Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет466/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
СӨЗЖАСАМДЫҚ  ТІЗБЕК

273


сал ған создер егін, жиын, ақта, көгер негізді сөздер- 

ге жатады.

Негіз сөздердің  м ағы насы   негізді сөздердің 

мағынасының жасалуына негіз болады.  Сондық- 

тан да негіз сөз бен  одан жасалған туынды сөздің 

м ағы насы  байланысты  болады.  М ысалы, кант- 



кантсыз-кантсыздык  деген  тізбекті  алсақ,  түп 

негіз  сөз  осы  тізбектегі  туындылардың  бәрінің 

құрамында  бар,  олардың  м ағы насы нда  кант 

сөзінің  м ағы насы   аны қ байқалы п тұр. Ал  жеке 

алсақ, қант сөзі негізінде жасалған туынды кант- 

сыз деген  сөздің  м ағы насы   кант  созінің  м ағы - 

насымен  байланысты. Қантсыз сөзінің негізінде 

ж асалған кантсыздык сөзінің  мағынасы тікелей 

кантсыз сөзінің мағынасымен  байланысты.

Соны мен,  осы  тізбектегі  негіз создер қант, 



кантсыз,  негізді  сөздер  кантсыз,  кантсыздык. 

Негіз сөздердің біреуі  негізгі түбір соз,  екіншісі

-  туынды  түбір.  Бір  тізбекте  бір  негізгі  түбір 

болуы  шарт,  ал  одан  өрбіген,  туы ндаған,  одан 

ж асалған  туынды  түбірлер  саны  әр  түрлі  бола 

береді.


Осымен байланысты сөзжасамдық тізбектің 

құрамында бір негізгі түбір сөз болады.  Ол  - түп 

негіз  сөз.  Түп  негіз  сөз  ешбір  сөзден  жасалма- 

ғанды қтан,  ол  негізді  сөзге жатпайды.  Басқаш а 

айтсақ,  ол  -  негізсіз  сөз.  Негізсіз  создің  қалай 

жасалғаны түсіндірілмейді,  ол тілдің табиғатын- 

да  солай  берілген  соз  сияқты   болып  көрінеді. 

Кейбір негізгі түбір сөздерді  ғана тарихи тұрғы- 

да  дәлелдеуге  тырысу  ғылы мда  бар.  М әселен, 

кел, кет,  той,  ток сияқты создердің негізгі түбір 

емес екенін А .К .Зайончковский, т.б.  ғалымдар- 

дың дәлелдегені ғылымда белгілі.  Бірақ ол сөздер 

тілдің  қазіргі  даму  сатысында  негізгі  түбір  деп 

Ханылған.  Сондықтан ондай создер тілдің қазіргі 

даму кезеңіндегі танылуына сай  негізгі түбір ре- 

тінде алыну керек.

С өзж асамдық тізбектің құрам ы нда ж алғы з 

ғана  негізсіз  соз  болаты нды қтан,  ол  сөзжасам- 

ды қ  тізбекте  негізсіз  создің  саны  шектеулі  де- 

генді  білдіреді.

Сөзжасамдық тізбектегі түп  негіз сөзден  ба- 

сқа  создердің  бәрі  -  негізді  сөздер.  Созжасам- 

дық тізбектегі  негізді создердің санына шек қой- 

ылмайды.  Ол  бірден  бастап,  5 -6-ға  дейін  жете 

береді.  М ысалы,  тарт-тартпа  деген  тізбекте 

негізді  емес  түбір  де,  негізді  түбір  де  біреуден 

ғана.  Тарт-тартын-тартыншак-тартыншакта- 



тартыншактан деген сөзжасамдық тізбекте торт 

негізді  соз бар.  Мұндай  тізбектер тілде жиі  кез- 

деседі.  А і коз-козға-козғал-козғалак-козғалақ-

т а-қозғалақт ас-қозғалақт аст ы р-қозғалақт ас- 

тырт-қозғалақтастыртқыз сияқты  сегіз  негізді 

созден  тұратын  тізбектер  тілде  өте  сирек  кезде- 

седі.

С оны м ен,  созжасамдық тізбек түп  негіз  сөз 



бен  негізді  сөздерден тұрады.  Тізбектегі түп  негіз 

сөздің  саны  тұрақты,  негізді  создің  саны  тұрақ- 

сыз екені  анықталды. Ал тізбектегі түп  негіз сөз, 

я ғн и   негізсіз  созден  басқалары әрі  негіз  сөз,  әрі 

негізді соз қызметін атқарады.  Мысалы, тол-толқы- 

т олқын-т олқында-т олқы ндат -т олқы ндат қы з. 

Осы  мысалда  тол  толқы сөзіне,  толқы  толқын 

сөзіне, толқын толқында  сөзіне, толқында тол- 

қындат сөзіне, толқындат толқындатқыз сөзіне 

негіз болған. Тектолқындатқызеш бір сөзге негіз 

болған ж оқ. Ал  осындағы толқы,  толқын,  толқ- 

ында,  толқындат  сөздері  әрі  алды ндағы   негіз 

сөзден жасалса, әрі  оздері  басқа сөздердің жаса- 

луына  негіз болған: толқы  - толқынның,  толқын

-  толқынданың,  толқында - толқындаттың,  тол- 

қындат  -  толқындатқыздың негізі.

Бұл  арада тізбектің түп  негіз сөзі  мен  соңғы  

созі ғана бір қызмет атқаратыны анықталды.  Олар: 

тол  ж әне толқындатқыз.  Тол тек  негіз  сөз  қы з- 

метін  атқарады ,  ал толқындатқызтек  негізді сөз 

қы зметін  атқарады , толқындатқыз басқа сөздің 

тууына  негіз  бола  алмаған,  сонды қтан  ол  негіз 

сөз қызметін атқармайды.

С өзж асамды қ  тізбектің  бұдан  түп  негіз  деп 

бастау алатыны және оның аяқтаушы мүшесі бо- 

латы ны   анықталды.  Бұл  мүшелер  сөзж асамдық 

тізбек атаулының бәріне  қатысты,  бәрінде бар.

Сондықтан  қанша сөзжасамдық тізбек болса, 

олардың бәрінде тізбек басталатын  түп  негіз сөз 

бен  оны   аяқтауш ы   сөз  болады.  Бұл  екеуінің 

өзіндік айырмаш ылықтары  бар.  Тізбекті  бастау- 

шы  сөз  негізгі түбір сөз болады және ол  бір  ұяда 

қанш а тізбек болса, соның бәріне тізбекті бастау- 

шы  сөз  ортақ  болады.  Ал  тізбекті  аяқтауш ы  соз 

туынды түбір сөз болады және туынды  түбірден 

ж асалған  туынды  сөз  болады.  С оны мен  бірге 

тізбекті  аяқтауш ы  сөз  тек  бір  тізбекке  ғана  тән 

соз,  ол  басқа тізбектерден  орын  алмайды,  басқа 

тізбектердің  құрамында  кездеспейді.  Бұл  пікірді 

дәлелдеу үшін  мына сөзжасамдық ұяны  мысалға 

келтірейік.  Оны  жүз  сөзінен  ж асалған  ұядағы 

тібектер арқылы  көрсетсек,  ол төмендегідей: жүз 



—> жүздік  ->  жүздікті;  жүз  —> жүздеген;  жүз  —> 

жүздей; жүз —> жүздеп; жүз -> жүзінші.  Осы  ұя- 

дағы   5  тізбектің  бәрінің  құрамында  бір  негізгі 

түбір сөз бар,  ол тізбекті бастаушы сөз  (жүз),  ол - 

осы тізбектердің бәріне ортақ,  өйткені  ол тізбек- 

тер бір созжасамдық ұяның тізбектері.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет