Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1299/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1295   1296   1297   1298   1299   1300   1301   1302   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
және  жаз  киетін  тымақтарын  алып,  терлерін 

суртіп  отыр  (Сейфуллин).

Бүған  қарағанда,  жазгы  тымақтар деуге  бо- 

латыны  ш ы нды қ  қой ,  себебі  екі  жағдайда  да 

беретін мағыналары бір.  Осы ретпен ертеңгі ертең 



ішілетін  шай;  кузгі  дауыл  -  кузде  согатын  дауыл; 

тунгі  узіліс  -  тунде  болатын  узіліс  деген  сияқты 

синонимдер  тізбегін  әбден  жасауымызға  болады.

О с ы л а й ш а   қ а б ы с а   б а й л а н ы с қ а н   сөз 

тіркестерінің  екінші  бір  ыңғайда  матасу  арқылы 

жасалғанын  кездестіреміз:  Таң  салқынымен  қоз- 

галын,  кун  қыза  ...Қызылжар  мен  Омбы  арасын- 

дагы  “Горькая  линияга'’'’  іліккен  (Жүнісов).

Ана  тілімізде  сәйлеушілердің  кеш  салқыны- 



мен,  кун  батысымен,  қар  ерісімен,  куз  тусісімен 

т.с.с.  жүмсайтыны  белгілі.  Ал  мүндай  конструк- 

циялар  алдыңғы  айтылған  конструкциялармен 

синонимдік  қатарға  түседі:  таң  салқынымен  - 



таңгы  салқынмен  -  таңда  болатын  салқынмен; 

кун  шыгысымен  -  кун  шыга  т.с.с.

Шопан  отбасы  радиоқабылдагыштан  сенбілік 

концерт  тыңдан  отыр  (“Лениншіл  жас”).  Енде-


^ и ш л к с и и ік  К О Н С ТРУК Ц И Я Л А РД Ы Ң  С И Н О Н И М Д ІГІ

759

ше,  мүндай  конструкцияның  (сенбілік  концерт

да  тілімізде  болғаны.  Бүл  тағы  да  күн,  ай,  апта 

аттарымен,  әсіресе  тығыз  байланысты  келеді:  ай- 



лы қ   б а йқа у,  а п т алы қ  хабар .  М ү н д а й д ы ң  

синонимдері,  біздіңш е,  есімше  қаты сқан   сөз 

тіркестері болып келеді.  Ондай синонимдік қатар- 

ды,  шамамен,  мына  түрде  жасау  жөнді  көрінер 

еді:  сенбілік  концерт  -  сенбіде  беріліп  түратын 

концерт;  айлық  байқау  -  ай  бойы  жүргізілетін 

байқау;  апталық  хабар  -  аптасына  беріліп  түра- 

тын  хабар  т.с.с.

Тегінде,  есімді  сөз  тіркестерінің  мақсаттық 

қатынаста жүмсалуы - өте сирек қүбылыс.  Мүның 

өзі  кей  жағдайда  етістікті  сөз  тіркесінің  қасиетін 

есімді  соз  тіркесінің  оз  бойына  “сіңіру”  әдетінен 

бе  деп  топшылауға  да  болады.  М үның  бір  дәлелі

-  мақсаттық  мағына  беріп  түрған  сөзбен  байла- 

н ы сқ ан   есімді  созді  етістікке  айналды руды ң 

м үм кіндігінің  оңай  сезілетіндігі:  түсіну  үшін 

қажет  -  түсіну  үиіін  қажет  болып  табылады  - 

түсіну  үшін  қажет  болып  есептеледі  т.б.

Мүндай  қатынастың  есімді  сөз  тіркестерінде 

аз  кездесетініне  қарамастан,  олардың  арасында 

синонимдік қатынастың болатынын  аңғару қиын 

емес:  түсіну  үшін  қажет  -  түсінуге  қажет  - 

түсінерге  қажет.

Бүлардың  арасындағы  үқсастық  үғыныңқы 

болу  керек,  ал  айырмашылығына  келетін  болсақ, 

біздіңше,  ол  -  қай  стильге  жататындығынан  бай- 

қалады.  Айталық,  түсінуге  қажет тіркесі  кітаби- 

жазба  тілге  де,  ауызекі  сөйлеу  тіліне  де  қатысты 

қолданыла  береді.  Ал,  түсіну  үшін  қажет  тіркесі 

жалпыға түсінікті және  копшілік  қолдана  беретін 

әдеби  тіл  нормасы  болып  табылады  да,  түсінерге 

қажет  деген  конструкцияны  жекелеген  автор- 

лардың әдетіндегі қолданыс деп  қарауға негіз  бар 

сияқты.

С ебеп-салдарлы қ  қаты настағы   есімді  сөз 

тіркесте^інің жайы да мақсаттық қатынастағы сөз 

тіркестерінің  жайына  біршама  үқсайды.  Мүнда 

да,  ондағы  сияқты,  сирек  кездесушілік  аңғары- 

лады.  Қалай  болғанда да,  әдеби  тілде  пайдаланы- 

лып  отыратыны  шындық:  Сорлы  қазақ  сол  үшін, 

Алты  бақан,  ала  ауыз  (Абай).  Жиырма-отыз  адам 

үшін  бүтін  бір  басқарма,  аппарат,  ондаган  бас- 

тық,  маман  инженер-геологтар  үстаудың  қажеті 

болмас  еді  (Қабдолов).

Сырттай қарағавда,  бағыныңқы сыңарлардың 

түлғалық  жағынан  бірдей  болып  келетіндігінен 

бе екен, мақсаттық қатынастағы есімді соз тіркесін 

себеп-салдарлық қатынастағы есімді сөз тіркесімен 

шатастыруға болатын түрі бар. Алайда оларды бір- 

бірінен ажыратудың мәні зор.  Бүл -  соз тіркесінің 

мазмүнынан  танылады.  Оған  қоса,  мақсат  пен 

себеп-салдарлық  үғымдардың  әрқайсысын таны-

тарлық  сүрақ  қойылатыны  белгілі.  Айталық,  сол 



алтыбақан,  ала  ауыз  болудың  себебі.  Д емек, 

мүвдай  жағдайда  таза  себеп  айқын  болып  түр. 

Ал  жиырма-отыз  адамның  болуы  маман  инже- 

нер-геологтарды  үстаудың  мақсаты  ма,  себебі  ме

-  бүл  ретте  мәселенің  сыры  алдыңғыдай  аны қ 

бола бермейді.  Әрине, автордың баяндауына қара- 

ғавда,  әлгі  адам  санын  азырқану  ыңғайы  сыңай 

береді.  Солай  болғанда  да,  -  ол  мақсаттың  аз- 

дығы  ма,  себептің  аздығы  ма?  Былайша  айтқан- 

да,  бола  шылауының  ушш-нің  орнына  жүмсала- 

ты н   ж ай ы   б ар.  Б ізд ің ш е ,  бүл  -  с е б е п т ің  

жетімсіздігін  байқатады.

Тілімізде  салыстырмалық қатынастағы есімді 

соз тіркестері онімді қолданылады.  Көп кездесуіне 

қарай  бағыныңқы  сыңар  қызметівдегі  сөздердің 

түлғалары  әр  түрлі  болып  келеді.  Сөйлеу  мен 

жазу  ыңғайывда  барынша  коп  жүмсалатыны  - 

бағы ны ңқы   сыңардағы  -дай/-дей,  -т ай/-т ей 

түлғалы  сәздер:  Жасыл  шоп,  бәйшешек  жоқ  бүрын- 

гыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай (Абай). 

Көктемдей  сүлу  балашақ,  Жаяды  қүшақ  алдыңнан 

(Зүлфия).

Бүл  тәріздес  конструкциялардың  екі  түрлі 

мақсатта  қолданылатынын  айтуға  тура  келеді. 

Біріншіден,  белгілі  бір  зат  не  қүбылысты  екінші 

совдай зат не қүбылыстың белгісін, сынын көрсе- 

ту  үшін  анық  атап  көрсетеді.  Контекстен  қавдай 

белгі  немесе  түгелдей  зат  сөз  болып  отырғаны 

түсінікті  болып  түрғавда,  салыстырмалы  мағы- 

надағы  сөзбен  ш ектелу  де  тиімді.  С оны м ен, 

мүвдай конструкцияның қолданысывдағы екінші 

қырды аңғаруға болады.  Сондықтан да Абай бүрынгы 



бәйшешектей  бәйшешек,  бүрынгы  шөптей  шөп де- 

ген  созылыңқы  тіркестерді  қолданбай,  м әтін- 

дегіше  бір-ақ  рет  атап  қолданудың  жинақылы- 

ғын  жете  түсінген.

Қ о л д а н ы с т а ғ ы   ш ү б а л а ң қ ы л ы қ   м ү н д а й  

тіркестерде  есімше  қатынасқанда  да  кездеседі: 



Әубәкір сыртына қарага боялган қой терісінен орыс- 

ша тіккен тон киіп келді (Мүқанов).  Ортада орыс- 

іиа  жасаган  стол  маңында  отырган  кілең  әйелдер 

бастарын  котерді  (Жүнісов).

Орысша  білім,  орысша  түсінік,  орысша  кітап 

деген  тәрізді,  орысша  тон,  орысша  стол  деуге  де 

мүмківдік  баршылық.  Алайда  есімшенің  қаты- 

суы  кей  реттерде  белгілі  стилистикалық  қызмет 

атқары п   түрады.  Бірінш і  мысал  ж ағдайы нда 

тіккен созі қажет, ойткені сол сөйлемнің ішівдегі 

оған  дейінгі  сөздердің  (қой  терісінен)  байланы- 

сынан  туындайды.  Екінші  мысалға  келетін  бол- 

сақ,  мүндайда  жасаган  сөзі  етістік  болуы  арқы- 

лы  сол  заттың  (столдың)  істелгенін  білдіреді.  Басқа 

ыңғайда  ондай  затты ң  киілгенін,  төгілгенін, 



үйілгенін,  қүлаганын,  қойылганын  т.с.с.  қимыл-



жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1295   1296   1297   1298   1299   1300   1301   1302   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет