Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет439/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
252

СӨЗЖАСАМ

шелігіне  қарай  түрлі  тілде түрліше  қаралып  ке- 

леді.  М ысалы,  оры с  тілінде  күрделі  сөздерді 

біріктіретін арнайы дәнекерлер бар.  М ысалы, са- 



молет,  ледоход,  пароход  деген  сияқты   күрделі 

сөздердің сыңарлары о элементі арқылы біріккен, 

бүл  осы тілдің  ұлтты қ ерекшелігі  саналы п жүр, 

бірақ ешбір қосымш асыз бірігетін күрделі сөздер 

де бар.  М ысалы,радиоузел, телевизор, радиостан- 

ция  т.б.

Индоевропа, славян, орыс тілдерінде күрделі 

сөздің бір белгісі  ретінде кейде олардың жазылу 

емлесі,  бірге  жазылуы ,  ды бы сты қ  құрам ы ны ң 

тұтастығы  негізге алынады.

Егер  күрделі  сөз біріктіру тәсілі арқылы жа- 

салады  деп  саналаты н  тілдердің  өзінде  күрделі 

сөздер  бірге де,  деф ис  арқылы  да,  бөлек те  жа- 

зылып  жүрсе,  онда ол  орф ограф иялы қ белгінің 

күрделі созді  танудағы дәрменсіздігін  білдіреді. 

Олай  болса,  түркі  тілдері,  оны ң  ішінде  қазақ 

тілінің  о р ф о гр аф и ял ы қ  белгіні  негіз  тұтпай, 

күрделі сөздің м ағы на тұтастығын,  күрделі сөзді 

лексикалы қ бірлік,  бір сөз тануын, сөйлемде бір 

создің  қы зметін  атқаруын  негізгі  белгі  деп  са- 

нап, соған сүйенуін дұрыс деп қабылдап,  күрделі 

сөзді тануда сол  белгілерді  негізге алу қажет.

Қ ұрам ы ндағы   сы ңарлары ны ң бөлек ж азы - 

луы ж алғы з  қазақ тілінде  ғана емес,  басқа түркі 

тілдерінде де  күрделі  сөздің таны луы на  кедергі 

болып саналмайды. Анығырақ айтсақ, түркі тілде- 

рінде  орф ограф иялы қ  белгі  күрделі  сөздердің 

танылуында есепке алынбайды.

Түркі  тілдері,  оны ң   ішінде  қазақ  тілінің 

күрделі сөздің құрамындағы сыңарларының бірге 

я  бөлек  ж азы луы ны ң  күрделі  сөзді  ажыратуда 

есепке  алынбауы  дұрыс  екені  тағы  да  аны қта- 

лып отыр.

Түркі  тілдерінде  емле  күрделі  сөздің таны - 

луына  белгі  ретінде  қолданылмайды.  Бұл  түркі 

тілдеріндегі  күрделі  сөздердің  әр  түрлілігіне  де 

байланысты болуы мүмкін.  Бүкіл түркі тілдерін- 

де  қос  сөздер кең оры н алады,  ол  -  көне  заман- 

дардан келе жатқан тілдік құбылыс. Ал  қос сөздер 

бірге  жазылмайды ,  деф ис  арқылы  жазылады, 

бірақ олар  күрделі  сөзге жатады.  Қос сөздер ба- 

сқатілдерде бірлі-жарым кездескені болмаса, түркі 

тілдеріндегідей  орын алмайды.

С оны мен  бірге  түркі  тілдерінде  жазу  ерте 

қолданы лғаны м ен,  халы ққа  кең  тарамады.  Ал 

бертін  келе  кеңес  үкіметі  кезінде  жазу  үш  рет 

өзгерді.  Осының бэрі күрделі  сөздердің жазылу- 

ын  бір  ретке  келтіруге  мүмкіндік  бермеді.  Бұл 

жағдайлардың бәрі орфографияның үстемдік алу-

ына кедергі болуы да мүмкін.  Сондықтан  күрделі 

сөздердің  басым  тобы  бір  м ағы на  беріп,  бір  сөз 

қы зметін  атқарып,  бір  ұғымды  білдіріп,  халық 

санасындағы  бір  ұғы м ны ң аты ретінде түсінілсе 

де,  қолданылса да,  күрделі  сөз  б ол ған ға дейінгі 

сөз  тіркесі  кезіндегі  қалпы нш а  бөлек  жазылуы 

сақталып  қалды.  Бірақ тілде жазылу емлесі бекі- 

мей, түрліше жазылып жүрген  күрделі сөздер де 

жеткілікті. Осымен байланысты бір сөздің түрліше 

жазылуы тілде өте жиі кездеседі.  Мысалы, ақ құба



-  аққұба,  темір  жол  -  теміржол,  бір  тұтас  - 

біртұтас,  көк айыл  - кокайыл,  кок жал  - көкжал, 

кок  иіешек  -  кокіиешек,  жел  өкпе  -  желөкпе,  не 

бары- небэрі,  боз торғай - бозторғай, электр ара - 

электрара,  теле дидар  - теледидар,  сары қарын  - 

сарқарын,  сары тіс -  сартіс т.б.

Осы  сияқты   сөздіктерде,  кітаптарда  түрлі 

жазылып  жүрген  күрделі  сөздер  тілде  өте  көп. 

Бұл да күрделі сөздер теориясының қалыптасуы- 

на кедергі болатыны сөзсіз.  Осымен  байланысты 

күрделі сөзге түркі тілдерінде  құрам ы ндағы   сы- 

ңарларының бірге жазылуы яғн и  орфографиялық 

белгі  шарт бола алмайды деп  саналады.

Осы  ж ағдайларды ң  бәрі  түркі  тілдерінде, 

оны ң  ішінде  қазақ  тілінде  күрделі  сөзді  тануда 

емле  ескерілмей,  күрделі  сөздердің 

бірнеше 


түрлері танылып жүр.

Күрделі  сөздің  м ағы на тұтастығы  оны ң сы- 

ңарлары ны ң бір м ағы н аға көшуіне,  бір  ұғымды 

білдіруіне  байланы сты   дедік.  Күрделі  сөздің 

біртұтас мағынасының қалыптасуында оның құра- 

мындағы сыңарлардың атқаратын қызметін анық- 

тау  мәселесі  қазір  өте  үлкен  қиы нды қ  туғызып 

жүрген теориялық мәселеге жатады.  Оның өзіндік 

себептері  де  ж оқ  емес.  Солардың  бірі  тілдегі 

күрделі сөздердің түрлілігі және олардың әрқай- 

сысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Ал  күрделі сөздердің түрлі болуы  оны ң ана- 

литикалы қ тәсілдің әр түрімен жасалуына байла- 

нысты.  А налитикалы қ  тәсілдің  ішкі  мынадай 

түрлері  бар:  1)  сөзқосы м ,  2)  қосарлау,  3) тіркес- 

тіру,  4)  қысқарту.

Осы  тәсілдердің  әрқайсы сы   тілде  әр  түрлі 

күрделі сөз жасайды. Сөзқосым тәсілінің өзі іштей 

екіге  бөлінеді:  а)  біріктіру  (ш екара,  көкжөтел, 

орынбасар); ә)  кіріктіру (биыл, бүгін, әкел, апар). 

Осымен байланысты тілде  біріккен  сөздер және 

кіріккен  сөздер  қ аіы п тасқан .  Бұл  тәсіл  дүние 

жүзіндегі тілдерге кең тараған, сондықтан  күрделі 

сөздер туралы сөз болғанда,  көп тілдерде негізінен 

біріккен сөздер туралы  сөз етіледі.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет