Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


  Қарсы  мәнді  сөйлемдер  синонимиясы



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1303/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1299   1300   1301   1302   1303   1304   1305   1306   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
6.3.2.  Қарсы  мәнді  сөйлемдер  синонимиясы

Қ арсылықты  сөйлемдер  дегенде,  алдымен 

салалас пен сабақтас қүрмалас  сөйлемдердің ойға 

оралуы  занды.  Олардың  өзара  синоним  болатын- 

дығы  да  түсінікті:  қүрмаластың  бүл  екі  түрінің 

қүрамывдағы  сыңарлар  (компоненттер)  мазмүн 

жағынан  бір-біріне  қайшы  немесе  қарама-қарсы 

келіп  отыратындығы  белгілі.  Солай  бола  түра,




763

қарсылықты  салалас  пен  қарсылықты  сабақтас- 

тың  өзара  синонимдігін  зерттеген  арнаулы  еңбек 

жоқ.  Қарсылықты  салалас  сөйлеммен  берілетін 

ойды  көпшілік  жағдайда  қарсылықты  бағының- 

қы лы  сабақтас  сөйлем м ен  ж еткізуге  немесе 

керісінше  етуге  мүмкіндік  бар.

'  Қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас  болып 

келгенде,  бағыныңқы  сыңар  мен  басыңқы  сы- 

ңардың  айта  қаларлықтай  интонация  болмайды 

да,  жалпы  қарсылықты  мағынаны  білдіргенімен, 

дәл  салаластағыдай  даралап,  айқындай  алмайды.'

Бағыныңқылардың түлғалық ерекшеліктеріне 

байланысты  мағыналық  сәл  де  болса  орын  алуы 

олардың синонимдік қатар жасауына себепші  бо- 

лып  табылады:  Бірімізге  біріміз  сөйлеспесек  те, 



біріміздің  ойлаганымызды  екіншіміз  біліп  келеміз 

(Майлин).  Жасы  улкен  болса  да,  өзінен  кішілерге 



сәлем  беруді  ана  жылы  Ердекеңнен  көріп  еді  (Сей- 

ф улллин).  С алы сты ры ңы з:  Б ір ім ізге  бірім із 



сөйлеспегенмен,  ...  Жасы  үлкен болганмен,  ...  Олай 

болатыны  сабақтас  қүрмаластың  бағыныңқысы- 

ның  мүндай  түлғалары  да  өнімді  қолданылады: 

Қасымның  тусі  өзгеге  суық  болганмен,  маган  суық 

емес  (Мүқанов).

Қарсылықты  бағыныңқылардың  -са  түлға- 



лы  баяндауышқа  аяқталатындары  да  бар:  Қызган 

куннің  барлық  дыбысты,  уні  туншықтырган  ыс- 

тық  лебі  болмаса,  бул  дауыс  бірсыпыра  жерге 

естііер  еді  (Сейфуллин) -  Қасқыр  әдепкіде  маган 

он  шақты-ақ  қадам  жақын  келген  болса,  енді біраз 

жер  қалыс  отырды  (Қанахин).  Мүндайда  шарт- 

тылықтан горі,  салыстырмалық үғым беруі ықти- 

мал,  соның  өзінде  қарсы  қоя  салыстыру  сезіледі.

Мүндай  жайды  басқа  мысалдардың  ыңғайы- 

нан  байқауға  болады:  Шырагым,  дәрігер  адамды 

елімнен  қутқарады  десе,  өлімді  өзің  қарсы  алып 

жатқаннан  саумысың?  (Ш ашкин).  Бастықпен 

тізелес,  қатар  отыр  демесең,  қатал  айтар  бір 

батыл  пікірі  жоқ  (Қабдолов).  Бүлар  осы  мазмүн- 

дас  салалас  сөйлемдермен  синоним  болуға  бейім: 



...өлімнен  қутқарады  деуші  еді,  ал  өлімді  өзің... 

Бастықпен  тізелес,  қатар  отырсың,  бірақ...

Б а ғы н ы ң қ ы н ы ң   баяндауы ш ы   көсем ш еге 

аяқталғанда, ол сабақтастың өз ішіндегі түрлерімен 

де,  салаласпен де  синоним  болуға  мүмкіндігі бар: 



Ол  Абайдың  Тәкежаннан  кіші  бола  тура,  жақсы 

атты  жігіт  боп  бара  жатқанын  жақтырмайдьі 

(Әуезов).  -  ...  кіші  болганмен,  ...жақтырмайды. 



