мағыналарының бэрі - кейін қосылған мағыналар.
күрылыс, жиналыс, үзіліс т.б. Сөйтіп, екі сөз та-
бында бұл жұрнақ басқа-басқа мағыналар береді,
ол қазір омоним қосымш а дәрежесінде. Тарихи
тұрғыдан алғанда, олардың алғаш бір қосымша
екені белгілі. Ортақ етістің ж ұрнағы өз мағы на-
сының үстіне заттық м ағы на білдіретін болып,
тағы бір м ағы на қосып алған. Сондықтан оның
мағынасы кеңіген, екі сөз табының көрсеткіші
дәрежесіне жеткен. Егерде оны ң мағынасында
өзгеріс болмаса, бұрынғы мағынаның үстіне тағы
бір м ағы на қосылып, оның семантикалық жүгі
артпаса, ол тілде екі қосымш а болып танылмас
еді. Сөйтіп, бұл арада -ыс морфемасының мағы-
насының кеңеюі арқылы зат есімнің -6/сжұрна-
ғы қалыптасып, тілге ол жаңа қосымш а ретінде
қосылған. Мұның барлығы синтетикалық тәсілдің
күрделеніп отырғанын көрсетеді.
Бұл арада бір сөз табы ны ң қосы м ш асы өз
мағынасын кеңітіп, басқа сөз табының көрсеткі-
шіне ауысып, онда сөз жасалым қызметін атқар-
ған. Бұны ң бәрі олардың тілдің сөзж асамдық
көрсеткіштерінің баюына, толығуына қызмет ат-
қарған тілдік құбылыс екенін көрсетеді. Бұл -
тілдің сөзжасамдық жүйесінің дамуы мен қалып-
тасуының көрсеткіштері.
Бірсыпыра ж ұрнақтарды ң қолданудан шы-
ғып қалғаны да белгілі. О ған орхон-енисей жаз-
балары ндағы -м еч ж ұрнағы н келтіруге болады.
М ысалға енисей жазба ескерткіштеріндегі ег
түбірінен -меч ж ұрнағы арқылы жасалған егмеч
(тәте) сөзін келтіруге болады.
Тілдің өзгерісі ұнемі жаңа тілдік нұсқалар-
дың қосылуы арқы лы бола бермейтіні белгілі.
Сондықтан кейбір сөзжасамдық көрсеткіштердің
оз қызметін жойып қолданыстан ш ығы п қалып
отыруы да заңды құбылыс.
Тар.ихи тұрғыдан алып қарағанда, сөзжасам-
ды қ жүйенің барлы қ тәсілдерінің қызметі үнемі
артып отырғаны байқалады.
Тілдегі сөз жасаудың коне тәсіліне жататын
аналитикалы қ тәсіл де совет дәуірінде ғы лы м-
ның, техниканы ң өсуіне байланысты талай тер-
миндердің жасалуына негіз болып, қызметі арт-
ты, белсенді тәсілге айналды. Мысалы: сірке суы,
сірке қышқылы, радиохабар, радиоқабылдағыш, таң-
дайбезі, көркемонер, радиотехника, сутегі, тамыр
жүйесі, үш бүрыш, агрономия, азот қышқылы, ха-
лықаралық, социалистік жарыс, окшау сөздер, зат
есім, сын есім т.б. осылар сияқты талай күрделі
сөздер жасалып, тілімізді байытты.
Екі сөздің бір-біріне қосылып, бір атау (но-
минация) жасауы тілде қай заманда да үлкен қыз-
мет атқарғаны белгілі, сол уақыттың ішінде оның
ішкі үлгілері орны ғы п, әбден қалыптасқан. Сон-
ды қтан ол үлгі бойынш а күрделі сөздің жасалуы
тілде әдеттегі заңды құбылыс болып таны лған.
Тек соңғы он шақты жылдың өзінде бұл тәсіл
арқы лы ж асалған күрделі сөздер ерекш е көзге
түседі: саябақ (парк), пәтер акы (квартплата),
мүраж ай (музей), эуежай (аэропорт), аш ы кхат
(открытка), жағажай (пляж), саяжай (дача), жи-
нак коры (сбережение),
м үш ел той (юбилей),
ж олнүска (путеводитель),
үрмелі аспаптар (ду-
ховые инструменты),жб/т/бш:<7Й (парник), жемдік
шоп (кормовые травы),
жедел жөндеу (срочная
работа), акжелкен (редиска), аскөк (укроп), жол-
киыс (перекресток),
жолбасшы (гид) т.б.
Семантикалық тәсіл де тілдің сөзжасам жүйе-
сінде көне замандардан бар. Бірақ бұл тәсілдің де
қызметінің өте белсенділікке көшкен кезеңі бары
анық. Қазан төңкерісінен кейінгі алғаш қы 40-50
жылдарда тілде бұл тәсілдің атқарған қызметі ерек-
ше. Создің дыбыстық құрамын, тұлғасын өзгерт-
пей, оның бұрынғы мағынасының үстіне тағы да
жаңа м ағы на қосу, сол арқылы бір сөзге бірнеше
сөздің қызметін атқарту тілде кең өріс алды: күн,
буын, одак, таңба, түлға, көрме, негіз, түбір, кіріс,
шығыс, дыбыс, тарау, үндеу, әңгіме т.б. сөздердің де
ғы лы м ны ң түрлі саласында термин сөз қызметі-
ндегі мәні мен мазмұны олардың тілдегі жай сөз
ретіндегі м ағы насы нан өзгеше. М ұндай сөздер
тілімізде қазір мол.
Тілдің сөзжасам жүйесі біршама тұрақты бол-
ғаны м ен, ол қатып қалған құбылыс емес. Қазақ
тілінде синтаксистік (аналитикалық) тәсілдің көлемі
ұлғайды, оған сөздерді қысқарту тәсілі қосылды.
Қазан төңкерісінен кейін тілімізде күрделі атаулар
көбейді, байыды, оны айтуда, жазуда ықшамдап
қысқарту қажеттігі туды. Бұл үшін орыс тілінің
сөздерді қысқарту тәжірибесін пайдалануға тура
келді. Орыс тілінде кең қолданы лы п жүрген
сөздерді қысқарту тәсілі және оның жолдары қазақ
тіліне де кірді. Мысалға ауылсовет, аупартком, об-
ком, колхоз, совхоз, КПСС, МТС, РТС, партком, мес-
тком, партбюро, сберкасса т.б. осылар сияқты қыс-
қарған сөздер тілде молынан қолданылатын бол-
ды. Тілімізде жиі қолданылатын бұл тәсіл арқылы
алғаш қазақтың байырғы сөздері де қысқартылып
жүрді, бірақ көбіне орыс тілінен қы сқарған қал-
пында тілге ену күштірек болды.
Рас, қазір олардың бірсыпырасы қолданудан
ш ықты, бірақ кезінде олар - тілде белсенді қол-
данылған сөздер.