2.2. Дауыссыздардың тіркесі
Дыбыстар үндестігі бойынш а қатаң дауыс-
сыздардан соң тек қатаңдар, ұяңдардан соң тек
ұяңдар, үндіден соң негізінен ұяңдар, үнділер ғана
тұра алады. Сөздің құрамындағы дауыссыздар да-
уыстылардың ыңғайына қарай бірыңғай не жуан,
не жіңішке болып үндесіп айтылады.
Қазіргі тілімізде табиғи дыбыс тіркестері-
мен қатар, кірме сөздерде ғана кездесетін, жал-
пы заңдылыққа қайшы келмейтін тіркестер бар.
Мәселен, ғд (бағдар, бағдат, дағды, жағдай, тағ-
дыр) тіркесі байырғы сөздердің түбірінде де, түбір
мен қосымш а аралығында да ұшырамайды. Тек
сөздердің аралығында ғана айтылады: ағдала (ақ
дала), бағдэулет (бақ-дэулет), бағдэреже (бақ-дэре-
же), т ам ағдэм і (тамақ дэмі), ағдэрі (ақ дэрі),
ағдауыл (ақ дауыл), оғдэрі (оқ-дэрі). Сөйте тұра,
кірме сөздердің түбірінде қолданылуы, ұяңнан
соң ұяң дауыссыз келеді дейтін заң ға сиып тұр.
Дәл осындай ұяңдар тіркесі ғб екі-ақ сөзде ұшы-
райды: бағбан (бақ-бан), қағба. Байырғы сөздер-
де мұндай тіркес жоқ. Бұл да ды бы сты қ заңға
қайш ы келмейді. Ал бағлан сөзіндегі ғл олай
емес.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тіркесін
үш тұрғыда (позицияда) қарастыру керек болады:
1) түбір (морфема) деңгейінде,
2) түбір мен қосымша жігінде (жапсарында),
3) сөз бен сөздің аралығында (бунақ ішінде).
Бұлардың бэріне ортақ жалпы заңдылықтар
бар да, әр тұрғы н ы ң (позицияны ң) өзіне тән
тіркесу ерекшеліктері және бар. Мәселен, қатаң-
нан соң қатаң, ұяңнан соң ұяң дауыссыз келеді
дейтін заң сөз бен сөздің арасында сақтала бер-
мейді. Мысалы: үш м ы ң, төртмы ң, бесм ы ң, се-
гізмы ң, ж үзм ы ң.
Үш түрғы ға (позицияға) да тән айнымас
заң қатаңдардың ұяңдармен және керісінше, ұяң-
дардың қатаңдармен қатар тұрып (тіркесіп) ай-
тылуы мүлде ж оқ. Ал жазуда бұлар қабаттаса
береді (әсіресе сөз бен сөздің арасында).
Кез келген дыбысты ң тіркесу мүмкіндігін
әлгі айтқан үш позицияда мынадай үлгіде қара-
стыру керек болады:
ққ: 1. 0 (кездеспейді, жоқ);
2. тараққа, таққа, таққан, соққы, соққыла;
3.аққар, аққайың, аққүс, баққонды,
атаққүмар;
Поделитесь с Вашими друзьями: |