Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


СӨЗЖАСАМ  ТІЛ  БІЛІМІНІҢ  ЖЕКЕ  САЛАСЫ



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет369/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
СӨЗЖАСАМ  ТІЛ  БІЛІМІНІҢ  ЖЕКЕ  САЛАСЫ

193


Бұл  жағдай  күрделі  сөздердіғі  жазылу  ем- 

лесін дұрыс белгілеуге, орнықтыруға да өз ықпа- 

лын тигізіп жүргені белгілі.  Сондықтан емледегі 

екіүш тілік,  бірде  бірге  жазу,  бірде  бөлек  жазу 

сияқты ала-құлалық та осы күрделі сөздерге бай- 

ланысты  кездесіп  отырады.  М ысалы, темірж ол



-  теміржолиіы,  онкүндік  -  он күндік,  адамата  - 

адам  ата.  Ақсүйек  -  ақ  сүйек,  ақтиін  -  ақ тиін, 

дүние  жүзі  -  дүниеэісүзі,  дүниеж үзілік  -  дүние 

жүзілік т.б.  Мұндай  мысалдар баспа бетінде жиі 

кездеседі*.

Бұл жағдайлардың бэрі  - сөзжасам  мен син- 

таксистің байланысына қатысты мәселелер. Тілде 

бір-бірімен байланыспайтын  мэселелерді  кездес- 

тіру өте  қиы н.  Сөз дыбыстан тұрады,  ал  сөз бен 

дыбыс тіл  білімінің түрлі  саласына жатады.  Сөз 

жасалады, соз түрленеді. Сөз жасалым сөзжасамға 

жатса,  сөз түрленім  морфологияға жатады,  бірақ 

жасалған соз дайын  күйінде сөйлемде  қолданы- 

лады, ал сөздің түрленуі  оның сөйлемде,  сойлем 

ішінде  қолданылуында іске  асады.  Бірақ жасал- 

ған  сөз де,  түрленген  сөз де  сөйлем  құрамында 

қы змет етеді.  Сонды қтан тілде  бірімен-бірі ты- 

ғыз байланыспайтын ешбір тілдік нұсқа жоқ.  Бұл 

тілдік нұсқалардың тіл  білімінің  қай  саласында 

зерттелуіне қарамастан, олардың бір-бірімен бай- 

ланысын дәлелдейді.  Сондықтан созжасамның тіл 

білімінің түрлі саласымен байланыстылығы - заң- 

ды  құбылыс.



Сөзжасамның  лексикологиям ен  байланысы

-  тілші  ғалымдар  назарынан  тыс  қалған  емес. 

О ны ң  негізі  бар,  негізсіз деуге  келмейді.

Сөзжасам тілдің сөздік құрамының толығу- 

ындағы   жаңа  сөздердің  ж асалымын  тексереді. 

Л ексикология  да  жалпы  алғанда,  созді,  тілдің 

создік құрамын  зерттейтіні  белгілі.  Бірақ созжа- 

" сам тілдің создік  құрамының туынды  создер ар- 

қылы толығуын  зерттесе, лексикология  жалғыз 

туынды  созбен  емес,  оның создің,  түбірдің бар- 

лы қ  түрімен  толығуын  зерттейді,  оған  басқа 

тілден  қабылданған создер де  кіреді.

Сезжасам лексикалық нұсқаларды жасаған- 

да, тілдік  қары м -қаты насқа қажетті  атау жасай- 

ды.  Ол  қажеттік  қоғамда туады,  атаудың лекси- 

калы қ жүйеде  ж оқ екенін лексика білдіреді.  Ал 

жаңа ұғымды  қалай атаудың жолын  іздеу, созжа- 

самның жұмысы, сондықтан ол жоқ атауды тілдің 

созжасамдық нұсқаларының  қайсысымен жасау- 

ды  созжасам  жүзеге  асырады.  С оны мен  тілдің 

лексикалы қ  құрамында  омірде  пайда  болған

ұғы м ны ң атауы ж оқ екенін  тек лексика  шешеді, 

анықтайды екен.

Л екси кологи я  создердің  қолданылу  ерек- 

шелігін,  м ағы н алы қ  ерекш елігін,  стильдік  қы з- 

метін,  белсенді  не бэсең қызметін тексереді.  Бас- 

қаш а айтқанда, лексикологияны ң  зерттеу ныса- 

налары  оте  кең.

Ана  тілім іздің  бай  создік  құрам ы   бірден 

қалыптаса қалған жоқ. Тілдің бай лексикасы үнемі 

толы ғы п  дамып  отырды.  Тілдің  создік  құрам ы - 

ның  толы ғы п  отыруы  -  үнемі  болып  отыратын 

құбылыс. Тілдің лексикасының үздіксіз дамуы тіл 

білімінен  тыс  ж ағдайларға  ты ғы з  байланысты. 

Қ оғам ны ң дамуы,  адам санасының осуіне байла- 

нысты  омірде  жаңа  заттар  мен  ұғымдар  пайда 

болады  да,  оларды  атау  қажеттігі  туады.  Осы 

қажеттікті  отеу үшін  жаңа создер жасалады,  кей- 

де жаңа создер басқа тілдерден де алынады.  Бірақ 

басқа тілден  соз қабылдау тілдің дамуы  мен баю- 

ында  белгілі  орын  алғаны м ен,  тіліміздің  сөздік 

қ ұ р ам ы н ы ң   баю ы нда  негізгі  қы зм етті  қа за қ  

тілінің  созжасам  жүйесі  атқарады.  Қ азақ тілінің 

қалыптасқан созжасам жүйесі арқылы тілде жаңа 

создер жасалады да, тіліміздің создік қорын  үнемі 

байытып  отырады. Тілдің создік қорын байытып, 

оны ң икемділігін арттыратын,  қандай  күрделі ой 

болса да, оны  нақтылы, дәл жеткізуге мүмкіншілігі 

мол  құдыретті тіл  болып  қалыптасудың бір тетігі 

тілдің  сөзжасам  жүйесіне  байланысты.  Осы ның 

озі  созж асам ны ң  тілде  атқаратын  қызметі  мен 

оның маңызын аны қ байқатады.  Бірақ созжасам- 

ның  нәтижесінде  ж асалған  сөздер  тілдің  сөздік 

құрамына барып  қосылып жатады.  Осыдан  келіп 

созжасам мен лексикология саласының байланы- 

сы  шығады.

Сөзжасам да,  лексикология да создің  м ағы - 

насын  зерттейді.  Бірақ  екеуі  соз  м ағы насы н  эр 

түрлі  мақсатпен  зерттейді,  бұл арада екеуінің соз 

мағынасын зерттеу мақсатының түрлілігіне  қарай 

олар бір-бірінен  бөлінеді.

Сөзжасам сөз мағынасын жалпы лексикалық 

мағына ретінде емес, сөзжасамдық мағына ретін- 

де қарайды. А ны ғы рақ айтсақ, өл туынды  сөздің 

м ағы насы ны ң  қалай  ж асалғаны н  зерттейді.  Ту- 

ынды лексикалық мағынаның қандай  ңегіз сөздің 

мағынасы арқылы жасалғанын анықтамайынш а, 

сөзж асам ды қ  м ағы наны   белгілеу  мүмкін  емес. 

М эселен,  ақта  деген  туынды  сөздің  м ағы насы 

өған  негіз  бөлған ақ деген  сөздің  м ағы насы   ар- 

қылы дәлелденеді.  Сөл сияқты койлекшең, таулы,

'

  Осы  мысалдардың  біразы  1963  ж оне  1798  жылғы  орф ограф иялы қ  создіктерден  алынды.




194


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет