Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет446/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ауызба-ауыз, оз-озінен, бірден-бір, үй-үйден, бостан- 

бос,  он-ондап,  бес-бестет.Ь.

3)  Қос  сөздердің  жасалуындағы  келесі  қай- 

шылық буын  үндестігіне байланысты. Әдетте,  қос 

сөздердің екі сыңары да не бірыңғай жуан сөздер- 

ден,  не  біры ңғай  жіңіш ке  сөздерден  жасалады. 

Осы  заңды лы қты ң да  біраз жағдайда бұзылаты- 

ны  -  бар  құбылыс.  М ысалы,  азық-т үлік,  үсті- 

басы,  қарғап-сілеп,  сүріне-жығыла,  іші-сырты,  ой- 

нап-күліп,  алты-жеті,  сексен-тоқсан,  буып-түйіп, 

жүн-жүрқа, жон-жоба,  ойын-күлкі, қыз-келіншек, 

кәшіп-қөнып,  дэм-түз,  көш-қөн, үрыс-керіс, ерсілі- 

қарсылы,  өштік-қастық, үздік-создық, ауыр-жеңіл, 

жоғары-томен,  оқта-текте, сатыр-гүтір, жүдеу- 

жадау, жаман-жэутік, көрші-қөлаң т.б.

Қос  сөздердің  сыңарлары  буын  үндестігіне 

бағы нбай ,  жуан,  жіңіш ке сөздердің  аралас  келуі 

арқылы жасалуы  м ағы наға тікелей байланысты. 

Қос сөздердің бұл түрлерінің бэрінде олардың сы- 

ңарларының мағына байланысы өте күшті.  Мұндай 

қос сөздер  мағыналық байланыс негізінде жасал- 

ған.  Сойтіп  қос  сөздердің сы ңарлары ны ң  м ағы - 

насы жақын,  мағынасы байланысты сөздерден жа- 

салатыны  тағы  да  озін  дәлелдеп,  көрсетіп  тұр. 

Өйткені  бұл  -  қос  сөздердің  жасалуында  негізгі 

қызмет атқаратын  заңдылық.

Қос сөздер тілде екі түрлі тәсіл арқылы жаса- 

лады:  1)  екі  түрлі  сөздің  қосарлануы  арқылы,  2) 

бір сөздің  қайталануы арқылы жасалады.  Осымен 

байланысты  қос  сөздерді  қазақ  тіл  білімінде  екі 

түрге бөлу қалыптасқан:  1)  қосарлама қос сөздер,

2)  қайталама қос сөздер.  Қос сөздердің бұл түрлері 

ғылымда танылған жэне қалыптасқан.

Қосарлама  қос создер тілде оте  көп,  олар екі 

м ағы насы жақын  созден  жасалып,  біртұтас лек- 

сикалық мағына береді.  Мысалы, аяқ-табак “ыдыс”




258

деген мағынаны біддірсе, ине-жіп - іс тігуге қажет 

заттардың жалпы  аты, туған-туысқан деген  қос 

сөз  туыс  деген  м ағы наны   біддіреді,  шай-қант 

шай  ішуге  керек  заттардың  аты,  қой-еш кі  ұсақ 

малдың аты, өрік-мейіз шайда қолданылатын жеміс 

атаулының жалпы аты.

Қосарлама қос сөздердің мағы насы нда ж и- 

нақтау,  ж алпылау  м ән  болады,  ол  ж оғары дағы  

мысалдардан аны қ көрінді.  Төмендегі  мысалдар 

оны растайды.  М ысалы, апа-қарындас - әйел ту- 

ыстың жалпы аты, ол сіңліні де, апаны да қарын- 

дасты да бәрін  қамтиды, қару-жарақ деген - қару- 

ға жататын  құралдардың (мылтық, қылыш,  найза 

т.б.)  бәрінің  ортақ,  ж иы нты қ  аты,  көрпе-ж ас- 

тық -  төсекте  қолданылатын  заттардың бәрінің 

аты.  Бұл  қосарлама қос сөздердің бәріне тән жал- 

пы  қасиет.

Қосарлама қос сөздердің сыңарлары екі түрлі 

сөз болғаны м ен,  олар  міндетті түрде  бір сөз та- 

бына жататын  создерден  болады.  М ысалы, а ға - 



іні, көйлек-көншек, бас-аяқ, аяқ-қол, өнер-білім, ән- 

күй зж  есімдерден ж асалған,  қызыл-жасыл,  ақ- 

қара, қызылды-жасылды,  үлкенді-кііиілі,  аумалы- 

төкпелі  сын  есімдерден,  үш-төрт,  бес-алты, 

қырық-отыз,  елу-алпы ссан есімдерден, әне-міне, 

анау-мы нау есімдіктерден,  келіп-кет іп,  көрген- 

білген, алу-беру, келген-кеткен, алып-беріп  етістік- 

терден, бүгін-ертең, жоғары-томен,  аңда-саңда, 



окта-текте,  ерте-кеш үстеулерден, тарс-түрс, 

бүрқ-сарқ, жапт-жүлт, шақыр-шүкыр, сатыр-сүтыр 

еліктеуіш сөздерден, ах-ух, уһ-оһ одағай сөздерден 

жасалған.

