1.3.2.2. ¥яң дауыссыз дыбыстар
Қ азақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстардың
құрамы төмендегідей: Б, Д, Ғ-Г, 3, Ж. Бұлар
қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың қата-
рына жатады. Ұяң дауыссыз дыбыстардың бәріне
ортақ белгі - дауыстың жартылай қатысуы. Бас-
қаш а айтқанда, ұяң дауыссыз дыбыстардың жа-
салымына дауыс желбезегі жартылай (тербеліңкі)
қаты сады, жартылай тербеледі. Ұяң дауыссы з-
дарды ұйыстырып отыратын бірегей белгі осы
болып табылады.
Б дауыссыз дыбысы
Жасалымы:
1. Б дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жаса-
лады. Ж асалу орны на қарай ерін-ерінді дауыс-
сыз болып табылады.
2. Б дауыссыз дыбысы қос (астыңғы және
үстіңгі) еріннің тоғысуы арқылы жасалады. Ж а-
салу тәсіліне қарай тоғы сыңқы дауыссыз дыбыс
болып табылады.
3. Б дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс жел-
безегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қаты-
сады. Дауыс қаты сы на қарай ұяң (тербеліңкі)
дауыссыз дыбыс болып табылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |