-пан//-пен. Қ азақ тіліндегі өнімсіз ж ұрнақ-
тардың бірі - осы -пан//-пен форманты. Ол бірді-
екілі-ақ етістік негізге жалғанады. МысальіАся/с,
шек түбірлеріне қосы лы п қана ж аңа сөз жасай-
ды: шек+пен > шекпен, как+ пан > капқан >
кақпан. Бөжей м а ға н қақпан кұрғанын койсын
(Әуезов); Ж еңіл сұр шекпеннің омырауын жарық
айға қарсы аіиып тастап... (Сонда). М ұндағы
ішек түбірі тарт етістігімен мәндес. Салыстыр:
темекі іиегу - т ем екі тарту. Шек етістігі кейбір
өзге түрік тілінде де осы “тарту (тянуть)” м ағы -
насын білдіреді.
-арм ан//-ерм ен. Бұл ф ормант қазақ тілінде
тек етістікпен ғана сөзжасамдық қатынасқа түседі.
Осы қатынас негізінде пайда болған туынды түбір
зат атаулары тілімізде жалпы көп емес, санаулы-
ақ, мысалы: атарман, шабарман. Бұл екеуінен
басқа, осы -а р м ан//-ерм ен ф орманты арқылы
етістік негізден ж асалған, кейін бірақ субстан-
тивтеніп, терминдік толы қ дербестік алған тағы
бірер дериват бар. Олар: оқырман (читатель),
көрермен (зритель). Тіліміздегі бірді-екілі мұндай
байырғы құрылымды, жалпылықтық сипаттағы
туылымдар үлгісімен (моделімен) кейін кейбір
стильдік (контекстік) жаңа жасамдар пайда бол-
ды. Олардың кейбірін, мысалы, мына үзінділер-
ден көруге болады. Шабарман емес, сабарман ғой
(Әуезов); Қылыш қынабында тұрғанда, бәрі де
атарман. Бастан ж ыға қисайса, бәрі де сатар-
м ан (М ағауин); Пайдасы асып, ішермендер сый-
м ай бара жатқан (С онда); Полктан шығып күн
бата, Жортуыл шегіп түн қата Жеткен жортар-
мандарым Айыртастан аспады (Тілеков). Сөзжа-
самды қ бұл ф орм ант-у формалы қимыл есіммен
син он и м дік қатынаста да жұмсалады. Салиқа
т ұрарм анға жақын еді (Әуезов); Қ үл-құт анға
істейтін зорлықтың атын алдарм анға келгенде
“еркелік ” қойыпты (Сонда).
Поделитесь с Вашими друзьями: |