Келтірілген  қос  сөздердің екі сыңарлары да 

бір сөз табы нан жасалумен  бірге,  сол  сөз табы- 

ның аясында қалған.  Сонымен бірге осы  мысал- 

дар қосарлама қос сөздердің барлық сөз табында 

бар тілдік құбылыс екенін дәлелдеді.  Барлық сөз 

табы ны ң  құрам ы нан белгілі орын  алатын,  бар- 

лы қ  сөз табы на  қатысты  қосарлама  қос  сөздер 

тілдің сөздік қорынан да үлкен орын алады, бірақ 

олар сөздіктерде  қазір толық  қамтылмай жүр.

Қайталама  қос сөздер де тілге  кең  тараған, 

жиі  қолданылатын  сөздертобы на жатады.  Қай- 

талама қос сөз бір сөздің екі рет қайталануы  ар- 

қылы жасалады.  М ысалы, елең-елең,  тарс-тарс, 



бау-бау, қора-қора, қалш-қалш, келе-келе, айтып- 

айтып,  сөйлеп-сөйлеп т.б.

Тілде  қайталама  қос  сөздер  түрлі  құрамда 

кездеседі:  1) түбір  қалпында қосымшасыз қайта- 

лану: тау-тау, өркеіи-өркеш, қора-қора, жол-жол, 



м ая-м ая,  үйір-үйір,  қүшақ-қүшақ, 2)  бір сыңары 

қосымшасыз, бір сыңары қосымшалы қайталама

қос сөздер: өз-озінен, бетпе-бет, кімде-кім, қолма- 

қол;  3)  екі  сыңары  да  қосымш алы :  біріңе-бірің, 

өзіңнен-өзің, қолдан-қолға, үйден-үйге т.б.

Түбір сөздің ешбір қосымш асы з қайталануы 

арқылы жасалған қайталама қос сөздер тілде коп 

қолданылады.  М ысалы,  т ау-т ау  үйілген  бидай, 



қора-қора малы бар,  өркеш-өркеш таулар, қүіиақ- 

қүш ақ  бум алар,  м а я -м а я   шөп  т.б.  Осы  қос 

сөздердің ешқайсысы түбір сөздің дара қолданы- 

сындағы  мағынаны  білдіріп тұрған жоқ, бұларда 

“тау” ,  “ қ о р а” ,  “ө ркеш ” ,  “ қ ұ ш а қ ”  мағыналары 

мүлдем жоқ.  Осы  создерден ж асалған  қайталама 

қос создердің бәрі олармен тіркескен,&/ддм, мал, 



тау зат есімдерінің колемін, аумағын білдіріп тұр. 

Бұл  осы қайталама  қос создердің сыңарларының 

негізгі  м ағы насы нан  басқа  м ағы н аға  кәш кенін 

білдіреді.  Осы жағдай мұндай қос создердің созжа- 

сам   үр д ісін ің   н ә ти ж е с ін д е   б а сқ а   м а ғ ы н а ғ а  

кош кенін білдіреді.

Қ айталам а  қос  создердің  екінш і  сыңары 

белгілі бір дыбыстық озгеріспен  қолдануда тілде 

жиі кездеседі:  Мысалы, шай-пүй, ет-мет, сүт-мүт, 

еіикі-м еіикіт.б.  Бұл  қо л д ан ы ста  м ағы наға  әсер 

етеді.  Мысалы, шай ішейік,  ет жейік,  сүт бер, ешкі 

длдегенмен  шай-пүй ііиейік,  ет-мет жейік,  сүт- 

м үт   бер, еіикі-мешкі ал дегендердің мәні бір емес, 

соңғы ларда  нағы з  “ май,  ет,  сүт,  еш кі”  мәні сақ- 

талып  тұрған ж оқ,  “осылар сияқты  бірдеме” де- 

ген  эмоционалды қ  мән  қосы лған.  Анық айтсақ, 

бұларда да м ағы налы қ өзгеріс бар.

Бір сыңары  қосымшасыз,  бір сыңары қосым- 

шалы  қайталама  қос  создер  тілде  екі  түрлі:  1) 

бірінші 


сыңары  қосы м ш алы ,  екінш і  сыңары 

қосы м ш асы з  қайталама  қос  создер;  2)  бірінші 

сыңары  қосымш асыз,  екінші  сыңары  қосымша- 

лы қайталама қос сәздер;  3) екі сыңары да қосым- 

шалы  қос создер.

Бірінші сыңары  қосымш алы,  екінші сыңары 

қосымшасыз қайталама қос сөздер  мыналар: бет- 

пе-бет, қолма-қол, жүзбе-жүз, көзбе-көз, ауызба-ауыз, 

үй-үйге,  бостан-бос.

Қайталама  қос создердің  бірінш і  сыңарына 



-м а /-м е  қосымш асы  қосылу арқылы  қос сәздің 

жасалуы әбден  қалыгітасқан тәсілге айналған.  Бұл 

тәсіл  арқылы  қим ы л-әрекеттің  екі  субъектінің 

тікелей  қатысуы  арқылы  ж асалғаны   білдіріледі. 

Зат есімнен осы тәсіл арқылы жасалған  қайтала- 

ма қос сөздердің мағынасы өзгеріп,  үстеуге айна- 

лады.  М ысал ы, көзбе-көз свйлесті, қолма-қол тап- 

сырды, жүзбе-жүз кездесті,  ауызба-ауыз пікірлесті 

т.б.  Бұлардың бэрінде  қайталама қос сөз  қимыл- 

дың  қалай жасалғанын  білдіріп тұр.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет