Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


 .5 .  Т У Ы Н Д Ы   С Ө З Д Е Р ,  О Л А Р Д Ы Ң   Т Ү Р Л Е Р І



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет396/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
2 .5 .  Т У Ы Н Д Ы   С Ө З Д Е Р ,  О Л А Р Д Ы Ң   Т Ү Р Л Е Р І

Туынды сөздер деген терм иннің қолданым- 

ға  түскеніне  көп  уақыт  болған  ж оқ.  Ол  осы 

еңбекте қолданылатын  мағы нада  “ Қазіргі қазақ 

тілінің сөзжасам ж үйесі” деген  м онограф иялы қ 

еңбекте  алғаш   рет  қолданы лған  болатын.  Бұл 

м он ограф и яға  дей ін   туынды  түбір,  қос  сөз, 

күрделі  сөз,  біріккен  сөз,  қы сқар ған   сөз  деген 

сияқты  терм индер қолданы лы п келді. Ал  олар- 

’дың бәрі - сөзжасам нәтижесінде тілге қосылған 

сөздердің түрлері.  Олар тілдегі алғаш қы   негізгі 

түбірлерге  қарағанда,  кейінгі  құбылыстарға жа- 

тады.  Осы  сөзж асам  әрекетінің  нәтижесінде әр 

кезеңде  тілге  қосы лы п  оты рған,  сөзж асамдық 

түрлі тәсілдер  арқы лы   түрлі тұ л ғаға  ие  болған 

сөзж асамдық л екси кал ы қ  нұсқаларды ң  жалпы 

ортақ термині болған ж оқ еді. Сондықтан сөзжа- 

самдық  әрекеттің  нәтижесінде  тілге  қосы лған 

лексикалы қ нұсқалардың бәрін қамтитын туын- 

ды сөз деген термин  қолданы лған болатын.

Осымен  байланысты  туынды  сөздер  деген 

термин созжасам арқылы жасалған туылымдар- 

дың ортақ атауы ретінде  қолданылып  отыр.

Тілдің сөзжасам саласының зерттейтін  негізгі 

нысанасы  -  туынды  сөздер.  Туынды  создер  - 

тілдің сөзж асамдық тәсілдері арқы лы  ж асалған 

лексикалық нұсқалар (единицалар). Мысалы, ағар, 

бітім,  келісім,  белдік,  кэсіптік,  қаламгер,  озат, 

сөзшен  сияқты   туынды  түбірлер  сөзжасамның

м орфологиялық тәсілі арқылы ж асалған туынды 

сөздер. Ал баданакөз (өсімдік), бірталай, жел қақты, 

жолсерік,  көксоккан,  карашайыр (өсімдік), отка- 

салар,  торкөз, ұзын сонар т.б.  осы сияқты күрделі 

сөздер созжасамның синтаксистік тәсілі бойынша 

ж асалған  туынды  сөздер.  Ал  1)  а б за л -щ рал.  Ат 

кораға барып  ат  абзалдарының кемшілігін  түзей 

бастады; 2)  абзал -  қадірлі,  құрметті  - Көріскен- 

ше кош,  сау бол,  абзал  анам (О маров);  3) абзал  - 

жөн, дұрыс.  Онда колхозға түгел көшкендерің аб- 



зал болар (Нұртазин) дегендегі абзал сөзінің бірне- 

ше м ағы н а беріп,  бірнеше сөз қызметін атқаруы 

сөзжасамның семантикалық тәсілі арқылы жасал- 

ған  туынды  сөз  болуына жатады.  С оны м ен  ту- 

ынды сөздерге қосымш а арқылы жасалған туын- 

ды  түбірлер  мен  синтаксистік тәсіл  арқы лы  жа- 

салған күрделі сөздер, сөзжасам тәсілінің барлық 

түрі арқы лы  ж асалған туындылардың бәрі жата- 

ды, туынды сөздер - тілдің сөзжасамдық әрекетінің 

нәтижесі.

Қ азақ  тілінің  сөздік  қоры  туынды  сөздерге 

өте  бай.  Егер  тілдегі түбір  сөз  бен  туынды  сөзді 

салыстырса, ол екеуінің арасындағы айырмаш ы- 

л ы қ өте зор.  Ө йткені тіліміздің сөзжасам жүйесі

-  тым  көне  замандардан  келе  ж атқан  құбылыс, 

оның барлық кезеңінде тілге туынды сөздер үнемі 

қосылып отырған.  Сондықтан ең көне жазба ес- 

керткіш   саналаты н  орхон ж азбалары ны ң  өзінде 

туынды  сөздер  көптеп  кездеседі.  Содан  бері  ту- 

ынды  сөздер  тілге  үздіксіз  қосы лы п  оты рған. 

Туынды сөздердің қазақ тілінің тарихында сөздікке 

ең  мол  қосы лған   кезі  -  соңғы   70-80  жыл,  яғн и  

соң ғы   кезең.  Еліміз  егемендік  алған ы н ан   бергі 

кезеңде қоғам дағы  жаңалықтармен байланысты 

ж аңа  сөздер  тілге  оте  көп  қосы лы п  жатыр.  Бұл 

кезеңдерде  тілімізге  туынды  сөздердің  қосылу 

қарқы н ы  өте күшті.  Осының нәтижесінде тіліміз 

ту ы н д ы   с ө з д е р м е н   о р а с а н   б а й ы д ы .  Қ а зір  

тіліміздегі негізгі түбір сөздермен  салы сты рған- 

да, туынды сөздер олардан әлдеқайда көп.

Сөз  байлы ғы м ы зды ң  осы  ең  мол  тобы  бо- 

лып табылатын туынды сөздер іштей алуан түрлі, 

оның себебі - туынды сөздер түрлі-түрлі тәсілдер- 

мен жасалған. Тілдің сөзжасам жүйесі өте күрделі, 

ол  түрлі-түрлі  тәсілдерді  қамтиды.  С оған   орай 

туынды сөздердің  құрамы,  құрылысы  саналуан. 

Олардың ортақ белгілері де жеткілікті.  Сонымен 

бірге туынды создердің тілдің басқа құбылыста- 

рына ұқсастығы да бар. Мысалға туынды создердің 

созформаларға да, сөз тіркестеріне де ұқсастығы 

бары  аны қ,  сондықтан  оларды  дұрыс  ажырату 

керек.  Осы жағдайлардың бәрі туынды сөздердің




өзіндік белгілерін көрсетудің қажеттігін туғыза- 

ды.


Алдымен туынды сөз деген терминнің мәнін 

аш ы п  алайы қ.  Қ азақ  тіл  білімінде  бұл  термин 

кездесіп  жүргенімен,  ол  тұрақты  бір  м ағы нада 

қалыптасты деуге келмейді.  Оны  кейде туынды 

түбір  деген  м ағы нада  да  қолдануы  кездеседі. 

Ш ы нды ғы нда  ол  екі  терм иннің  м ағы насы нда 

үлкен айырма бар. Ал туынды сөз деген терминнің 

м ағы насы  туынды түбір деген терм иннен әлде- 

қайда кең.  Туынды түбір деген термин  - туынды 

с ө зд ер д ің   бір  т о б ы н ы ң   ғ а н а   аты .  Туы нды  

түбірлерге тек сөзжасамдық жұрнақ арқылы, син- 

тетикалы қ  тәсіл  арқы лы   ж асалған  сөздер  ғана 

жатады.  Мысалы, аталас,  аштық,  бастық,  бейім- 


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет