Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


ФОНЕТИКА қүрамы  түгенделеді, дыбыс  пен дыбыс  арасын-  дағы ортақ және айырым белгілердің басы ашы-  лады. Д ы бы старды ң ақиқат



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет13/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ФОНЕТИКА

қүрамы  түгенделеді, дыбыс  пен дыбыс  арасын- 

дағы ортақ және айырым белгілердің басы ашы- 

лады. Д ы бы старды ң ақиқат белгілерімен  қатар 

көмескі  белгілерінің түрлері  анықталады.  Осы- 

дан  барып  дыбыстардың  ортақ,  айыры м  және 

комескі  белгілерінің  жүйесі  ш ы ғады ,  ол  кесте 

арқылы  корсетіледі.

Қ азақ  тіліндегі  дыбыстардың  жасалу  жол- 

дары күрделі. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі 

бір араласымы  (комбинациясы)  арқылы жасала- 

ды.  Дыбыстардың  нақты  санын  аны қтау  үшін 

сөйлеу мүшелерінің қозғалысының әр түрлі ара- 

ласы мы н  есептеп  ш ы ғуға  тура  келеді.  Ды быс- 

тың  үйлесім  (ассимилятив)  және  үндесім  (син- 

гармонизм)  варианттарын тауып, оларды сипат- 

тап  ш ығу  үшін  одан  да  күрделі  талдау  жүргізу 

қажет. Ж әне де ф онетикалы қ талдау мен  фоно- 

логиялы қ  талдауды  өзара  араластырмау,  яғн и  

шатастырмау  керек.  Олардың  әрқайсы сы ны ң 

үғымдар  мен  атаулар жүйесі әр түрлі  болады.

. Ф онетикалық талдаудың  н әти ж есін д е  ды - 

быстың жасалым, айтылым және естілім сипаты 

анықталады. Ал фонологиялық талдаудың нэти- 

жесінде дыбыстардың  үндесім  (сингармонизм) 

сипаты  анықталады.

1.2.3. 

Сөйлеу  үстінде  қүлаққа  ш алына бер- 

мейтін дыбыс белгілері “шексіз” бола береді. Сол 

тілде  сойлеп  тұ р ға н   адам  д ы б ы сты ң   бүкіл 

түрленімін  аңғара  бермеуі  мүмкін.  Алайда  сөз 

табиғи естілу  үшін дыбыс түрленімінің  барлы- 

ғын сақтап  сөйлеу керек. Дыбыс түрленімін ту- 

дыратын себептердің қатарына дыбыстың сөз бен 

соз  тіркесіндегі  орны,  көрші  ды бы сты ң  әсері, 

логика-экспрессив үстемелер жэне әуен жатады.

Құлаққа шалына бермейтін көмескі вариант- 

тардың  негізгі  қызметі  -  сөздің  табиғи  үлгісін, 

яғн и  айтылымын сақтау. Дыбыстардың көмескі 

белгілері дыбыс пен дыбыс,  буын  мен буын,  сөз 

бен сөз, сөйлем мен сойлем арасындағы дәнекер 

байланыс үшін  керек.

Қазақ  тілді  сөйлерменге  (носителю  казах- 

ского языка)  үндесім  құбылысының орны ерек- 

ше.  Санасында  үндесім  моделі  тілі  ш ы ға  бірге 

қалы птасаты нды қтан,  ол  жеке  дыбыстардың 

үндесім  белгілерін  аңғара бермейді.  Себебі,  ол 

үшін  буын  мен сөздің  үндесім  моделі  маңызды, 

яғни  үндесім  варианттарын буын  не сөз деңгей- 

інде  ғана  аңғарады .  Ендеш е,  ды бы старды ң 

үндесім  варианттарын да комескі белгілер қата- 

рында қарастыруға болады.

С оны мен,  дыбыстардың  негізгі  (ақиқат) 

жасалымын да,  үстеме  (көмескі) жасалымын да 

қазақ тілінің жасалым  қоры ны ң  моделінен тап 

басып  көрсетіп  беруге болады.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет