Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


СӨЗЖАСАМ  ТІЛ  БІЛІМІНІҢ ЖЕКЕ  САЛАСЫ



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет432/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
СӨЗЖАСАМ  ТІЛ  БІЛІМІНІҢ ЖЕКЕ  САЛАСЫ

245

бірлігі мен тұрақты мағынасының сақталуы  “бұл 

бір морфема ма әлде оның дыбыстық вариантта- 

ры  ма,  әлде  әртүрлі  м орф ологиялы қ  элемент- 

тері  м е” деген  мәселені  шешудің  кілтін  береді.

Осы  сем антикалы қ  бірлік  негізінде  байла- 

нысқан сөзтудырушы  модельдер арқылы жасал- 

ған  түбірлес  сөздердің  құрам ы н дағы   тарихи 

түбірлерді  қалпына келтіру барысында ол сөзту- 

д ы р у ш ы   ұ я л а р д ы ң   қ а т а р ы н а   ө зе к   б о л ы п , 

біріктіріп  тұрған  кең  көлемдегі  ортақ  м ағы на, 

уәжді негіз түбір болатыны анықталады.

Я ғни  туынды  сөздердің  м азм ұнды қ  құры - 

лымында түбір  сөздердің уәждеуші  қызметі  ар- 

қасында уәжділік (мотивированность), семанти- 

калы қ  өзек сақталады.  Соны  ортақ желі,  арқау 

етіп, қалыптасқан сөзжасамдық ұяның (түбірлес 

сөздердің) әрі қарай жіктелмейтін бөлігі  - түбірін 

теориялық тұрғьщан табуға болады.  Ішкі рекон- 

струкция әдісі арқы лы  түбірлес сөздердің  құра- 

мынан осы тілдің өзінен,  ия болмаса сыртқы ре- 

конструкция  арқы лы   туыс тілдер  мен  түркі  ес- 

керткіш терінен түбір  м ағы налы  жалпытүркілік 

элементтер анықталып  қалпына келтіріледі.

Осы  тектес  түбірлес  сөздер  -  бір  ұядан  та- 

райтын жалпы да кешенді м ағы наны   нақты  ма- 

ғы наларға жіктейтін  сем антикалы қ ф илиация- 

ның көріністері, агглютинативті лексикализация 

мен сөзжасамдық жүйенің бағытгары ретінде зерт- 

теледі. Демек,  белгілі бір сөзге тарихи  морфоло- 

гиялық талдау жасау үшін  оны  түбірлес туынды 

тұлғалармен салыстырып  қарау, жоғарыда атап 

көрсеткеніміздей,  олардың ортақ семантикалық 

өзегін теориялық тұрғы дан анықтауға көмекте- 

седі.  Бұл арада семантикалық байланыстарды ашу, 

негізінен,  сөзтудыруш ы лы қ  қатарға  сүйенеді. 

Олар біртұтас лексика-семантикалық кеңістіктің 

жалпы ттзбегіндегі  сем антикалы қ түйін  тәрізді. 

Сонды қтан  да  сөздің  уәждік  байланы стары на 

қатысты  сөзтудырушылық өнімділік сөздің өзе- 

гіне  байланады.  Түбірдің  беретін  мәні  түбірлес 

сәздердің мағынасын ортақ бір идеяға тоғысты- 

ратын  түйін  тәрізді  екені  басқа  да  корнекті 

түркітануш ы  ғалымдардың  еңбектерінде  атап 

көрсетілген.

Осындай түбірлер қазақ тіл білімінде Қ.Жұба- 

нөв зерттеулерінен бастап  “өлі” түбірлер деп ата- 

лып  жүр.  Бірақ  бұл  атаудың  ш арттылығы н  ес- 

керген  жөн.  Олардың  синхронды қ  тұрғы дан 

қосымша морфемамен тіркескенде тілдегі  қолда- 

нысы  сақталған.  “ Олі  түбірлер”  деген  ұғымды 

белгілі дәрежеде  “байлаулы түбір”  (“связанный 

корень”) деген ұғыммен салыстыруға болады. Осы

те р м и н д і  оры с  тіл  б іл ім ін е  а л ғаш   ен гізген  

Г.О .В инокур  оған  былай  деп  аны қтама  береді: 

“ ...  основы ,  которые  всегда  даны  нам  только  в 

соединении с теми  или  иными аффиксами,  мож- 

но  было  бы  назвать  основами  связанны м и.  Ср., 

например,  соотнош ение слов при-выкнуть и от- 

выкнуть,  где  выделяется  первичная  основа -вы к

неизвестная  в свободном от афф иксов виде” .

Көріп  өты рғаны м ы здай,  “байлаулы түбір”  - 

синхронды қ талдаудың  единицасы.  Себебі,  ол  - 

сөздің құрамынан сөзтудырушылық морфемалар- 

ды  біртіндеп  ажыратып алудың нәтижесінде қал- 

ған  қалдық.  “ Өлі  түбір”  қосы м ш а  морфемасыз 

с и н х р о н д ы қ   тұ р ғы д ан   қ ол д ан ы л а  алм ай ты н  

қ о с ы м ш а ғ а   “ б а й л а у л ы ”  тү б ір .  Б ір а қ   “ ө л і” 

түбірлерде өған  қөса тек синхрондық әдіспен бай- 

лаулы  морфемалары  шешіле алмайтын,  сонды қ- 

тан  этим ологиялы қталдау  негізінде диахрондық 

тұрғы дан да  қарастыруды  қажет ететін  өзіне тән 

белгілері  бар.

С ө н ы м ен ,  түбірді  д и ах р ө н д ы қ  тұ р ғы д ан  

сөзжасам  прөцесімен  ты ғы з  байланы ста  қарап, 

синхронды қ тұрғы дан  м орф ем алы қ бөлуге  кел- 

мейтін түбірсоз  немесе байлаулы түбір дәрежесі- 

не жеткізген  себептерді  қы сқаш а алғанда былай 

деп  көрсетуге болады:  а) түбір ұғы м ы ны ң тарихи 

сипатымен байланысты, ә) ж ұрнақтық сөзжасам- 

ны ңдам уы мен  байланысты.

О ның алдында Э.В.Севөртян  “сөзтудыруш ы 

ж ү й е”  деп,  И .А .Батманөв  “өйлаудың  тұрақсы з 

кезеңі” деп атаған  синкретизм  құбылысы  қызмет 

етті.  Бірақ сөзтудырудың бұл әдісі  қанш а ы ңғай- 

лы да ықшам бөлғанымен, тілдің грамматикалық 

даму бары сы ны ң одан әрі жетілуін  қажет етті.

б) 

Т үб ір л ер д ің   қ ұ р а м ы н д ағы   д ы б ы с ты қ  



ж үйенің  тарихи  өзгерістерімен  және  дамуымен 

байланысты.  Сөның ішінде кейбір бірбуынды  “өлі 

түбірлердің”  құрам ы ндағы  түбір мен  қөсы м ш а- 

ның әбден  кірігіп,  “байланы п”  қазір бәлуге  кел- 

мейтін түбір сөз деп ұғынылуы  ішкі флексияны ң 

нәтижесі бөлуы  мүмкін деген жөғарыда келтіріл- 

ген пікірлерді ескермеуге бөлмайды. Ж алғамалық 

тәсілі күш  алған ғад ей ін   үндіеурөпа тілдеріндегі- 

дей төлы қ қызмет етпегенімен,  ф лексияны ң эле- 

менттерінің бөлғанын тілдік деректер көрсетеді.

М ысалы: жаз-жай,  бак-бау,  көр-көз,  сый-сык, 

кызыл-кырмызы, кыз -кыркын т.б.

Сөл сияқты басқа да фөнетикалық құбылыс- 

тар түбір  құрылымының өзгеруіне,  қалыптасуы- 

на әсер етіп, түбір  құрамын белгілі дәрежеде өзге- 

ріске  ұшыратады.  Мысалы, сөз - сөй-ле,  бағ - бай- 

ла,  сау - сак-аю,  сой - соғым,  ау-дар - ак-тар т.б.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет