Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет247/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ИНТОНАЦИЯ

С өйлем нің  сөйлем  болып  құралуындағы  инто- 

нац ияны ң  м аңы зы   зор,  оны  сойлем  түзудегі 

тұрақты  грам м атикалы қ  құралдардың  бірі  деп 

есептейді.

Сөйлемді түзуде, ажыратуда басқа да жалпы 

грамматикалық  құралдардың бар екенін  (мыса- 

лы,  сұрау  есімдігі,  сөйлемдегі  сөздердің  орны, 

шылау  сөздер т.б.),  бірақ олардың барлық тілде 

біркелкі тұрақты еместігін де ескеру керек.

И нтонацияны ң  екінші  -  жеке  ком муника- 

тивтік типтерді ажырату функциясы  - сейлемнің 

актуальды мүшеленуіне қатысады.  И нтонация- 

ның  бұл  ф унциясы   бір  сөйлемнің  ғана  құра- 

мында қаралады.  Мысалы:

Ерке  балалар//ж үм ы ска  шыдамсыз  деген 

сейлем   Ерке  балалар  қандай  болады?  деген 

сұраққа  жауап  беріп  тұр.  Ал Ж үмыска  шыдам- 

сы з//ерке  балалар деген  сөйлем  Ж ұм ы сқа  ш ы- 

дамсыз кім? деген  сұраққа жауап береді.

Бұл сойлемдердегі екі синтагманың біріншісі

-  белгілі  инф орм ацияға  ие  тема  да,  екіншісі  - 

енді  білуге  тиіс  жаңа  информацияны  білдіруші 

рема болады.  Реманың құрамындағы сұраққа тура 

жауап беретін соз акценттеліп,  мол интенсивтілік 

және ұзақтылықпен ерекшеленеді.  Сөйлеудің ак- 

туальды мүшеленуінде создердің орын тәртібі мен 

интонациясы зор рол атқарады.

И нтонацияны ң  үшінші  ф ункциясы на  маз- 

м ұ н н ы ң   ер екш ел іктер ін   аж ы ратуы   ж атады . 

Сойлемнің жалпы  коммуникативтік м ағы насы - 

на интонация арқылы басқа үстеме мағына,  яғни 

қосы м ш а  м ағы на  берілуі  мүмкін.  Олар  мазмұ- 

н ы н а   қ а р а й ,  с а н а м а л а у  

и н т о н а ц и я с ы , 

қарсылықты интонациясы, біріктіру, жалғастыру 

интонациясы,  қыстырма соз, сойлем  интонация- 

сы  болып  болінеді.  Мысалы: А б а й ,// Б ір ж а н,// 

Ербол,//Әйгерімдер тысқа шығып//оларды аттан- 

дырды.  Сол  сәт т е,//неге  екенін  ка й д а м ,//М ен- 

деш  есіме  түсті.  Біз  сырпща  ш ы ғайы к,//бірак 

үзап кетпейік.

И н т о н а ц и я н ы ң   т о р т ін ш і  ф у н к ц и я с ы  

мәтіндегі  сойлемдерді  бір-бірінен  ажыратып, 

олардың  жігін  белгілейді.  И нтонацияны ң  бұл 

қызметінің маңызы қазіргі замандағы оркендеген 

радио  мен теледидардан  сөйлеушілердің сөйлем 

түрлерін  дұрыс  м әнерлеп,  олардың  жіктерін 

ажыратып,  создерін  аны қ  айтуында  мәні  зор. 

Интонация  ғана сойлемді синтагмаларға бөліп, 

оның ішіндегі создерді  мағынасына қарай әрбір 

сойлем  мүшелерінің айналасына топтастырады. 

