Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет449/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ҚЫСҚАРҒАН  КҮРДЕЛІ  СӨЗДЕР

261

сөздердің бәрінде соңғы сыңар мағынасы бірдей. 

Ал жүмысшы, етікші, малшы, оқытушы, егінші де- 

ген туынды түбірлердің бәрінде -  ш ы/-ш і жұрна- 

ғының мағынасы бірдей. Тірек сыңар да, жұрнақ 

та түрлі сөздерден туынды  сөз жасап тұр.

Тірек  сы ңарды ң  күрделі  сөздердегі  орны 

тұрақты, әдетте ол  күрделі сөздің екінші сыңары 

болады.  М ысалы,  д лы п қ а й т ,  кет п қа й т ,  коріп 

қайт, тоқпан жілік,  асықты жілік,  ортан жілік, 

қара  көк,  күлгін  көк,  аш ық  көк,  екі  мың,  үш 



мың,  бес жүз,  сегіз жүз,  тоғы з ж үзт.б.

Д егенм ен,  бұл  қағи д аға  қайш ы  жағдай  да 

кездеседі.  Сан  есім нің  бірінші жасалу жолында 

тірек сыңар бірінші орында тұрады.  М ысалы,  он 

бір,  он  екі,  он  үш,  отыз  төрт,  отыз  бес,  қырық 

алты,  қы ры қ  жеті  т.б.  күрделі  сандарда  тірек 

сыңар бірінші сыңарда тұрады.

Күрделі  сөздің  ауыспалы  сыңары  -  олардан 

тірек  сыңар  күрделі  сөз  жасайтын  түрлі  сөздер. 

Ауыспалы сыңарларға тірек сыңар тіркесу арқылы 

күрделі  сөз жасалады.  Мысалы,  екі  +  жүз,  үш  + 

жүз,  төрт  +  жүз,  бес  +  жүз т.б.  Тілде  күрделі 

сөздің  ауыспалы  сыңары  қызметіндегі  сөздердің 

саны  тірек  сыңарлар  санынан  әлдеқайда  көп. 

Өйткені  бір тірек сыңар  арқылы  түрлі  сөздерден 

бірнеше күрделі сөз жасалады, сондықтан тілдегі 

ауыспалы сыңар қызметіндегі сөздер мен тірек сыңар 

қызметіндегі сөздердің саны тең бола алмайды.  Бұл 

туынды  түбірдегі  негіз  бен  жұрнақтың  санының 

арасындағы айырмашылық сиякты.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет