Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет245/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ИНТОНАЦИЯНЬІҢ  ҚЫЗМЕТІ

107


жоқ,  интонема  -  ол  таңба,  оның  формасы  да, 

мазмұны да бар.  Интонеманы морфемамен неме- 

се сөзбен салыстыруға болады.  Сөйлемнің  бар- 

лы қ  түрлерінде  де  интонеманың  өзіндік  орны, 

атқаратын қызметі бар.  Сөйлемнің қай-қайсысы 

да интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқай- 

сысының өзіне тән интонациясы бар.  Сөйлемнің 

қай түрінің болса да,  сомдалып, аяқталып,  ком- 

муникативтік  ф ункцияға  ие  болып  тұруы  үшін 

интонеманың  мәні  ерекше.  Бір  сөзден  тұратын 

атаулы сөйлемдерді сөйлем етіп тұрған интона- 

ция екені белгілі.  Мысалы: Өрт! Көктем!

Қай тілде де сөйлеушінің жадында сол тілдің 

негізгі интонемалары сақталады және бұл инто- 

немалар  сөйлесудің  эталоны  болып  табылады. 

И нтонемалар ф онем алар сияқты  өзінің  просо- 

дикалы қ өлшемдері  және ерекшеліктерімен ва- 

риантгарында көрініс табады. Ал ол  варианттар- 

дың  қайсысын  қолдану-қолданбау сөйлеуш інің 

мақсаты  мен еркіне байланысты.  И нтонеманың 

да фонема сияқты дифференциялау қасиеті бол- 

ғанды қтан,  негізгі  қызметі сөйлемдерді ажыра- 

ту  болы п  табы лады .  Б ей тан ы с  тілдің   сөзін  

түсінбегенмен, интонемасын аңғарған адам оның 

интонациясыны ң, әуенінің ерекшеліктерін бай- 

қай алады.  Интонема әрқашан синтагмада көрініс 

табады.  С интагма  қай  тілдің  болса  да  сөйлем - 

дерінің  синтаксистік  құры лы сы  мен  он ы ң   ма- 

ғы насы н терең зерттеп түсінуге көмектеседі.  Ең 

ш ағы н синтаксистік мағы налы қ сөз, сөз тіркесі 

және  сөйлем  синтагма  түрінде  ин тон ац и ялы қ 

формаға ие болады. Синтагмалар - үлкенді-кішілі 

паузалармен бөлінетін тілдің интонациялық маз- 

м ұнды қ  үзінділері ретінде жай  сөйлемде,  ж ай- 

ылма сөйлемде,  құрмалас сөйлемде,  сондай-ақ 

біртақырыпты күрделі синтаксистіктұтастықтар- 

да  сөзді,  сөз тіркестерін,  сөйлемдерді  қам ты п, 

оларды бір интонациялы қ жүйеге бағы нды ры п 

ұстап  тұратын  тәсіл.  Мәтін  ішіндегі  синтагм а- 

лардың интонациясы н  құбылтып,  түрліше мән 

беріп  о қ ы с а ,  о н д а ғы   сөздердің   и н то н а ц и я  

арқы лы   түрліш е  топ талуы н ы ң   н әти ж есін де 

шекарасы өзгеріп, басқа бір стильдік мағына алуы 

м үм кін.  Әдетте  синтагм ада  көрін етін   и нто- 

немалардың түрлерін анықтауда, айыруда инто- 

нацияны   зерттеудегі белгілі  құры лы мды қ және 

глобальдық екі әдістің соңғы сы , я ғн и   глобаль- 

ды қ әдісі  қазақ тіліне лайы қ.  Бұл  әдіс  интона- 

цияны   зерттеуде  сөйлем дегі  е к п ін н ің   оры с 

тілін д егід ей   ж ы лж ы м алы   о р н ы н а   қ ар ам ай , 

сегменттерін бүтіндей алып қарайды.  Мұны қазақ

ж ән е  б асқ а  да  түркі  тілдерін де  сөйлем дегі 

сөздердің  басын  қосы п  тұратын  ерекш е тәсіл  - 

үндестік заңыны ң болуыментүсіндіруге болады.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет