292
СӨЗЖАСАМ
келебермейді. Мысалы, кейістік, бөгеттік, жемтік,
өлімтік, жетістік, жиынтык, киғылык, кірбеңдік
сияқты туылымдардан ондай ұғым байқалмайды.
Туынды зат атауларынан -л ы к //-л ік , -д ы к //
-дік, -т ық//-т ік форманты арқылы жасалған жаңа
зат атауларының екінші бір үлкен тобы терминдік
тұрпаттағы туылымдар. Олар - тілімізде бұрын-
нан бар үлгі (модель) негізінде кеңес дәуірінде
ж аңадан терм индік мән алған, ном и н ац и ялан -
ған, қолданы м ды ғы ж ағы нан да толы қ дербес-
тенген дериваттар: анықтамалык (справочник),
тәлімгерлік (наставничество), шырындық (нектар-
ник), ормашиылық (лесничество), елш ілік (по-
сольство), кезекшілік (дежурство), мақсаткерлік
(целеустремленность), отаршылдық (колониа-
лизм ), ішімдік (алкоголь), кэсіпшілік (промысел),
егіндік (паш ня), егіншілік (земледелие), пішендік
(сенаж ), шалғындық (луг), жүгерішілік. Туынды
зат атауларына сөзж асам ды қ осы ф орм антты ң
қосылуынан пайда болған бұлардан өзге де жаңа
ж асалы мдар бар. О лардың кейбірі жеке ақы н,
жазуш ылардың стиль ерекшелігімен байланы с-
ты болып келеді. О кказионалдық сипаттағы он-
дай зат атаулары қатарында мына сияқты туы-
лымдарды атауға болады: қайраткерлік, жүлдегерлік,
кеңесшілік, эісүкшілік, үшқыштық, желіскерлік т.б.
Тіліміздегі туынды зат атаулары сон дай -ақ
байы рғы сын есімдерден де, кірме сын есімдер-
ден де жасалады. Сы н есімді негіз сөздерден -
л ы қ //-л ік , -ды қ//-дік, -т ы қ//-т ік форманты ар-
қы лы ж асалған м ы на сияқты туынды зат атау-
лары н тілімізден көптеп кездестіруге болады:
жетімдік, кемдік, кеңдік, кербездік, кердеңдік, қағы-
лездік, қатыгездік, өрескелдік, семіздік, тереңдік,
кереңдік, үлкендік, шеіиендік, даңғазалық, даңғой-
лық, долылық, жадаулық, жақсылық, ерсілік, есерлік,
жүдеулік, жіңішкелік, эсемдік, игілік, кэнігілік, жы-
лылық, жырындылық, керенаулық, кермарлық, та-
сырлық, қайсарлық, қараулық, қияңқылық, қомағай-
лы қ, қоңы лт ақт ы қт л. Осы туынды зат атаула-
рының барлығы да мағынасы жағынан абстракт
ұғым атаулары және бір ғана сөзжасамдық тип-
ке жатады. Кермарлық, тасырлық сөздерінен бас-
қалары - түгел әдеби нормадағы лексемалар. Ал
ж оғары дағы игілік, жақсылық жалпы есімдері
тілімізде ж алқы есім (антропоним) ретінде де
қолданылады. Негіздеуші жетім, іиеіиен - синк-
ретизмдік сипаттағы лексемалар. Бұл жерде көңіл
аударарлық тағы бір нәрсе: жоғарыдағыәсем<)//с
дериваты - әсемпаз сөзімен, ал жетім туылымы
- ж етімек лексем асы мен өзара сөзж асамдық
қосақ болып табылады. Ж әне бұл қосақтарды ң
әрқайсысы жеке-жеке сөзжасамдық ұя ретінде си-
патталады.
Сөзжасамдық -л ы қ //-л ік , -ды қ//-дік, -т ы қ //
-т ік форманты арқылы сын атауларынан пайда
болған туынды зат атауларының қатарында сон-
дай -ақ мына төмендегі сияқты жаңа жасамдарды
да (“ новообразование”) атауға болады: ағаттық,
ақтық, ақымақтық, сиішақтық, алыстық, аңғырт-
тық, аңғалдық, жастық, эбестік, эуестік, беріктік,
биіктік, кермектік, нэзіктік, тентектік, иөлкестік,
шэргездік т.б. Бұл келтірілген туы лымдардың
ішінен өздерімен түбірлес сөздермен бірге сөзжа-
самдық ұя жасай алатындары - эуестік (әуестік -
әуесқой лы қ), өштік (өш тік - өш пенділік), тен-
тектік (тентектік - тентекбасты қ) лексемалары.
Бұлардың ішінен, сондай-ақ шсяшкдериватының
қазақ тілінде жалпы үш түрлі мағына білдіретінін
мына мысалдардан көруге болады: Сырттың
түнып т үрған ақт ы ғы н аясын ба? (Әуезов).
М ұндағы ақтык туылымы “ақ от” мағы насы н
білдіріп тұр. Байлаған ақтығы, түтатқан оты
(М ағауин). Бұл мысалдағы ақтық туынды зат
атауы діни ритуал белгісі, “ақ ш үберек” ұғымын
білдіреді. Мүның сүйенііиі - тек қана эділет, ақтық
пен қалың елге деген достық (Әуезов). Соңғы
сөйлемдегі ақтық дериваты “ақ ты қ ” , “әділдік”
мәнінде қолданылған.
Осы ф ормант арқы лы сын атауларынан жа-
салған туынды зат атауларының арасында кейбір
жаңа жасамдар да кездеседі. Бұлардың қайсы бірі
термин тұрпатты лексем алар. М ысалы,
Поделитесь с Вашими друзьями: |