...Кіші,  бірақ...

Енді  бір  қарсылықты  бағыныңқылардың  ба- 

яндауыштары  мезгіл  бағыныңқылардың  баянда- 

уыштарын  еске  түсіреді:  Шатқалда  кун  жарқы- 

^   рап  турганда,  тауда  кун  куркіреп,  булттар  буыр- 

қанып,  бүлқан-талқан  болып  жатады  (Мүртаза). 

Заңгар  таудың  шатқалында  бірлі-жарым  уй  оты-

рып  қойшылар  қорықпаганда,  ауылдың  арасында 

елең-алаңда  бойын  бір  сөт  урей  билегеніне  Нүрпер- 

зент  ызаланды  (Сонда).

Қарсылықты  мағына  салалас  қүрмаласта  да 

болатыны  мәлім: Абзал оган урысқалы,  теңізге шы- 

гасың  деп  уркіткелі  келіп  еді,  енді  кеткенше  асық- 

ты  (Сараев).  Жуалыда  бәрі  бар,  тек  теңіз  жоқ 

(Мүртазаев).

Жалғаулықсыз  салалас  қарсылықты  сөйлем- 

дердің  жиі  кездесетіні  де  белгілі:  Айгулге  тиейін 



демейсің,  -  өзінен  (Сүндетов).  Будан  да  көп  ай- 

тар  еді,  -  ойын  шаіиыратып  алады  (Досжанов).

Қажет  болып  түрғандары  бірақ,  ал  жалғау- 

лықтары  екені даусыз  ойткені  қарсылықты  сала- 

ластарда  барынша  кәп жүмсалатыны да  осы  жал- 

ғаулықтар.

'Қарсылықты  сәйлемдер  салалас  болып  кел- 

генде де, сабақтас болып келгенде де, жай сойлем- 

мен  синонимдік  қатарға  түседі./

Қарсылықты салалас сәйлемдер:  Ол кешеменің 

көзіме  адамга  жақындыгы  жоқ,  жат  мінездеу 

көрініп  еді,  -  дәл  қазір  биязы,  ақ  жарқын  жігіт 

сияқтанып  көрінеді  (Иманжанов).  Рацияны  қай 

жерге  қойганын  Семен  Григорьевич  өзі  гана  біледі, 

басқа  ешкім  біімейді  (Қайсенов).

Қ арсы лы қты   салаласқа  синон и м дес  жай 

сөйлемдер:  Кеше  менің  көзіме  адамга  жақындыгы 

жоқ,  мінездеу  көрінген  ол  дәл  қазір  биязы,  ақ  жар- 

қын  жігіт  сияқтанып  көрінеді.  Рацияны  қай  жер- 

ге  қойганын  Семен  Григорьевичтен  басқа  ешкім 

білмейді.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем- 

дер:  Омір  бойы  колхозда  турып  келе  жатса  да, 

турі  колхозшы  сияқты  емес  (Мүратбеков).  Ден- 

саулыгы  нашарлыгына  қарамастан,  шылым  өзіне 

өте  зиян  екенін  біле  тура,  осындай  кейігенде, 

куйгенде  ол  амалсыз  папиросқа  жугіретін  (Иман- 

жанов).


Қарсы  бағыныңқылы  сабақтасқа  синоним- 

дес  жай  сөйлемдер:  Омір  бойы  колхозда  турып 



келе  жатқан  оның  турі  колхозшы  сияқты  емес. 

Денсаулыгы  нашар,  шылым  өте  зиянды  екенін 

білетін  ол  осындай  кейігенде,  куйгенде  амалсыз 

папиросқа  жугіретін.

Көріп отырғанымыздай, салаласты сабақтасқа, 

сабақтасты   салаласқа  ауыстыруға  болаты ны  

тәрізді,  салалас  қүрмалас  сойлемді  де,  сабақтас 

қүрмалас  сөйлемді  де  жай  сөйлемге  ауыстыруға 

м үм кіндік  мол.  М үндайда  жай  сөйлемдердің 

әздеріне  тән  ерекшеліктеріне  сай,  қүрмаластың 

қүрамындағы сыңарлар жымдасып, бірігіп, ыңғай- 

ына  қарай  жай  сөйлемнің  қүрамындағы  сөйлем 

мүшелеріне айналып  кетеді.  Бүл,  сөз жоқ, қүрма-





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1299   1300   1301   1302   1303   1304   1305   1306   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет