Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет393/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
2 1 2

СӨЗЖАСАМ

ынды  сөздердің  м ағы насы .  С онды қтан  сөзжа- 

самдық м ағы наны ң  негізгі түбір сөздерге  қаты- 

сы жоқ.  М ысалы, ал,  бер,  көк,  он,  күн,  ай сияқты 

негізгі  түбір  сөздердің  м ағы насы   сөзж асамдық 

м ағы наға  ж атпайды ,  сонды қтан  осы  сөздердің 

н е г із г і  м а ғ ы н а с ы н ы ң   қ а л а й   ж а с а л ғ а н ы н  

түсіндіру, дәлелдеу мүмкін емес.

Сөзжасамдық мағынаның қалай жасалғанын 

түсіндіруге  болады,  ол  туынды  сөздердің  құра- 

мына  кірген  сөзж асам ды қ  бірліктер  арқы лы  

дәлелденеді.  С онды қтан  да  туынды  сөздердің 

құрам ы ндағы   сөзж асам ды қ  бірліктердің  бір- 

бірімен қандай  қары м -қаты сқа түскенін білу ар- 

қылы сөзж асам дағы  туынды  м ағы н ан ы ң   қалай 

ж асалғаны н  көруге болады. А ны ғы рақ айтқан- 

да, сөзжасамдық мағына - дәлелді мағына,  негізгі 

түбірдің м ағы насы   - дәлелсіз мағы на.

С оны м ен  сөзж асам ды қ  бірліктердің  бір- 

бірімен ты ғы з сөзжасамдық байланысқа түсуінің 

нәтижесінде  солардың  м ағы насы н ы ң   негізінде 

жасалған біртұтас лексикалық мағына сөзжасам- 

ды қ м ағы на деп  аталады.

С өзж асам д ы қ  м ағы н ал ы   туы нды  сөздер 

тілдің сөздік құрамын байытып, лексикалы қ ма- 

ғыналы  сөздер қатары на қосылады.  Сондықтан 

да бірсыпыра ғалымдар сөзжасамдық мағынаны 

аталым (номинация) теориясының шығуына бай- 

ланысты ономасиологиялық тұрғьща қарастырып 

жүр.  Әр  сөз  белгілі  бір  ұғы м ны ң   аталымы,  де- 

мек туынды  сөз де  ұғы м ны ң аты.  Осы ретте ту- 

ынды  сөздің  м ағы н асы н   оном аси о л о ги ял ы қ 

тұрғы да  қарап,  туынды  сөзді  аталым деп  қарау 

орынды.


Туынды  сөз  түрлі  тәсілмен  жасалып,  түрлі 

құрамда болып,  олардың бір-бірімен түрлі мағы- 

налық қатысқа түсуі туынды сөз мағынасына әсер 

етеді.  Ол сөзжасамдық м ағы на ерекшелігін туғы- 

зады.  Олар,  әрине,  түрліше,  дегенмен  оларды 

жинақтап,  ірі ерекшеліктерін корсетуге болады:

1)  сөзж асам ды қ  м ағы наны ң   дара  ұғы м ға 

байланысты және

2)  күрделі  ұғы м ға байланысты түрлері бар.

К ө п ш іл ік   туы нды   сөзд ер  дар а  ұғы м ды

білдіреді.  М ысалы, дэрігер,  егін,  сөйле деген  ту- 

ынды түбірлерді алсақ, олардың әрқайсысы белгілі 

дара ұғы м ны ң аты: дәрігер -  адамдарды емдейтін 

мамандықтың  аты,  егін  -  егілетін  зат,  сөйле  - 

адамдардың сөз арқылы ойын білдіру қимылы.

Ал  туынды  сөздің  бәрі  осындай  мағынада 

бола бермейді.  Мысалы, алып кет, кіріп іиык, жүз 

алпыс, отыз бес,  елбасы, кызыл ала, кара торы си- 

яқты   ан али ти кал ы қ  тәсіл  арқы лы   ж асалған

күрделі сөздердің мағынасы біртұтас лексикалы қ 

мағына болғанымен, олар білдіретін ұғым күрделі. 

О сы ндағы   алып  кет,  кіріп  шык күрделі  етістік- 

терінің мағынасын дара етістіктермен салыстыру 

оны анық көрсетеді.  Мысалы, кел, кет, көр, ал, шык 

т.б.  осы  сияқты   дара  етістіктердің  әрқайсы сы  

қим ы лды ң  бір  ғана  түрін  білдіреді  я ғ н и   дара 

қимылды білдіреді.

Ал  талданып  оты рған  алып  кет,  кіріп  іиык 

деген  күрделі  етістіктер де  біртұтас лекси калы қ 

м ағы наны   білдіреді,  бірақ  олардың  білдіретін 

қимылы жоғарыдағыдай дара қимыл емес, күрделі 

қимыл:  алып  кет  қимылы  екі  қим ы лды ң  (алу, 

кету)  ж ы мдасуы нан,  кірігуінен  туған.  С онды қ- 

тан  ол  -  дара  қим ы л  емес,  күрделі  қимыл.  Кіріп 

шык күрделі етістігі де сондай: үйге кіріп шыксай- 

шы дегенде, әрине,  кір де ш ы қ деген дара ұғы м - 

дар  ж оқ,  кіріп  ш ы қ  шақыруды  білдіреді.  Бірақ 

күрделі  қим ы лда  я ғн и   ол  екі  түрлі  қимылдың 

кірігіп, тұтасуы арқылы біртұтас күрделі  қимыл- 

дың атын жасаған.

Сол  сияқты   жүз  алпыс,  отыз  бес деген  сан 

атаулары  - біртұтас мағы налы сөздер, жүз алпыс

-  бір  санны ң  аты,  отыз  бес  -  бір  сан н ы ң   аты. 

Олар  екі  түрлі  сөздер.  Бірақ  осы  екі  түрлі  сан 

атаулары  күрделі  санды қ  ұғымды  білдіреді. Жүз 

алпыс жеке алғандағы жүз де емес, алпыс та емес, 

ол үшінші санны ң аты, отыз бес те сондай.  Бірақ 

олар білдіретін сандық ұғым  күрделі.  Сондықтан 

бұл  сан  атаулары   күрделі  ұғы м ды   білдіреді. 

Тілімізде  не  бәрі  ж иы рма  ш ақты  сан  атаулары 

ғана дара ұғымды білдіреді.  Қалған сан атаулары 

(миллион,  миллиардтарға дейінгі)  түгел  күрделі 

ұғымдарды білдіреді.



Елбасы -  елді басқаратын адам  ұғымын  қам- 

ты п,  күрделі  ұғымды  білдірсе,  кызыл  ала,  кара 

длддегендер бірнеше түстен тұратын түсті білдіріп, 

түстің күрделі ұғы м ы н білдіріп тұр.

Күрделі ұғым күрделі сөздермен байланысты 

екені  келтірілген мысалдардан  көрінеді.  Күрделі 

ұғым  күрделі сөздердің сыңарларының  м ағы на- 

сынан  туады.  Күрделі  сөздің  м ағы насы   оның 

қ ұ рам ы н д ағы   сы ңарларды ң  м ағы н алары н ы ң  

қосы нды сы нан жасалады.  Ал  күрделі  сөздің жа- 

салуы өмірде  күрделі  ұғымдардың,  күрделі құбы- 

лыстардың болуымен байланысты.

К ел тір іл ген   м ы салд ар  тілдегі  сөзд ерд ің  

білдіретін  ұғымы  дара,  күрделі  болуына  байла- 

нысты  сөзжасамдық  м ағы наны ң да дара  мәнді, 

күрделі  мәнді түрлері барын дәлелдейді.

Ғылымда сөзжасамдық м ағы наны  өзгертіл- 

ген  мағына, түрлендірілген  мағына деп  екі топқа





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет