Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1300/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1296   1297   1298   1299   1300   1301   1302   1303   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
760

СИНТАКСИС

қозғалы стары   арқы лы   нақты л ы қты ,  дәлдікті 

анықтайды.  Сөйтіп,  бүл  сияқты  синонимдерден 

бір  соз  тіркесі  екінш і  сөз  тіркесінен  дәлділік, 

жалпылық  қасиеттерімен  ажыратылады.

Түске  (әсіресе,  алтын,  куміс  сөздеріне)  бай- 

ланысты  создердің  басыңқы  сөздермен  қабыса 

тіркесуі нәтижесінде салыстырмалық қатынастағы 

сөз тіркестері жасалады:  Сенде білім,  сенде қурыш, 

білек,  куш,  Маужыраган  нурын  қуйып  алтын  кеш 

(Жароков).  Желмен  ойнап  шулаган  қалың  көгал, 



куміс  толқынын  тынбай  тербеткен  шалқар  көл 

(Есенберлин).

Бүлардың,  әрине,  куміс  қасық,  алтын  сагат- 

тан  айырмашылығы  бірден  көзге  түседі.  Былай- 

ша  айтқанда,  берілген  жағдайда  басыңқыдағы 

сөздердің  сырт  белгісі,  түсі,  сырттай  сипаты  тек 

қана  үқсастықтан  туып  жатыр.  Дәл  осы  үқсас- 

ты қты   басқа  түлға  арқылы  да  беруге  болады. 

М үндай  алды мен  қолданы сқа  түсетін  түлға  - 



-дай/-дей,  -тай/-тей  жүрнақтары:  куміс  сақал  - 

кумістей  сақал;  куміс  толқын  -  кумістей  тол- 

қын.  С ондай-ақ  үқсастықтың  семантикалық  жа- 

ғын  тынататын  сөздер  де  аралас  жүмсалып  оты- 

рады:  куміс  толқын  -  куміске  уқсаган  толқын; 

алтын  кеш  -  алтын  тәрізді  кеш;  алтын  ай  -  ал- 

тын  сияқты  ай.

Б үларды ң   айы рм аш ы лы қтары   қолданы лу 

аясына  байланысты.  Осы  мысалдардың  бірінші 

нүсқалары  алтын  ай,  куміс  сақал  екінші  куміс 



сияқты  сақал,  үшінші  кумістей  сақал  нүсқаларға 

қарағанда,  азырақ жүмсалады да,  көбіне-көп әде- 

би-жазба тілдің нормасына сәйкес  келеді. Ал соң- 

ғылары  ауызекі  сөйлеу  тілінде  жиі  үшырасады. 

Сонысына  қарай  алдыңғыдан  көбірек  қолданы- 

лады.


С ө й тіп ,  есім ді  сөз  тіркестер і  саласы н д а 

синонимдік  қүбылыс  елеулі  қызметі  атқарады. 

Синонимдердің  басқа  түрлері  сияқты,  бүлар  да 

тілдің  байлығын,  оралымдылығын  арттыру  үшін 

жүмсалады.

Есімді сөз тіркестерінің табиғатына сай, қабы- 

са,  матаса байланысу түрлері жиі кездесетіндіктен, 

бүл  байланы су  түрлері  синонимдікте  де  жиі, 

жетекші рөлі атқарады. Демек,  байланысудың осы 

түрлері  арқылы  тіркескен  конструкциялардың 

синонимдік  қатарлары  жиі  байқалады.

6.3.  С Ө Й Л Е М Д Е Р Д ІҢ   С И Н О Н И М И Я С Ы

Сөйлемдердің  синонимдері  -  синтаксистік 

синонимдердің  ішіндегі  ең  көлемді  де  күрделі 

түрі.  Олай  болатыны  түсінікті  де:  сөз  тіркесімен 

салы сты рғанда,  сөйлемдердің  талай  түрлерге 

жіктелетіні  мәлім.  Мүмкіндігінше,  сол  түрлерді

түгел  қамту  бүл  бағыттағы  әңгіме  аясын  кеңіте 

түсер  еді.

Сөз  тіркесін   сөйлем м ен  си нөним   дейтін 

кейбір козқарастар дөлелді бөла бермейді.  Мүның 

өзі,  біздіңше,  төлық  көнструкцияны,  айталық, 

сөйлемді,  сөл  көнструкцияның  бөлшектерімен, 

айталық,  сөзбен тең деп  қарастыру  бөлып  шығар 

еді.  Рас,  кейбір  жағдайларда  сан  шамасы  шағын 

сөздерден  қүралған  сөйлемді  сәз тіркесінен  ажы- 

ратудың  қиындығы  кездесіп  те  қалады.  Әңгіме 

айтарлықтай  дау  туғыза  қөймайтын,  күмөнсыз 

сөз  тіркесі  мен  аш ық,  айқын  сөйлемге  тікелей 

қатысты  бөлмақ.