Сойлемдегі  пауза арқылы  бір болек топтасатын 

сөздердің  қай  синтагмаға жататындығын,  яғн и

ол  сөйлемді аяқтайтын  соңғы синтагма ма, әлде 

олай  емес  пе  -  осы ны ң  бәрін  тек  интонация 

арқылы  ғана білуге  болады.  Мысалы: Жаңа оқу 



ж ылында//70 мыңнан  аса  мектеп  т үлект ері// 

бастауыш  және  орта  кэсіптік  білім  беру  орын- 

дарында//бюджеттік негізде//оқуларын ж алға- 

стыра алады.//Жаңа заманға сай//мамандық алу 

үш ін//оқу  орындарына//қүжаттар  қабы лдау// 

аяқталып келеді.

Интонацияның бесінші функциясы, әр түрлі

-  эм оц и яларды   ай қы н д ау  болы п  табылады. 

Сөйлемнің коммуникативтік мағынасымен бірге 

эмоциялы қ-экспрессивтік түрлерін  анықтайды. 

Бұл функция  адамдардың түрлі ой-сезімін, оның 

құбылуын,  өзгеруін білдіреді.  Кейде сойлемнің 

реңкі  ғана  озгеріп  қойм ай,  оны ң  негізгі  м ағы - 

насы  да  озгеріп  кетуі  әбден  мүмкін.  Мысалы, 

Мен  сізді  жақсы  білемін деген  сойлем  эр  түрлі 

м ағы наға ие болуы мүмкін.  Бұл сойлем жағым- 

ды,  котеріңкі эуенмен,  қуаныш  сезімді  интона- 

циямен  айтылса,  ол  дұрыс  ж ай-күйді  білдіреді 

де,  ал ж ағымсыз, томен, созылыңқы  интонаци- 

ямен ерекшеленсе, ол кекесін, жағымсыз мағы- 

наға ие  болады.  С ондай-ақ,  интонация  сойлеп 

тұрған  адамның хал-ахуалы мен оның айтылып 

тұрған  ойға,  ж ағдай ға  қалай  қарайтынын  да 

білдіреді.  Мысалы,  сойлеушінің айтылған ойды, 

ж ағд ай ды   қ о л д а й ты н -қ о л д ам а й ты н ы ,  о ған  

қ у а н ы ш - р е н іш п е н ,  не  м ы с қ ы л   с е з ім м е н  

қарайты ны   и н тон ац и я  арқы лы   анықталады. 

И н то н ац и я н ы ң   бұл  ролі  тілдегі  м одальды қ 

категориясымен шектесіп жатыр.

Өзара тығыз байланысты болып келетін ин- 

тонацияның функцияларын ешқашан бір-бірінен 

ажыратып, болек қарауға болмайды. Сойлеушінің 

алдына қойған  мақсаттарына қарай, сойлемдегі 

и н то н а ц и я   ф у н к ц и я с ы н ы ң   қолданы луы   да 

түрленіп тұрады.  Ол  кейде жай хабарлы комму- 

никативті мағынаны білдірсе, кейде хабарға үсте- 

ме эмоциональды мағынаны, ал  кейде фактылар 

туралы айтылған ойлардың мағы налы қ ақиқат- 

ты ғы ны ң бір-бірімен сэйкестігін, тағы да басқа 

сезімге, түйсікке байланысты ф акторлары н  ай- 

қ ы н д а п   тұ р а д ы .  С о н ы м е н ,  и н т о н а ц и я н ы  

с о й л е м д е р д ің   т ү р л е р ін   т ү з у д е   о л а р д ы ң  

си н та гм ал а р ы н   а ж ы р аты п ,  соз  тізб ектерін  

синтаксистік  қы зметі  мен  м азмұнына  қарай 

топтастырып түсінікті ететін, түйіндеп  айтқан- 

да,  сойлем дерді  адам  ^ о ғ а м ы н ы ң   қаты н ас 

құралына айналдырып, адамдардың бір-бірімен 

түсінісуін  қамтамасыз ететін негізгі  құралдардың 

бірі деп  санауға болады.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет