға болады. Бұл дериват
Торғай, Қостанай аймағында сақина мағынасында
жұмсалады. Онда да “сақина деген әйтеуір аты
бар, саусаққа откізуге жарайтын бірдеңе” деген
сияқты ж ағы м сы з экспрессияда қолданылады,
қомсынуды білдіреді. Ал біздің соз етіп оты рға-
нымыз - “откізетін, сататы н” мәніндегі откерме
туынды зат атауы. Қол сауда жасап, азын-аулак
еткермесімен шай-пұйын, ас-аукатын айырып
отырған (Әуезов). “ С а қ и н а ” м ағы н асы н дағы
откерм е си яқты , бұл өткерме де - оккази он ал-
ды қ сипаттағы жасалым. Терм ин ретінде әбден
ЖҮРНАҚТЫ ЗАТ ЕСІМДЕР
315
тиянақталған туынды зат есімдерге мысалы қыс-
тырма (<қыстыр+ма), жапсырма (<жапсыр+~
м а), ж үлқыма (<ж ұлқы +ма) т.б. жатады.
Сұраққа ... қыстырмасыз, нақты жауап береді
(М ағауин); Ақыры ж ұлқымадан аман іиыққан
(Сонда); Қабырға атаулыда сылаужоқ, баттас-
тырып ж аққан жапсырма бар (Әуезов). Қазақ
тілінде сон дай-ақ өзінің тектік сипаты ж ағы -
нан субстантив екеніне қарамастан, домбытпа
лексем асы ны ң да м ағы насы абстракты болып
келген. Бірақ ол да өзінің сырт қалпы, тұрпаты
ж ағы нан туынды түбір зат атауы статусына то-
лы қ ие болған. Үлық бетінен ықпаңдар, дом-
бытпасы болса сескенбеңдер (Әуезов).
Шопан қауымының да жай-жапсарын қатар
сөз қы лған (К.Ахметбеков);
Осы ш ағы н үзіндідегі қауым сөзін кім-кім
де бірден тұтас бір бүтін сөз ретінде алып қарай-
ды. Бірақ ол ш ын м энінде ондай сөз емес. Он-
дай еместігін тағы да сол тіл деректерінің өзде-
рінен көруге болады. Жамандықтың белгісі -
Қаумаға басы енбеген. (“ Үш ғасыр жырлайды”)
Қауым сөзі сияқты , бұл жерде қаума да сол
“топ, көпшілік” ұғымын білдіріп тұр. Қауым лек-
семасының нақты құрылымы, яғни туындылы-
ғы әсіресе мына деректен айқын аңғарылады:
Ноғайың аз, қалм ақ қау, Бір күні келер бетпақ
жау (Қамбар батыр). Бұл мысалдағы#оу сөзі де
сол “ көп” мағынасында қолданылған.
Поделитесь с Вашими друзьями: |