Ал  жай  сөйлем  мен  қүрм алас  сөйлем нің 

қ ары м -қ аты н асы н а  келетін  бөлсақ,  мүндағы 

принцип  басқаша.  Оның  мәнісі  мынада:  сәйлем 

жай  бөлсын,  қүрмалас  бөлсын  -  қай-қайсысы  да 

ж алп ы   сөйлем   атаулы ға  тә н   қаси еттер   м ен 

белгілерге  ие.  Демек,  сөйлемге  тән  белгіні  сөз 

тіркесінен  талагі  ету  дүрыс  бөлмайды,  ал  сөйлем 

атаулыға тән  белгіні жай  сөйлемнен де,  қүрмалас 

сөйлемнен де талап етуге төлық хақылымыз.  Бүл, 

әрине,  сөйлемнің  қай  түрінің  де  (жай  сөйлемнің 

де,  қүрмалас  сөйлемнің  де)  өз  ішінде  бөлсын, 

өзара  бөлсын  синөнимдік  қатар  жасайды  деген 

пікірге  табан  тіретеді.

Ж ай  сәйлем  мен  қүрмалас  сөйлемді  өзара 

синөним деп қарастырғанда,  бүларды қүрамы жа- 

ғынан  бөлгеннен  гөрі,  мағынасына  қарай  жіктеу 

өрынды. Сөйтіп, қарсы мәнді, себеп-салдар мәнді, 

ыңғайлас  мөнді  т.с.с.  сейлемдердің  синөнимдігін 

сөз  еткенде,  жай  сөйлем  де,  қүрмалас  сөйлем  де 

кірістіріліп  өтырады.

“ Қазақ  тілінің  стилистикасы”  өқулығының 

екінші басылымында (20) қүрмалас сөйлемнің са- 

бақтас және  салалас түрлерінің өзара синөнимдік 

қатарға  түсетіндігі  кәңілді  сендіре  сипатталады.

Сабақтас  қүрмалас  сөйлемдердің  өз  ішінде 

синөнимдік  қатар  жасайтыны  да  күмән  тудыр- 

майды.  Бірақ  дәл  өсы  мәселеде  өйланар  жай  да 

байқалады.  Айталық,  Бригадир  келгенде,  Жақып 



төсегінен  турып  жатыр  еді;  Бригадир  келген  кез- 

де,  Жақып  төсегінен  турып  жатыр  еді  немесе 

Бригадир  келсе,  Жақып  төсегінен  турып  жатыр 

еді  сөйлемдерінің  арасындағы  синөнимдік  қаты- 

насты  теріске  шығару  қиын  бөлар,  өйткені  өсы 

үш  сөйлемнің  үшеуінде  де  бір  мезгілдегі  өқиға 

әңгіме  бөлып  өтыр.  Былайша  айтқанда,  бағы- 

ныңқы  сыңардың  үшеуінде  де  іс-әрекеттің  дәл 

сөл  мезгілде  жүзеге  асып  жатқаны  білініп  түр. 

Ал  ө сы н д ай   с и н ө н и м д ік   қ а та р ға   Бригадир 

келісімен,  Жақып  төсегінен  турды  немесе  Брига- 

дир  келе  сала,  Жақыпты  төсегінен  тургызды  де- 

ген  сөйлемдерді  жатқызу  күдік  тудырады.  Олай 

болатыны  -  соңғы  сойлемдерді  алдыңғылардан 

озгешелейтін  мағына  бар.  М әселен,  Бригадир




келісімен...  деп  басталаты н  сөйлем де  қим ы л 

иелерінің (бригадирдің де,  Жақыптың да) тез, шап- 

шаң  орекеттері  аңғарылады,  демек,  Бригадир  кел- 

генде... деп салқын қанды баяндаудан ерекше Бри- 

гадир  келісімен...  дегенде  экспрессивтік  әсер  бар. 

Ал  Бригадир келе сала...  деп басталатын сөйлемнің 

де  ө з ін д ік   е р е к ш е л іг ін   б а й қ а у ғ а   болады : 

біріншіден,  бригадирдің  келісі  кездейсоқ  қүбы- 

лыс  емес,  саналы,  мақсатты  әрекет;  екіншіден, 

сол  к іс ін ің   өзі  -  Ж а қ ы п т ы ң   қ и м ы л ы н ы ң  

себепшісі.  Біздіңше,  мүндай  мағыналық  айыр- 

машылықтары  көрініп  түрған  сөйлемдерді  өзара 

синоним  деп  қараушылық  күмәнды.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1296   1297   1298   1299   1300   1301   1302   1303   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет