Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


СӨЗЖАСАМ  ТІЛ  БІЛІМІІІІҢ  ЖЕКЕ  САЛАСЫ



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет411/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
СӨЗЖАСАМ  ТІЛ  БІЛІМІІІІҢ  ЖЕКЕ  САЛАСЫ

229

дер ғана емес,  сөйлеу үстінде дайын  үлгі  бойын- 

ша  қолданыла беретін туынды  сөздер де  көптеп 

кездеседі.

Осыған орай  қарастырғанда, түркі тілдерінің 

ж алпытүркілік  қабаты  түбір  және  диахронды қ 

тұрғы дан  тарихи  туынды түбірлерден  көрінеді. 

Олардың  ата  түркі  дәуіріндегі  жалпытүркілік 

ежелгі түрін  салыстырмалы-тарихи  негізде жаң- 

ғырту  арқылы  байы рғы   қалпы на  келтіруге  бо- 

лады.

Ататүркі  тілінің тұрақтануы  оны ң  ыдырау- 



ы мен  аяқтал ады   да,  сөз  ж о қ ,  үлкен  уақы т 

кеңістігін  қамтиды.  Ж әне бүкіл осы  процесс ба- 

рысында оны  бір текті  қалыпта болды деп  айту- 

ға  болмайды.  Б ұған  базистік лексикан ы ң  өзегі 

дэлел  бола  алады.  Атап  айтқанда,  қазіргі  түркі 

тілдерінде бірбуынды түбірлердің әртүрлі түрлері 

Г  (дауысты),  ГС  (дауысты  +  дауыссыз),  СГС 

(дауыссыз  + дауысты  + дауыссы з),  СГСС  (дау- 

ыссыз  +  дауы сты +  дауыссыз  +  дауыссыз)  т.б. 

өте  көп  екендігін  ғалымдардың бэрі де  мойын- 

дайды.

Солардың  іш інен  түркі  тілдерінің  қазіргі 



даму кезіңде ең көп  кездесетіні - түбірлердің СГС 

түрі.  Бұл  -  түркі  түбірінің  бірден  бір  түрі,  ал 

басқалары соның варианттары.

Ә рине,  Н .А .Б ас к а к о в   түркі  тілдеріндегі 

түбірлердің дауыссыз-дауысты  (СГ) және дауы- 

сты-дауыссыз  (ГС)  құрамдарын  да  мойындай- 

ды.  Бірақ  автор  оларды  алды ңғы ,  артқы  пози- 

цияда дауыссыздардың редукцияға ұшырауынан, 

немесе түсіп  қалуынан туған деп тұжырымдай- 

ды.  Бұл ойына дәлел  ретінде чуваш, якут тілдер- 

інде санаулы дауыссыздардың сөз басында түсіп 

қалуын келтіреді.  Бұл фактіні асыра бағалау мен 

қосымшалардың құрамындағы дауыссыздардың 

^үсіп  қаЛуы  ж айларын  осылай  шатастыру  Вам- 

бериді де осындай теріс пікірге әкелген болатын. 

Түбірлерді тарихи тұрғыдан  қарау түркі тілдері- 

ндегі алғаш қы  түбірлердің бір дыбыстан да,  екі 

дыбыстан да,  үш дыбыстан да тұратынын  көрсе- 

теді.  Екі дыбысты,  әсіресе үш дыбысты түбірлер 

көбіне тарихи тұрғы дан  құрамды  болып  ш ы ға- 

ды.  Я ғн и ,  о н тологи ялы қ  (палентологиялы қ) 

бірлік (единица) болғандықтан, талай өзгерістерге 

ұшыраған түбірдің ата тілде әртүрлі хронологи- 

ялы қ деңгейде бір  ғана  үлгіде  (модельдер)  өмір 

сүруі  мүмкін  емес.  Ал,  қазіргі  туыстас  түркі 

тілдерін  ескі түркі ескерткіштерінің материалда- 

рымен  салыстыра зерттеу байы рғы  түбірлердің 

бірбуынды лы ғына  дау  туғызбайды.  Қ азақ  тіл 

білімінде де  қазақ тілінің лексикасына негіз бол-

ған  толы қ  м ағы налы ,  көп  мәнерлі,  басқа  түркі 

тілдеріндегі  байырғы түбірлерімен  мәндес бір бу- 

ынды байырғы түбірлер деп  қаралады. Ал  қазіргі 

тіліміздегі жеке мағынаға ие болып, өзінен  көпте- 

ген сөздерді  орбітіп, түбірлік сөз қызметін  атқа- 

рып  оты рған,  көбінесе, тарихи туынды түбірлер. 

Тілдің даму барысында олардың жігі білінбей кет- 

кендігі  сонш а,  оларды терең тарихи  ізденіс  нәти- 

жесінде  ғана түбір  мен  қосы м ш аға ажырата ала- 

мыз.  Бұл  түркі  тілдерінің даму  барысында  мор- 

ф ологи ялы қ  элементтердің  әбден  ж ы мдасы п, 

кірігіп  кетуі туралы  гиперагглю тинация теория- 

сымен  ұштасып  жатады.  Осы  теори ян ы ң   алғаш  

негізін  қалаушы  ғалымдардың  бірі  В.В.Радлов 

“екібуынды түбірлерді былай  қойғанда,  кез  кел- 

ген  м оносиллабтың  этим ологиялы қ  түбір  бола 

алмайтынын, оларды тарихи аспектіден қарап ту- 

ынды түбір екенін  байқауға болады ” деп жазды.

С о н д ы қ та н   қазіргі  о қ у л ы қ та р ы м ы зд а ғы  

түбірге берілген анықтама мен  ол туралы  ұғымы- 

мызда шарттылық басым.  Біздің ойы м ы зш а, бұл

-  орыс тілі  грамматикасының әсері.  Орыс тілінде 

сөздің құрамы түбір морфема және  қосымша мор- 

ф ем аға болініп талданады.  Бұл  орыс тілі дамуы- 

ның ішкі  заңдылығынан  келіп  шығады.  Ойткені, 

бұл  тілде  түбір  морфема  бір  сөздің  құрамында 

тұрып,  сол  сөздің  мазмұнын білдіргенмен,  ол то- 

лы қ сөз емес, сөздің бөлшегі  ғана.  Тек қөсымш а 

м орфемамен  біріккенде  ғана,  толы қ дэрежесіне 

жетіп лексико-грамматикалы қ бірлік бола алады. 

Орыс тілінде зат есімнің тек мужской  род тұлға- 

сына жататын стол,  дом,  братт.б.  сияқты  создер 

ғана  еш қандай  морф емаға  болінбей,  осы  түбір 

күйінде  тұрып,  толы қ  дербрс  соз  м ағы насы нда 

қолданылады.

Д ем ек,  орыс  тіліндегі  сөздер  граматикалы қ 

ф орм аға  енгенде  ғана,  толы қ  м ағы налы   дербес 

соз болып,  сол тілдің сөздік құрамына ене алады.

Ал,  түркі  тілдеріндегі  түбір  дегеніміз  синх- 

рөнды қ  тұрғы дан  әрі  қарай  бөлшектеуге  кел- 

мейтін, сөл сөздің реалды мағынасын беретін бөлігі 

деп  саналады.  Қазақ тіліндегі әрбір түбір сөз - өз 

алдына  төлы қ  мағыналы  жеке  сөз,  лексикалы қ 

бірлік.  Түбір сөздер сөл  күйінде түсіндірмелі,  екі 

тілді т.б. сөздіктерге енеді.  Олар ешқандай  қөсым- 

шасыз тіркесе алады.  Мысалы: көк сіія,  темір пеш 

т.б. Алайда, түркі тілдеріндегі түбірлердің  негізгі 

ерекшелігінің бірі  ретінде  көрсетілетін  бұл  белгі- 

лер түбірлерге  емес, түбірсозге  (көрнеслөвө) тэн 

қасиет.  Ал,  қазіргі  тіліміздегі  түбір  сөз деп  ұғы- 

нылатын  көптеген  сөздерді  жөғарыда айты лған- 

дай тарихи тұрғыдан түбір мен өнімсіз қөсымша-



230


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет