Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет470/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
276

СӨЗЖАСАМ

құбылыс болады да, сөзжасамдық тарам одан көп 

кіші тілдік құбылыс болады.  Өйткені, бір сөзжа- 

самдық  ұяда  бірнеш е  сөзжасамдық тарам  оры н 

ала  береді.  М ысалы,  жол  тұп  негіз  сөзден  жа- 

салған сөзж асам ды қ ұяда 6 сөзж асамдық тарам 

бар:

1)  1 -сатыда жола, жолай, жолақ, жолаң, жолда, 



жолдас, жолды, жолдық, жолсыз, жолшы, жолшыл, 

жолық туы нды лары  жол деген сөзден жасалы п, 

бір сөзжасамдық тарам жасалған;

2)  2-сатыда ж олақ түбірінен жолақсыз,  жо- 

лақт а,  ж олақты туы ндыларынан  құралған  та- 

рам жасалған;

3)  2-сатыда жолда сөзінен жолдағыш,  ж ол- 

дама туындылары тарам жасаған;

4)  2-сатыда ж олдассөзт ен жолдассыз,  жол- 



дассын, жолдастық, жолдасша, жолдасшыл туын- 

дыларынан тұратын тарам жасаған;

5)  2-сатыда  жолық  сөзінен  жолығыс,  жо- 

лыққыз, Ж

0

ль/^т//>туындыларынан құралған та- 



рам жасалған;

6)  3-сатыда жолат түбірінен жолатқыз, жо- 



латтыр туындыларынан құралған сөзжасамдық 

тарам жасалған.

Бұл  — сөзжасамдық ұяның  1-сатысы мен 2- 

сатысында ж әне  3-сатысында ж асалған  сөзж а- 

самдық тарамдар. Осы ұяның 2-сатысында бірден

4 сөзжасамдық тарам жасалған, қалған сатылар- 

да бір тарамнан  ғана жасалған.  Бұлар бір ұядағы 

сөзжасамдық тарамдар.

Ал сөзжасамдық ұяның құрамындағы тарам- 

дар саны ж ағы нан әр түрлі. Ол сөзжасамдық ұя- 

ның өнімділігі,  құрам ы ны ң қанш алықты күрде- 

лілігіне байланысты.

Бір сөзжасамдық тарамнан тұратын да ұялар 

бар,  бірнеше сөзжасамдық тарамнан тұратын да 

ұялар бар.  Олай  болса,  сөзжасамдық  ұялардың 

өнімсіз, өнімділігіне қарай,  күрделілігіне,  құра- 

мьіның ш ағындығына қарай сөзжасамдық тарам- 

ның саны да түрлі болып келеді.

Сөзжасамдық тарам  ұяның түрлі сатысынан 

орын  алады.  Алайда сөзжасамдық  ұялардың  1- 

сатысы сөзжасамдық тарамның ең жиі кездесетін 

орны деуге де болады.  Қалған  сатыларда кейбір 

ұяларда сөзжасамдық тарам кездеспеуі де мүмкін.

Сөзжасамдық тарамның құрамы да түрлі бо- 

лып  келеді.  С өзж асамды қ тарамның ең кішісі  2 

туынды сөзден тұрады, ең  көбінің құрамы  15-17 

туынды  сөзге  дейін  жетеді,  одан  да  көп  болуы 

мүмкін.


М ысалы,  2-сатыда  желдір  туынды  сөзінен 

желдірт ж әне желдірме деген екі туынды  сөзден

тұратын  сөзжасамдық тарам  жасалған.  Осы  си- 

яқты   екі  туынды  сөзден  тұратын  созжасамдық 

тарамдар тілде өте көп.

Екіден бастап сөзжасамдық тарамның құра- 

мы ндағы   туынды  сөздердің  саны  өсе  береді.  3 

туындыдан,  4 туындыдан,  5 туындыдан тұратын 

сияқты сөзжасамдық тарамның құрамындағы ту- 

ынды сөздердің құрамы осіп отырады.  М ысалы, 

бастүп  негізден ж асалған  сөзжасамдық  ұяда  17 

туынды созден құралған сөзжасамдық тарам бар, 

ол осы ұяның  1-сатысындағы мынатуынды создер- 

ден  құралған: басқар, басқы, бассыз, баста, бастай, 



бастан, бастас, бастау, бастық, басты, басшы, ба- 

сында, басындай, басмашы, баспақ, басқа, басым.

Келтірілген мысалдар сөзжасамдық тарамның 

құрамы түрлі болатынын көрсетті.

Қорыта  келгенде,  сөзж асам ды қ  тарамның 

құрамы түрлі-түрлі  болатыны  анықталды.  Осы- 

ларды ң  ішінде тоғы з  құрам ға дейінгі  тарамның 

жиі  кездесетіні  байқалды.  Сөзж асамды қ  тарам- 

ның құрамы негұрлым күрделі болса, ол соғұрлым 

сөзжасамдық  ұяны ң тізбектерін  көбейтеді  яғн и  

ол сөзжасамдық ұядағы туынды  сөздердің  көбе- 

юіне қолайлы жағдай  болып саналады.  Сондық- 

тан құрамы күрделі тарамдар өнімді ұялардан көп 

орын  алады.

Сөзж асамды қ  тарам  сөзж асам ды қ  сатымен 

тікелей байланысты,  өйткені созжасамдық тарам 

белгілі сатылардың бірінде жасалады.  Сондықтан 

сөзжасамдық тарам тек сатының құрамында ғана 

болады. Ал  сөзж асам ды қ саты тілде түрлі-түрлі, 

ол бірден төртке, кейде беске дейін жетеді.  Созжа- 

самдық тарам осы сатылардың  қайсысынан бол- 

сын орын ала береді.

Сөзж асамды қ тарам  ұяны ң  барлық  сатыла- 

рында бола беретін тілдік құбылыс болғанымен, 

олардағы сөзжасамдық тарамның  сапасы бірдей 

емес.  Әсіресе,  ол  созж асам ды қ  тарамның  ішкі 

құрылысы  мен  көлеміне, аумағы на қатысты.  Ең 

ірі сөзжасамдық тарам  1-сатыда болады,  1-саты- 

дағы  тарамның құрамындағы туындылар да алу- 

ан түрлі болып  келеді.

Сөзжасамдық тарамның ең күрделі құрамды 

түрі  ұяның  1-сатысында орналасады.  2-сатыдан 

бастап тарамдағы туындылар азая  бастайды. Де- 

мек, сөзжасамдық тарамның құрамы сатылардың 

түріне байланысты.

Сонымен сөзжасамдық тарамның құрамының 

көп,  аз  туынды  создерден  құралуы  оның  қай 

сөзжасамдық сатьща орналасуына байланысты. Тіл 

деректері құрамы ең мол сөзжасамдық тарамдар- 

дың  1-сатыдан орын  алатынын  көрсетті.  Сөзжа-




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет